СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін - өзі тану 3 сынып ашық сабақ "Өнерлі бала сүйкімді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өнерлі бала сүйкімді" 

Мұғалім сыйы: https://www.youtube.com/watch?v=WCUUT4oHAlI&t=51s

Сергіту сәті: https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Топпен ән айту: https://www.youtube.com/watch?v=pmNvD-eXOa4

Просмотр содержимого документа
«Өнерлі бала сүйкімді»

«№16 орта мектебі» КММ Өтілетін күні:07.02.2018ж

Өтілетін пәні: Өзін-өзі тану

Өтілетін сыныбы: 3 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Сіләмова Әйгерім Ерланқызы

Сынып: 3 «Ә»

Сабақтың мақсаты: Сабақ мақсаты:. Балаларға сүйіспеншілік құндылықтарын арттырып, өнердің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

өнердегі адам өмірінің маңыздылығын түсіндіру;

- өнерге қызығушылықтарын арттыру;

- балаларды сүйіспеншілікке, мейірімке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, слайдтар, интернет материалдары.

Сабақтың барысы.


І.Ұйымдастыру кезеңі. (4 мин)

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

«ҚИЯЛДАҒЫ ӘЛЕМ»

Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар.

Үш терең дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ...

Сіздердің қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр. Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз демалуда...

Көз алдарыңызға, әрқайсысыңыз үлкен жасыл ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Сізге керемет бір түс кіріп жатыр. Әрқасысыңыз өзіңізді 10 жылдан кейін көріп жатыр...

Назар аударыңыз, сіздердің 10 жылдан кейін сырт келбетіңіз қандай...

Қай жерде тұрасыз...

Не істеп жатырсыз...

Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар?

Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз. Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы көреміз...» дейді.

Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.

(15- 20 секунд пауза)

Енді сіз біздің, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз...

Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз- өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір – екі – үш...

Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер. Қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер? Қасыңызда кімдер бар? Осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?

Көрген түсіңізге ризасыз ба?

Ең қатты не ұнады?











Оқушылардың қандай сезімде, көніл күйде болғанын сұрау.



ІІ. Үй тапсырмасы: (2 мин)

Қанекей балалар! Оқушы дәптерінде «Өнерлі бала сүйкімді» тақырыбындағы 2010 жылғы дәптерде 25 бет, ал 2014 жылғы дәптерде 38 беттегі ребусты кім шешіп келді. Маған топ басшылары шешулерін көрсетіп қалған топ мүшелерін өздері тексеріп өтеді.


Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді».


ІІІ.Дәйексөз (2 мин)

Адамның сәніөнер, білім, ақылы.

Халық мақалы


Мұғалім сөзі:

- Адам өнер, білім, ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді, ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады. Өнерлі болу адам баласына тән. Талпыну, талаптану әркімді өнерлі етеді. Ол үшін талмай еңбектену, іздену қажет. Кез келген адамның қолынан қандай іс келсе сол адамды өнерлі және оның қолы алтын деп атайды. Сондықтан

да халықта «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» деп бекер айтылмайды.


ІV. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы (9 мин)

«Өнер» мультфильмі интерактивті тақтаға назар аударыңыздар!


  1. Сұрақтар: 
    Әкесі ұлына неге ақша берді?

  2. Баласы қандай өнер түрлерін үйренді?

  3. Бала өнерлерінің арқасында неден құтылды?

  4. Өздерің өнердің қандай түрін ұнатасыңдар?

Сергіту сәті: «Өнер» (1 мин)

«Көңілді күн»


V.Шығармашылық жұмыс (18 мин)

I топ. «Әншілер» ән айтады.

II топ. «Суретшілер» сурет салады.

III топ. «Ақындар» өлең шығарады.

IV топ. «Бишілер» би билейді.

Қорытындылау:

Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылын ұқсатып, өнерін біліміне, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп атаймыз.


Оқушылар жауаптары








VI.Топпен ән айту. (2 мин)

1. Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

қ – сы: Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет


Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

қ – сы: Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет


VII.Үйге тапсырма.(1мин)

Ақыл туралы 10 мақал жазып келу.


VIII.Тыныштық сәті. (2 мин)

- Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. Сабақтан үйренген барлық жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге сақтап аламыз. Жаймен көзімізді ашамыз.







