СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ

Просмотр содержимого документа
«PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ»

PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ

Б.А.Керешова, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімдер

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы


«Балаға өз бетімен зерттеуге  мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн

Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастапжан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Әрбір баланың болашағы мектепте қаланған білімге байланысты. Себебі, ертеңгі тәуелсізеліміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары.

Қазіргі заман мектебі бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек.

Мақсатымыз – мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болу керек.

Үш жылдық мерзіммен өткізілетін жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалауға арналған Халықаралық зерттеуге Қазақстан 2 рет қатысып отыр. Екі зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстанның нәтижесі көңіл қуантпайтынын бәріміз білеміз. Себебі, PISA тапсырмалары өмірмен байланысты.

Жүсіпбек  Аймауытов “Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек”,- деп баса көрсеткен болатын.Осыған байланысты оқушыларды осы пәндерге қызықтыру үшін химиядан,биологиядан, физикадан алған білімдерін пайдаланып орындайтын қызықты тәжірибелер жасайтын жұмыстар жүргізуге тырысамыз. Мұндағы негізгі мақсатымыз оқушылардың химиядан, биологиядан, физикадан алған білімдерін тоғыстырып, практикада, яғни өмірде қолдана білуге дағдыландыру, берілген әр тақырып бойынша қарапайым химиялық тәжірибелік жұмыстар жасауға мүмкіншілік алып, ғылыми зерттеулер жүргізуге үйренеді.

Барлығы ғылыми экспериментпен тек арнайы лабораторияда арнайы ғалымдар айналысады деп ойлайды. Бірақ бізде ол олай емес.

Бұл нағыз эксперименттің энциклопедиясы болып саналады. Жас ғалымдарға жаңа жарқын тамаша әлемді ерекше заңдылықтарымен ашады. Яғни, физика, химия, биология және басқа ғылымдардан қызықты химиялық тәжірибелер орындалады. Бұл қызықты тәжірибелерді орындау үшін заманауи құрылғылармен жабдықталған зертхананың қажеті жоқ, бұл тәжірибелерді үйде отырып бөлмеде, ас үйде, саяжайда тіпті көшеде де жасай алады. Қажетті құрал – жабдықтар ретінде асханалық ыдыстар, пластикалық және шыны бөтелкелер, шырпы, май шам, термометр т.б. заттар пайдаланылады.

Әр жұмыстың нәтижесі болады. Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым эксперименттен басталады – 2015» ғылыми – танымдық зерттеушілік турнирінің «Үй тапсырмасы» турынан І орын иеленді. «Ғылым эксперименттен басталады – 2016» І және ІІІ турынан жүлделі ІІІ орын алса, «Күрделіні оңай – 2016» зияткерлік зерттеушілік олимпиадасынан І және ІІІ орынды иеленді.

Экспериментальды экспресс ойынын ойнауға шақырамыз. Ол баріміз ортаға шығайық.

Тренинг «Танысу» (М.Б.Хайруллина) 4 топқа бөлу

І тур «Қызықты тәжірибе»

Топтар тапсырма жазылған қағазды суырып алады. Үстел үстіндегі құралдардан тапсырмада көрсетілген құралдарды таңдап алады. Тәжірибе орындап, нәтижесін түсіндіреді.

І – топқа арналған құрал-жабдықтар:

(Сиқырлы қолғап)

  • банка;

  • медициналық қолғап;

  • сірке қышқылы

  • ас содасы

  • скотч

ІІ – топқа арналған құрал-жабдықтар:

(Епті жұмыртқа)

  • Піскен жұмыртқа;

  • Аузы кішкентай банка;

  • қағаз;

  • шырпы;

  • май

ІІІ – топқа арналған құрал-жабдықтар:

(Шардың реактивті қозғалысын анықтау)

  • Шар

  • Сок ішетін түтік

  • скотч

  • жіп

  • қайшы

ІҮ – топқа арналған құрал-жабдықтар:

(сиқырлы банка)

  • 0,5 л банка

  • Ортасы алынып тасталған қақпақ

  • сетка

  • қағаз

  • су

Қатысушыларды ортаға шақырып тренинг («Қызыл жүрекше, көк ту») ұйымдастыру және екі топқа бөлу.

ІІ тур «Робинзонада»

Конкурс ұраны

«Қолдағы бар нәрсені пайдалан, артық ештеңені іздеме» ВилиасФог.

І топ.

Үстел үстінде: картоп, шеге, су, тұз, қиыршықтас, резеңке жіп, полиэтиленді пакет, стакан, табақша

Командаға тапсырмалар: Сіздер адама яғы баспаған аралға тап болдыңыз, ол аралдан тек үстел үстінде тұрған заттарды тауып алдыңыз. Адам аяғы баспаған аралда ішетін ауыз су жоқ, сол себептен табылған заттарды пайдаланып теңіз суынан ауыз су алудың жолдарын ұсынып, жасап көрсет.

ІІІ тур.

«Сенің әрекетің...» постер қорғау. 3 топқа бөлу.

Алдарына маркер, плакат үлестіріп, тапсырмалар беріледі.

Тапсырма

Балықтарға арналған тамақ.

Аквариумдағы балықтар циклоптармен қоректенеді. Бірнеше күнге бір жаққа кетуге тура келіп тұр. Ал сіздің балықтарыңызға қарайтын ешкім жоқ. Барлық циклоптарды жіберіп кете алмайсыз. Балықтар оларды бәрібір жеп қояды. Осындай жағдайда балықтарды қалай қоректендіру керек болады?

жауап: циклоптар өте алатындай тесіктер тесілген органикалық шыны арқылы аквариумды бөлу.

Тапсырма

Судың бағытын анықтау

Жер астындағы су ағатын металл тұрбалар орналасқан. Тұрбалардың жұмыс жүйесіндегі ақауларды жою үшін жерді қазган жұмысшыларға судың қай бағытқа ағып жатқанын анықтау керек болып тұр. Тұрбаларды ұрып анықтау ісі сәтсіз болды. Судың бағытын қалай анықтауға болады? Тұрбалардың герметикалығын (кесуге, тесуге) бұзуға болмайды.

Жауап: тұрбаға әсер етуге болмағанымен суға әсер етуге болады. Тұрбаны қыздыру арқылы қызған судың қай бағытқа ағатынын анықтауға болады.

Тапсырма

Патшаға арналған емендер

Бір күні патша өз иелігін аралауға шығады. Орманнан өте бергенде алдында көркіне көз тоймайтын жиырма емен өсіп тұр екен. Патша емендерге таңданып қалады. Содан кейін өзінің қарауындағы жұмысшыларына: «Осы емен ағаштары менің сарайымның алдында өсіп тұрғанын қалаймын» - дейді. Жүз жылдық емен ағаштарын қалайша басқа жерге отырғызуға болады? Бірақ бұйрықтың аты бұйрық. Патшаның бұйрығын қалай орындауға болады?

Жауап: емендерді көшірмей патша сарайын емен ағаштарының қасына салу керек.

Қорытынды сөз.