СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Операциялық жүйелердің (ОЖ) қызметі мен түсінігі. Операциялық жүйелердің жіктелуі"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Операциялық жүйелердің (ОЖ) қызметі мен түсінігі. Операциялық жүйелердің жіктелуі"»

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК


5 Сабақ жоспары


Операциялық жүйелердің (ОЖ) қызметі мен түсінігі. Операциялық жүйелердің жіктелуі.

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: «Экономикалық информатика және ақпараттық технлогиялар».

Дайындаған педагог: Аникенова Назерке Нурлановна

2021 жылғы «15» қыркүйек

  1. Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ:

I, 2021-2022 оқу жылы, 21EA-XI-1

Сабақ типі

дәріс

  1. Мақсаты, міндеттер

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

  • Операциялық жүйе

  • Операциялық жүйелерді жіктеу.

  1. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е.Қ 7-12 бет

Техникалық құралдар, материалдар

Дәріс, Презнтация, Дербес компьютер.

  1. Сабақтың барысы

4.1.

Ұйымдастыру

  1. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Оқушылармен амандасу

  3. Оқушыларды түгендеу

  4. Сабақтың мақсатымен таныстыру

4.2.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Енгізу-шығару құрылғыларын атаңыз.

  2. Есептеуіш машиналар неше топқа бөлінеді және оларды ата?

  3. Дербес компьютерлер не үшін арналған?

4.3.

Жаңа сабақ

Курс тақырыбы: Дербес компьютердің құрылысы.

Сабақ тақырыбы: Операциялық жүйелердің (ОЖ) қызметі мен түсінігі. Операциялық жүйелердің жіктелуі.

4.4

Жаңа сабақты бекіту

  1. ОЖ деген не?

  2. ОЖ негізгі функциясын атаңыз.

4.5.

Студенттерді бағалау.

  1. Сабақ бойынша рефлексия

Келесі сөздер арқылы сабаққа деген көзқарас:

белсенді / немғұрайлы

көңілім толды / толмады

ұзақ / қысқа немесе тез

шаршамадым / шаршадым

жақсарды / төмендеді

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

қызықты / қызықсыз

  1. Үй тапсырмасы

Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е.Қ 7-12 бет




Пән: «Экономикалық информатика және ақпараттық технлогиялар».

Сабақ тақырыбы: Операциялық жүйелердің (ОЖ) қызметі мен түсінігі. Операциялық жүйелердің жіктелуі.

  1. Операциялық жүйе

  2. Операциялық жүйелерді жіктеу.


  1. Операциялық жүйе

Операциялық жүйе (ОЖ) – есептеу жүйесінің  барлық ресурстарын неғұрлым  нәтижелі қолданылуына және онымен жұмыс істеу ылғайлылығына бағытталған жүйелік және басқару бағдарламаларының жиыны. Ресурс түсінігіне ЭЕМ-нің кез-келген логикалық немесе физикалық компоненті және оның ұсынатын мүмкіндіктері алынады. Негізгі ресурстарға процессорлық уақыт, жад және басу-шығару құрылғылары жатады.

ОЖ басты  міндеті ресурстарды басқару, ал басты ресурстары компьютер аппаратурасы  басқарады:

  • процессор

  • жады

  • енгізу-шығару  құрылғылары

Операциялық жүйе – келесі амалдарды орындайтын бағдарламалар жиынтығы:

1. компьютер мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жүргізу;

2. мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;

3. Компьютердің барлық аппараттық құралдарының жұмысымен келісілген ресурстарды басқару;

4. үрдістерді басқару, яғни бағдарламаларды орындау, олардың компьютер құрылғысымен, деректермен өзара әрекеттесуін орындау;

5. нақты қарапайым командаларды – ақпаратты өңдейтін операцияларды орындау;

6. орындау үшін бағдарламаны іске қосу;

7. басқа құрылғылар жұмысын бағдарламалық қолдау.

Қарапайым жағдайда ОЖ келесі негізгі компоненттерден тұрады:

  • Енгізу/шығаруды басқару бағдарламасынан;

  • Файлдық жүйені басқарушы және компьютерге арналған тапсырманы жоспарлаушы бағдарламадан;

  • командалық тіл процессорынан, ол операциялық жұйеге бағытталған командаларды қабылдайды, талдайды және орындайды.

Әрбір операциялық жүйенің командалық тілі болады, қолданушыға:

  • каталогқа жету;

  • сыртқы тасушыларды белгілеуді орындау;

  • бағдарламаны іске қосу;

  • және тағы басқа әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді:

Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функциясы:

  1. Команда  мен тапсырманы қабылдау, оларды  өңдеу;

  2. Басқа программаларды тоқтату, программалық сұранысты орындауға жіберу  және қабылдау;

  3. Программа орындауына тиесіліні жедел жадқа жүктеу;

  4. Программа  идентификациясы және берілгендер;

  5. МББЖ және  ФЖБ (файлдық жүйені басқару)  жұмысын қамтамасыз ету;

  6. Мультипрограммалау  режимін қамтамасыз ету (бір процессорда бірнеше программаның  орындалу көрнектілігін құру).

  7. Енгізу-шығару  операциясын басқару.

  8. Виртуалды  жадты ұйымдастыру және жадыны  бөлу.

  9. Жоспарлау  және диспечерлеу (диспетчеризация)  есебін сәйкесінше берілген тәртіпте қамтамасыз ету.

  10. Есептеу  жүйесінің ішнара тосқауылдануынан  кейін қайта қалпына келтіру қызметін  көрсету.

  1. Операциялық жүйелерді жіктеу.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, операциялық жүйелер:

  1. бірміндетті және көпміндетті қатар атқаратын

  2. бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын

бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (екеуі бірге) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін.

Бірміндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режімде мәтіндер редакторын, ал фондық режімде көмекші басу программасын іске қосуға болады.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді

Бұл програмамлар бір- біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.

Бірміндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуаты аз компьютерлерде жұмыс істей береді, жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп ығыстырылуда.

Бір адам ғана пайдаланып операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді

Әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі және сипаты мыналар:

1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады

Бұл- операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows-тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы программаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару- мұның барлығын Windows-тан шығарып алуға және операция аяқталғаннан кейін Windows-қа кері қайтуға болады.

2. Windows графикалық жүйе болып табылады

MS DOS-тағыдай, пайдаланушыға командаларды мәтіндік жолдар түрінде пернетақтадан енгізудің қажеті жоқ. Тек экранға мұқият қарап, ұсынылған жиыннан маусты пайдаланып, оны қажет командаға орналастырып немесе сәйкес батырманы шертіп қажетті батырманы таңдау қажет.

Windows жүйесімен UNIX типті операциялық жүйелер бәсекелесе алады.

UNIX- бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті бірнеше адам пайдалана алатын ОЖ





Оқытушы Аникенова Н.Н.