Сапарбекова Жанар Бекежановна
Сабақтың тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға раушангүлділер туралы олардың құрылысы,ерекшеліктерімен раушангүлділердің алуантүрлілігі және маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз бетімен білім алуға, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге тәрбиелеу. Оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың интеллектуальдық, шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру. Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
А) Раушангүлділердің жалпы сипаттамасы, құрылысы, ерекшеліктері туралы біледі .
В)Тұқымдастың белгілерін ажырата алады, оның құрылысындағы және тіршілігіндегі ерекшілігін анықтайды
С) Раушангүлділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын талдай алады.
Керекті жабдықтар: Плакаттар, флипчарт, маркер, интербелсенді тақтада көрсетілген видео, бағалау парақтары.карточкалар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ, ішінара ізденуші
Сабақтың әдісі : Сұрақ – жауап, тірек-сызбалар, баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып бөлмесін сабаққа дайындау. Оқушыларды түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Сыныппен амандасу:
Күлім қағып қолымды,
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын
Раушангүлділер тұқымдасының өкілдеріне байланысты топқа бөлу:
1 топ. Итмұрын
2 топ.Раушан
Үй тапсырмасын «Брейн ринг» әдісі бойынша сұрау
1. Жабық тұқымды өсімдіктер деп аталу себебі неде?
2. Жабық тұқымды өсімдіктердің қанша түрі белгілі?
3. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдікке тән ұрықтану түрі қалай аталады?
4. Ұрықтанған жұмыртқа жасушадан не дамиды?
5. Қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктерді атаңдар?
6. «Шит» дегеніміз не?
7. Медицинада пайдаланылатын өсімдік түрлерін білемізбе?
8. Бақша өсімдіктері туралы не білесіңдер?
9. Жабық тұқымды өсімдіктер Қазақстанның қай өңірлерінде өседі?
10. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер?
3. «Сіз білесіз бе?» үй тапсырмасын қорытындылау.

4.«Білім кілті танымдылықта» Жаңа сабақ
«Раушан » гүлдің суретін көрсету.
- Ендеше, балалар, бұл суреттен не көріп тұрсыңдар
- Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?
Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.
Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан.. Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз.
![]()

Диаграмма дегеніміз- гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп, сызбанұсқасын сызу.
5. «Пайдалы кеңес»

Раушангүлдер көп мақсаттарда қолданылады:
1. Раушангүлдің суы теріні ылғандандыру мен жұмсартуда,сондай-ақ терінің тітіркенуінде қолданылады.
2. Раушангүл суы көз ауырғанда оны жуу үшін қолданылады.
3. Ароматерапияда қолданылатын раушангүл суы денсаулыққа пайдалы
4. Итмұрын жемістерінен табиғи дәмі бар шай әзірлеуге болады
5. Итмұрын жемістері С, А, В3, Д және Е дәрумендерінің көзі болып табылады.
6. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
7. «Т е л е г р а м м а» кітаппен жұмыс
1) Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын. Орамжапырақгүлділер. Бұларды кейде .шаршыгүлділер......... деп те атайды. Олар-шөптекті, кейде шала бұталы....қосжарнақты... өсімдік. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын ...3000..........-ға жуық түрлер бар. Жапырақтары ............. кезектесіп орналасады,..........бөбешік.... жапырақтары болмайды.
2) Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын.
Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасатындықтан,орамжапырақгүлді өсімдіктер ......шаршыгүлділер...... деп аталған. Бұлардың жемісі .бұршаққын................... немесе .....бұршаққынша.... Орамжапырақгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы - .Т2+2К4А2+4Ж/2/.... .
8. «Еркін талқылау» әдісі арқылы топтық жұмыстар
Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында 2 топқа постер құруға тапсырмалар беру
I топ. Анықтау. Раушангүлді өсімдіктердің құрылысының ерекшеліктері
IІ топ. Зерделеу. Раушангүлділердің пайда зияны қандай?
( Талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда «Нағыз құзыреттілікті қалыптастыру» идеясын жүзеге асыру.)
9. « Салыстыру».
Шаршыгүлділер мен раушангүлділерді салыстыру. Венн диаграммасы бойынша дайындау

10. Қорытынды
Мына суреттегі гүлдің диа¬граммасын талдап,формуласын жазыңдар.
Сөзжұмбақ «Раушан»
1.Тікенекті өсімдік (Итмұрын)
2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштектес өсімдік (Алма)
3.Жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме (Раушан)
4.Шырынды жемісті өсімдік (Шие)
5.Жемісі құрама жаңғақшалы болып келетін раушангүлділер тұқымдас өсімдік (Құлпынай)
6.Раушангүлділердің жабайы өсетін түрі (Шетен)
Рефлексия
11. «Білім ағашы» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.
Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?
Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?
Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?
12. А)«Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтарда өзара бағалау жүреді
Ә)Логикалық сұрақтар арқылы өздік бағалау.
Б)Қорытынды бағалау параға: мұғалім бағалайды
13. 1. Дәрілік раушангүлділер туралы өздік жұмыс дайындау
2.Сәндік раушангүлділер туралы таныстырылым дайындау