Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:(мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру кезеңі (5 минут) 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу 2. Топқа бөлу. 1-қадам. Кім шапшаң? (Сұрақ-жауап) «Миға шабуыл» 1. Лалагүлділер тұқымдасы қандай класқа жатады? Даражарнақтылар класы 2. Жер шарында лалагүлділер тұқымдасының неше түрі бар? 1300 түрі 3. Лалагүлділер тұқымдасы қалай тозаңданады? Бунақденелілер арқылы 4. Лалагүлділер тұқымдасының жемісі қандай? қауашақ немесе жидек 5. Лалагүлділер тұқымдасына жататын техникалық қандай өсімдік? Шырыш өсімдігі 6. Қазақстанда қанша лалагүлділер тұқымдасы кездеседі? 57 түрі 7. Қазақстанда лапыздың неше түрі кездеседі? 2 түрі сары лапыз және Кессельринг Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады. Өседі ол жерге, Тығып алып басты. Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Бұл не? Пияз туыстастар - даражарнақты өсімдіктер. Бұлар пиязшықты, кейде түйнекпиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Гүлдері - ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, үлгін және қанқызыл түсті. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі- қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650- ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110- ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар – азықтық, малзықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер. Сарымсақ - пияз туысты, көпжылдық өсімдік. Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан - «тілшелерден» құралады. Сарымсақтың пиязшығы және тілшелері жұқа құрғақ қабықшамен қапталады. Сарымсақ - тағамдық, көкөністік өсімдік, құрамында С дәрумені бар. Пияз (Allіum cepa) — жуа туысының ең көп тараған түрі.Шыққан жері — Орталық Азия және Ауғанстан. Пияз өсіріп алынатын бадана тегіс, ұзын немесе домалақ пішінде болады. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де, жамылғыға айналады. Басты пияз - екіжылдық дақыл, көкөніс дақылдарының ішіндегі маңыздыларының бірі. Диаметрі 15 сантиметрге дейін жететін қабыршақты пиязшығы болады. Пиязшықтың сыртын құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті қабық қаптайды. Пияз өсіру бүкіл ғаламшарда кеңінен қолға алынған. Дүние жүзінде 1,5 млн гектарға жуық егістік жерге басты пиязөсіріледі. Әлемде 15 млн. тоннаға жуық пияз өндіріледі. Басты пияздың дүние жүзінде 1 000-ға жуық сорттары бар.Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттарфитонцидтер деп аталады. Бұл грекше «фитон» - өсімдік +латынша «жою», яғни «жойғыш өсімдік» деген мағына береді. Сөйтіп пияз бен сарымсақ медицинада тұмауға қарсы дәрі ретінде пайдаланылады.Пияздың бойындағы эфир майы ауру қоздыратын – құрт, бактерияларды жояды. Табыс критерийлері ұсынылады: 1.Пияз тұқымдас өсімдіктері туралы білдім. 2.Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән ортақ белгілермен таныстым. 3.Пияз тұқымдастарының маңызын ажыратып үйрендім. 2- қадам. Топтық жұмыс Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды. Топтарда рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы. Әр топтың баяндамашылары сөйлейді. Топтар екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаланады Бақылаушы топтық жұмыс соңында бағалау парағымен таныстырады. 3-қадам. Жұптық жұмыс (Биологиялық диктант) Пияз туыстастар.......................................................... класына жатады. Пияз туыстастарға ...................................................................................... жатады. Жемісі - ................................................. . Пияз туыстас өсімдіктер ................................................ деп аталатын түрі өзгерген өркендер түзеді. Бұл өсімдіктерде ерекше ұшпа заттар - ............................. болады. Тамыр жүйесі - ................................... . Оқушылар дайын жауап үлгі бойынша формативті бағаланады. 4-қадам. Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Пияз гүлінің формуласын тап және оның астын сызып көрсет. Гс3 А3Ж1 Гс3+3 А3+3Ж(3) Гс2 А3Ж1 Оқушылардың жауаптары өзара тексеру арқылы бағаланады. 2-тапсырма. №28 зертханалық жұмыс. Пияз тұқымдас өсімдіктердің гүлдері, гүлшоғырлары мен жемістерінің құрылысы 5-қадам. Блоб ағашы (Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің?) (5 минут) |