СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Ұлттық бас киімді әшекейлейміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Ұлттық бас киімді әшекейлейміз

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Ұлттық бас киімді әшекейлейміз»

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.02.19

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: Мамандықтардың бәрі жақсы

Тақырыбы: Ұлттық бас киімді әшекейлейміз

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыра білуге дағдыларын,

көз мөлшерін дамыту;

3.Оқыту: Ұлттық бас киімдерді ажырата білуге үйрету;

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: ұлттық бас киімдердің суреті

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Ұлттық бас киімдерді балаларға көрсету және олармен толығырақ танысу.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Ұлттық бас киім- асқан ұқыптылықпен, зерлі тігіспен басқа жа әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шумақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған.

Бөрі- аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жңіл етіп тігіледі. Қысқы бөрік астарына жүн, мақта сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады. Бұлардың бәрін тігіп, өндейтін- тігінші.

2. Ойлан тап, не артық?

Ойын шарты: балалар көрсетілген суреттер ішінен артық затты тауып, неліктен артық деп санайтындығын түсіндіруі керек.

3. Үлгі көрсету

Балалардың сендердің алдарында ұлттық бас киімдер берілген. Көріп тұрғандарындай олар әшекейленбеген. Оларды біз әшекейлеп көрейік. Ол үшін қылқаламды алып моншақ, ою- өрнек салайық. Қылқаламды әдеттегідей үш саусақпен ұстап. Қалаған түсімізді алып сурет салуды бастамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

4.Саусақ жаттығуы

Саны болар оншақты,

Шашып алдым моншақты.

Шымшып, теріп аламын,

Қорабына саламын.

5.Сурет салу барысы

Ұлттық бас киімдерді әшекейлеуді бастайық. Қылқаламды үш саусақпен ұстап моншақ, ою- өрнек саламыз. Қиын тиген балалар менен көмек сұрасандар болады.


ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар бүгін біз ненің сурет салдық?

Осы киідерді тігіп, ондеушіні не деп атаймыз?

Енді осы ұлттық бас киімдерден көрме ұйымдастарайық.