СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өтініш, сенімхат

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары:

  • Өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит карточкасы, өтініш, арыз, мінездеме, жеделхат.

 Өтініш( кейде шағым). Өтініш – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.

Өтініштің құрылымы:

– Адресат;

– Құжаттың аты;

– Мәтін;

– Күннің жады;

– Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.

Өтініштің түрлері:

1)Жұмысқа қабылдау туралы (о принятии на работу)

2)Жұмыстан босату туралы (об увольнении с работы)

3)Басқа қызметке ауысу (о переводе на другую должность)

4)Демалыс алу туралы (отпуск)

Сөздікпен жұмыс:

  • Өтініш –заявление
  • Жұмыс – работа
  • Құжат – документ
  • Жұмыстан босату – уволить с работы
  • Демалыс – отпуск

Жалғау және Есімдік

  • Жіктік жалғау:
  • -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін.
  • Жіктеу есімдіктері:
  • мен, сен, сіз, ол.

Просмотр содержимого документа
«Өтініш, сенімхат»

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өтініш, сенімхат

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ресми іс қағаздар стилі, оның ішінде  жеке  адам  өміріне  қатысты  іс қағаздарының  түрлері,  оның  тілдік,  құрылымдық  ерекшеліктері    туралы  түсінік  бере отырып, өтініш құрылымы туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;  Шығармашылық, сауаттылық және іскерлік қабілеттерін дамыту.   Құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: іс жүргізу,  қазақ тілі, тарих, информатика.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, құжат үлгілері, кестелер, интербелсенді  тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру және  олардың назарын сабаққа аудару.

Көніл-күйлерін тексеру мақсатында өздерінің көңіл-күйін бір сөзбен ақ параққа жазып, тақтаға іліп қояды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Хаттама дегеніміз не?

  2. Хаттама жазу құрылымы

  3. Құжат дегеніміз не?

  4. Ресми құжаттар олардың түрлері

  5. Стильдің түрлерін атаңыз.

 ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. 

Сабақтың жоспары:

  1. Тарихи жаңалық

  2. Жеке адамға қатысты құжаттармен танысу.

3.Өтініш түрін үлгі бойынша жазу.

  1. Тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

І тарихи жаңалық

ХVІІІ ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі

  • Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының патшаға және орыс әкімшілік органдарына жазған хаттары жатады.

  • Іс қағаздар атаулары: ғарыз, ғарызнаме, ғарызхал.

  • Бір жағдайды хабарлау, оқиғаны баяндау, бір нәрсені білдірту үшін жазылған іс қағаздары: ағламнаме, ғарзенаме.

  • Ең көп қолданылған сөздер: хан, ханзада, қара, ақсүйек, құл, күң, байғұс, жамағат, халық, ел сөздері көп қолданылған

ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілінің ерекшелігі.

  • Оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер-білім салалары жаңдана түсті;

  • Қазақ газеті”, “Айқап” журналы, “Садақ” журналы қазақтың жазба әдеби тілін, оның стильдік тармақтарын әрі қарай дамытуға орасан зор қызмет атқарады.

  • Фонетикалық өзгерістері:

  • Ғақыл – ақыл

  • Ғақылдасу – ақылдасу

  • Хәзірлеу – әзірлеу

  • Дұрст – дұрыс

  • Ғайып – айып

  • Ғөнер – өнер

  • Хәр – әр

  • Достқа – досқа

ІІ Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары:

  • Өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит карточкасы, өтініш, арыз, мінездеме, жеделхат.

 Өтініш( кейде шағым). Өтініш – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.

Өтініштің құрылымы:

– Адресат;

– Құжаттың аты;

– Мәтін;

– Күннің жады;

– Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.

Өтініштің түрлері:

1)Жұмысқа қабылдау туралы (о принятии на работу)

2)Жұмыстан босату туралы (об увольнении с работы)

3)Басқа қызметке ауысу (о переводе на другую должность)

4)Демалыс алу туралы (отпуск)

Сөздікпен жұмыс:

  • Өтініш –заявление

  • Жұмыс – работа

  • Құжат – документ

  • Жұмыстан босату – уволить с работы

  • Демалыс – отпуск

Жалғау және Есімдік

  • Жіктік жалғау:

  • -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін.

  • Жіктеу есімдіктері:

  • мен, сен, сіз, ол.

Қолданылатын септіктер:

  • Барыс септік:                     Шығыс септік:

  • -ға/-ге, -қа/-ке.           -дан\-ден, -тан\

-тен, -нан\-нен

Қарату формалары (формы обращения)

  • Директор, ханым, мырза, төраға, төрайым.

Етістік минимумы:    
өтінемін /сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, босату, ауысу, пайдалану, бөлу.

 ІІІ Өтініш үлісі

Уәлиханов ауыл шаруашылық

колледжінің директоры

Сайран Кенжетайұлы Ташкинге

фермер шаруашылығы бөлімінің 2-курс

студенті А.М. Оспановадан

Өтініш

 Мені денсаулығыма байланысты фермер шаруашылығы күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.

27.06.2013 ж.                                                                             қолы

/қолы
VІ Тапсырмалармен жұмыс:

  1. Өтініштегі сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыз:

1 қатар.

2016 жылдың / бастап / 10 қарашасынан / отбасы / байланысты / жағдайына / 1 апта / тыс / кезектен / демалыс / еңбек / сұраймын / беруіңізді.

2 қатар.

Қабылдауыңызды / мені / осы жылғы / сұраймын / жбас маман / 15 шілдеден / қызметіне / бастап / ретінде.

3 қатар.

Менің / Арыстанов Азаматты/ балам / сізден / қабылдауыңызды / 5 – сыныпқа / сұраймын. 

Өтініш сөзін тәуелдеп шығыңыз.

 Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

М.Жұмабаев  атында…

қазақ  ұлттық университеті…

ректоры проф. Е.Б. Сыдықов…

Сәбитов Айдар Мақсұтұлы…,

мекен-жайы:

Астана қ., Мирзоян к-сі, 27/1-15

тел. 37-46-89, 87015632569

Өтініш

 Сіз… мені 2012 жыл… 20 ақпанынан бастап «Филология» кафедрасы… 0,5 ставкадағы аға оқытушысы лауазымына қабылдауыңыз… сұраймын.

20.02.2012 ж.                   /қолы

 Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.

1 қатар.

Материалдық көмек сұрау туралы.

2 қатар.

Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау туралы

3 қатар.

Жұмысқа қабылдау туралы

 Қорытынды:

СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс - әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіге рәсімделеді.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.
Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты - жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Сенімхат
2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы
Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен - жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:
- менің атымнан өтініш жазуға;
- анықтамалар мен құжаттар алуға;
- менің орныма қол қоюға;
- мұрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.
Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.

01. 12. 2003
С. Маметовтың қолын растаймын
• Өтініштің құрылымын атаңыз?
• Өтініштің түрлерін атаңыз?

  • Компьютерге отырып, берілген тапсырманы орындаңыз.

 Бағалау:

Сабақтан алған әсері.

Үй тапсырмасы:

  1. Жоғары оқу орындары туралы мәлімет алып, сол жоғары оқу орын директорына оқуға қабылдау жөнінде өтініш жазындар.

  2. Өтініш үлгісі А4 ақ параққа жазылуы тиіс.