Тақырыбы: Өнерлі қыз, өнегелі ана.
Мақсаты:
Безендірілуі: Зал іші наурыз мерекесіне орай безендірілген. Көктемдік
гүлдер, шарлар және тақырытптық слайд.
1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, аналар, мектеп оқушылары және қонақтар. Сіздерді алда келе жатқан 22 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
2-жүргізуші: Бүгін мерекеге орай мектебімізде өткізгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты байқауға қош келдіңііздер. Бұл сайыста қыздар мен аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
1-жүргізуші: Ендеше байқауымызға қатысушы аруларымызды ортаға шақырайық.
1.1-жұп: 7"А" сынып оқушысы Үсенова Аружан және анасы Тағай Айгуль Абильдаевна
2.2-жұп: 7 "Ә" сынып оқушысы
3.3-жұп: 7 "Б" сынып оқушысы Кабибуллова Аяулым мен анасы Ахметова Карлығаш Темирболатовна
4.4-жұп: 7"Г" сынып оқушысы
5.5-жұп: 8"А" сынып оқушысы
6.6-жұп: 8"Ә" сынып оқушысы
7.7-жұп: 8"Б" сынып оқушысы
2-жүргізуші: Алдымен ару, сайысқа қатысушыларымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып алайық.
1) Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Балабекова Жадыра Ботағалиқызы
2) Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қашаулиева Гүлмира Көкталқызы
3) Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Махмет Дариға
4)
1-жүргізуші: Енді көрермендерге байқауымыздың шарттарын таныстырып өтейік. Байқау 6 бөлімнен тұрады.
1.«Таныстыру » / жұптық таныстыру / 1мин
2. «Білгенге маржан » /сұрақ-жауап/ 1мин
3. «Өнерлі өрге жүзер» /өнер көрсету/ 3мин
4. «Сәнді шаш үлгісі» 5 мин
5. «Дефиле» /сән шеруі / 3мин
6. «Шебер қолдар» /жеміс-жидектер мәзірі/ 5 мин
1-жүргізуші: Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Танысып көріңіздер өзгеше, - дей келе байқауымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» бөліміне кезек береміз.
2-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы «Таныстыру» бөлімі бойынша өз бағаларыңызды беріңіздер.
1-жүргізуші: Көзінің оттарын ұғындырып,
Көрсетер көп ізденген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік.
Байқаудың екінші кезеңі «Білгенге маржан» деп аталады. Байқаудың шарты бойынша наурыз мерекесіне байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
2-жүргізуші: Енді аруларымыздың бұл сында қаншалықты шымыр болғанын білсек, қазылар алқасы сіздердің берген ұпайларыңызға тоқталып өтейік.
1-жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Сынға түскен енді қазір аруларымыз,
Өнерлерін көрсетеді сіздерге.
Келесі бөлім 3-бөлім «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салып сынға түседі.
2-жүргізуші:
1-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
Келесі бөлім « Сұлулық сыры» деп аталады.Бұл бөлім бойынша аналарымыз қыздарының шаштарын сәндеп беруі керек.
2-жүргізуші:Аруларымыз дайын болғанша музыкалық сәлемдеме сынып оқушысы орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Байқаудың келесі шарты «Шебер қолдар» деп аталады.