СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Разработка урока казахского языка по теме "Призеры олимпиады- наша гордость", 5 класс

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Краткосрочное планирование урока казахского языка в русской школе для учащихся 5 классов по теме "Спорт".

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока казахского языка по теме "Призеры олимпиады- наша гордость", 5 класс»

Күні:

Пән: қазақ тілі

Сыныбы: 5 «в»

Сабақтың тақырыбы: «Олимпиада жеңімпаздары – біздің мақтанышымыз»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша білім беру, өз елінің атақты спортшыларымен таныстыру. Тапсырмаларды дұрыс аудара білу, дұрыс жауап беруге үйрету. Білімдерін іс- тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырып бойынша өзара сөйлесуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: спорт баланың денсаулығына, дене қабілеттерін шындауға, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуде ерекше орын алатыны туралы айту. СӨС деген құрмет сезімге тәрбиелеу. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: СТО модулінің бірнеше стратегиялары,  баяндау, әңгімелеу, сұрақ – жауап, іздендіру, көрнекілік әдіс, топтық жұмыс

Көрнекіліктер: Қима қағаздар, слайдтар, бейнекөріністер, спортшылардың суреттері

Пәнаралық байланыс: орыс тілі , дене шынықтыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мақсаты: Дайындық, сабаққа жұмылдыру. Жағымды көңіл - күй туғызу, ынталандыру.

А) Сәлемдесу (Әнұран)

Ә) Кезекші есебі

Б) Сабаққа дайындықты тексеру

В) Түстер бойынша сыныпты топқа бөлу.

Г) Фонетикалық жаттығу өткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мақсаты: Білімдерін тексеру, танымын, белсенділігін, өзіндік ізденістерін, жалпы даму процестерін пайымдау, қателіктеріне түзетулер енгізу. Алда тұрған мақсаттарды айқындау, сабақта кеткен кемшіліктерді айқындау.

Берілген сөйлемдерден есімдікті тап, астын сыз, мағынасына қарай анықта.
Мәреге бірнеше спортшы бірге жетті. Бәрі алаңға шықты.Әркім өз денсаулығы үшін спортпен айналысады. Мен кеше шаңғы тептім. Ана жерде қазақ күресінен сайыс өтуде.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе:

Мақсаты: Жаңа ұғымдар, жаңа білім беру. Жаңа фактіні меңгеру тәсілдері, амалдарына дағдыландыру. -Сабақта не істейміз, мақсатымыз не? Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сұрақ - жауап
*Балалар, қандай спорт түрлерін білесіңдер?
*Спорт адам өмірінде қандай орын алады?
*Спортпен айналысқан адамның денсаулығы қандай болады?
*Спортпен, дене шынықтырумен шұғылдану керек пе?
*Ал сен, спорттың қандай түрімен шұғылданасың?
Түрткі тапсырма;
- Балалар, егер адам спорт түрлерінің бірімен айналысса, өмірде қандай маңызды жетістіктерге жетеді?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Олимпиада жеңімпаздары – біздің мақтанышымыз»

«Миға шабуыл стратегиясы»
1) «Спорт» сөзін берілген қима сөздерді пайдалана отырып, топтастыру

2) Қазақстанның спортшылары туралы бейнекөрініс көрсету.

3) Спорт түрлері, оның маңызы туралы әңгімелеу.
ІV. Жаңа сабақ.
Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру.

1.Мәтінмен жұмыс.

3 топқа 3 түрлі қысқа ғана мәтін беріледі. Оқылым. Айтылым. Тілдесім.
а) Мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерге назар аудару.

І топ: Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құра. «Жуан және жіңішке сұрақтар түрі»

ІІ топ: Мәтіндегі дұрыс емес ақпаратты тап. (Функционалдық сауаттылықты арттыру)

ІІІ топ: Суреттерді топтастыр. «Тригерлік суреттер» стратегиясы

ә) Мәтінді аудару.
б) Мәтіннің мазмұнын ашу

Бағалау: Ідеңгей тақтада тексеріледі

ІІдеңгей жауап үлгісі бойынша тексеріледі

ІІІдеңгей ауызша тексеріледі
2. Оқушыларды Қ. Р. олимпиада жеңімпаздары жәңе белгілі спортшыларымызбен таныстыру.( Презентация)
3. «Стикердегі диалог» стратегиясы бойынша жұмыс. Жазылым. Айтылым.
Атақты боксшы Г.Головкин туралы бейнематериал көрсету.

V. Бекіту. Мақсаты: Берілген білімді оқушылардың қандай дәрежеде қабылдағандарын пайымдау.

Сонымен біз бүгін нені оқыдық, не білдік.

Бірнеше орысша, қазақша сөздер айтып оқушыларға тағы да аудартамын да, кім қалай жұмыс істегенін айтамын

ҮІ. Қорытындылау.
Синквейн құрастыру.
Спортшы.
Мықты, шыдамды, шапшаң.
Жарысады, жүгіреді, секіреді.
Спорт - денсаулық кепілі.
Жеңіс.

VІІ. Бағалау: Рефлексия

  1. Формативті.

  2. Суммативті

сонымен бүгінгі сабақтың бағалары:............

VІІІ. Үй тапсырмасы:

Мақсаты: Алған білімдерін өз беттерімен ары қарай бекіту, тереңдету.Шығармашылық ізденістерін дамыту

Үйден: Оқулықта берілген 3-тапсырманы жазбаша орындау