Просмотр содержимого презентации
«Өнерлі бала сүйкімді»

“ Өнерлі бала сүйкімді”

Өнерлі бала сүйкімді”

Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу  Міндеттері:  -өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.  -өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;  - өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу Міндеттері: -өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. -өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру; - өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті

Үй тапсырмасы:  Оқушы дәптерінде 2010 жыл 25 беттегі, 2014 жыл 38 беттегі ребусты шешу.  Реті 1. Өлеңдері Тақырыбы 2. «Жаз» Жаз мезгілі  «Қыс» 3. Идеясы Жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше түрлі қызықты құбылыстар, бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігін суреттеу   Қыс мезгілі  «Күз» 4. «Жазғытұры» 5. «Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай» Табиғат қозғалыс әрекеттегі күйде алынады. Жан бітіре суреттейді. Күз мезгіліне арналған «Желсіз түнде жарық ай» Көктем мезгілі Көшпелі елдің жүдеу тіршілігі. Табиғат туралы Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады. Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Үй тапсырмасы:

Оқушы дәптерінде 2010 жыл 25 беттегі,

2014 жыл 38 беттегі ребусты шешу.

Реті

1.

Өлеңдері

Тақырыбы

2.

«Жаз»

Жаз мезгілі

«Қыс»

3.

Идеясы

Жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше түрлі қызықты құбылыстар, бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігін суреттеу

 

Қыс мезгілі

«Күз»

4.

«Жазғытұры»

5.

«Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай»

Табиғат қозғалыс әрекеттегі күйде алынады. Жан бітіре суреттейді.

Күз мезгіліне арналған

«Желсіз түнде жарық ай»

Көктем мезгілі

Көшпелі елдің жүдеу тіршілігі.

Табиғат туралы

Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.

Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Дәйексөз    «Адамның сәні-өнер, білім, ақылы»   Жетес шешен

Дәйексөз

«Адамның сәні-өнер, білім, ақылы»

Жетес шешен

Мұғалім сыйы  «Өнер» мультфильм

Мұғалім сыйы

«Өнер» мультфильм

Әкесі ұлына неге ақша берді? Баласы қандай өнер түрлерін үйренді? Бала өнерлерінің арқасында неден құтылды? Өздерің өнердің қандай түрін ұнатасыңдар?
  • Әкесі ұлына неге ақша берді?
  • Баласы қандай өнер түрлерін үйренді?
  • Бала өнерлерінің арқасында неден құтылды?
  • Өздерің өнердің қандай түрін ұнатасыңдар?

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс   1 топ – “Әншілер” 2 топ - “Ақындар” 3 топ – “Бишілер” 4 топ – “Суретшілер”

Шығармашылық жұмыс

1 топ – “Әншілер”

2 топ - “Ақындар”

3 топ – “Бишілер”

4 топ – “Суретшілер”

Топпен ән айту “ Айгөлек” әніорындалады . Реті 1. Өлеңдері 2. Тақырыбы «Жаз» Жаз мезгілі  «Қыс» Идеясы 3. Жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше түрлі қызықты құбылыстар, бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігін суреттеу 4.  «Күз» Қыс мезгілі   Күз мезгіліне арналған «Жазғытұры» 5. Табиғат қозғалыс әрекеттегі күйде алынады. Жан бітіре суреттейді. «Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай» Көшпелі елдің жүдеу тіршілігі. Көктем мезгілі «Желсіз түнде жарық ай» Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады. Табиғат туралы Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Топпен ән айту

Айгөлек” әніорындалады .

Реті

1.

Өлеңдері

2.

Тақырыбы

«Жаз»

Жаз мезгілі

«Қыс»

Идеясы

3.

Жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше түрлі қызықты құбылыстар, бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігін суреттеу

4.

«Күз»

Қыс мезгілі

 

Күз мезгіліне арналған

«Жазғытұры»

5.

Табиғат қозғалыс әрекеттегі күйде алынады. Жан бітіре суреттейді.

«Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай»

Көшпелі елдің жүдеу тіршілігі.

Көктем мезгілі

«Желсіз түнде жарық ай»

Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.

Табиғат туралы

Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Үйге тапсырма :   Ақыл туралы 10 мақал жазып келу

Үйге тапсырма :

Ақыл туралы 10 мақал жазып келу