Пәні: қазақ тілі | Сыныбы 11 «А» 22.01.2016 |
1. М одульдің атауы: | Оқу – еңбек аясы 1– модуль: «Мемлекеттік емтихан тапсырамын» |
1. Сабақтың тақырыбы: | 2,3-сабақ: Назарбаев зияткерлік мектептері (307б) Етістік. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. |
2. Сабақтың мақсаты: | 1. Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады; 2. Назарбаев зияткерлік мектептерінің ерекшеліктерімен танысып, етістік бойынша білімдері толығады; 3. Мәтін мазмұны мен идеясын талдау жасау арқылы тақырыптың мазмұнын игерту; 4. Жаттығу жұмыстары арқылы грамматикалық тақырыпты меңгереді; 5. Өз ойын еркін жеткізе білетін, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға тәрбиелеу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. |
3. Оқып-үйренудің негізгі нәтижесі: | 1. Назарбаев зияткерлік мектептерінің ерекшеліктерін меңгереді; 2. «Сурет арқылы сөйлету», «Түртіп алу», «Даналық сандықшасы», стратегияларының идеясын меңгереді; 3. Өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылық жұмыстарға, тест шешіп, жаттығу жұмыстарын жасауға дағдыланады. |
4. Түйінді идеясы: | 1. Мәтінге мазмұндық талдау жүргізу арқылы оқушы бойында оқуға білімге деген құштарлықтарын қалыптастыру, тестілік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыруға, өзіндік, топтық бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету; 2. еліміздегі білім беру; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; орта білім; жоғары білім; жоғары білімнен кейінгі білім сөздерінің мағынасын ашу. |
5. Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер: | СТО стратеиялары: ББҮ, еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс |
6. Тапсырмалар: | 1. «Менің таңдауым» әдісімен топқа бөлу 2.Қызығушылықты ояту мақсатында «Сурет арқылы сөйлету» 3. Мәтінмен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясы 4. Ой қозғау мақсатында «Даналық сандықшасы» стратегиясы 5. ҰБТ-ға дайындық мақсатында «Кофе таяқшалары» стратегиясы |
7. Дереккөздер: | С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова «Қазақ тілі» оқулығы 11 сынып, Алматы, «Мектеп», 2015; Орақова А.Ш., Жартынова Ж.А. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару», Алматы, ҚР ББЖ ҚБАРИ, 2014. |
Сабақ барысы |
Сабақ барысы,уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру | 1.Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу 2. Бағалау парақтарымен таныстыру | Оқушылардың сабаққа әзірлігі |
Ү/Т тексеру | Өткен сабақта оқыған мәтіндер б/а сұрақ-жауап: 1) Еліміз қандай (мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық) типтегі білім беру жүйесіне бағдар ұстануда? 2) Конституция бойынша орта білім алуды мемлекет қалай (тегін) жүргізеді? 3) Бүгінгі таңда республика аумағында (мемлекеттік және жекеменшік) қандай оқу орындары бар? 4) Елімізде қандай ( «Білім туралы») Заң қабылданды? 5) Білім берудің қандай деңгейлері белгіленді? (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі білім). 6) Қазақстанда міндетті жалпы орта білім беру неше (11) жылда жүзеге асады? 7) Оқушылар мектепке неше (6-7) жастан қабылданады? 8) Оқушылар орта мектепті неше (17-18) жаста бітіріп шығады? 9) Ұлттық біріңғай тестілеуден нешінші (2003) жылдан бастап өтетін болды? |
Білім Түсінік | 3. «Менің таңдауым» әдісімен топқа бөлу 4.Қызығушылықты ояту: Жаңа сабақты бастамас бұрын қызығушылығын ояту мақсатында «Сурет арқылы сөйлету» стратегиясы 1) интербелсенді тақтадан «Назарбаев зияткерлік мектептері» тақырыбында суреттер көрсету (Н.Ә.Назарбаев, Д.Назарбаева, С.Назарбаева, Д.Назарбаева «Назарбаев зияткерлік метебі», «Назарбаев университеті») 2) ой тастайтын сауал береді. – Берілген суреттерде нелер бейнеленген? – Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып пен суреттер арасында қандай байланыс бар? 3) Бірлесіп сабақтың мақсатын қою 5. Оқулықтың 307 бетіндегі сөздікпен жұмыс: таңдаулы-лучший жаратылыстану-естествознание тереңдетіп-углубленный негізгі және жоғары мектепте-1-9 и 10-11 классы жоғары сапалы – высокое качество әйгілі – знаменитый 6. Мағынаны тану кезеңінде «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқулықтағы мәтінді оқып, орыс тілінде мазмұнын ашу тапсырылады. | Берілген суреттердің қиындылары арқылы топқа бөлінеді Оқушылар топта, жеке сөздерді-сөз тіркестерін-сөйлемдерді айтады, қызығушылығы артады (айтылым, сөйлесім, тілдесім әрекеттері) Ой тастайтын сауалға жауап береді(айтылым, сөйлесім, тілдесім әрекеттері) Оқушылар жұптасып, тізбектеп оқиды Оқушылар топта мәтінді «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқиды, аударады (жазылым, айтылым, сөйлесім, тілдесім әрекеттері) |
1- топ: Оқулықтың 307 бетіндегі «Назарбаев зияткерлік мектептері» мәтіні (1-азат жол): Назарбаев зияткерлік мектептері –ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель – жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үш тілді ортада оқиды. 2- топ: Оқулықтың 307 бетіндегі «Назарбаев зияткерлік мектептері» мәтіні (2-азат жол): Екінші модель – негізгі және орта мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300-ден астам университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Иель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындары бар. |
Қолдану | 7. Топтың ішінен 1 оқушы мәтіннің мазмұнын баяндауын тапсырады | Топтың ішінен 1 оқушы мәтіннің мазмұнын баяндайды (айтылым, тыңдалым әрекеттері). |
Түсінік | 8. Ой қозғау мақсатында «Даналық сандықшасы» стратегиясын қолдану арқылы Сұрақ-жауап: Назарбаев зияткерлік мектептері қандай мектептер желісі? Зияткерлік мектепте білім берудің неше моделі жүзеге асырылады? Бірінші модель қандай бағыттағы білім бағдарламасын жүзеге асырады? Бұл бағдарлама бойынша оқушылар қандай пәндерді тереңдетіп оқиды? Олар неше тілді ортада оқиды? Екінші модель қандай? |
Талдау | 9. Грамматикалық тақырып «Жеке оқыту парақтары» бойынша Етістік.Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. | Оқушылар үлестірмелі ережені алады |
Етістік –глагол (осы І, ІІ- бөлікті ғана гиперссылка арқылы түсіндіремін) Заттың қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістіктің сұраулары- не істеді? не қылды? I.Мағынасына қарай (по значению) | 1.Болымды-положительная 2.Болымсыз –отрицательная 3. Сабақты-переходный (табыс септікті сөздерді тілейді) 4. Салт –непереходный (табыс септікті сөздерді тілемейді) | бар, сал, тарт, кет, қаз, хабарла, толтыр барма, салма, кетпе, қазба, хабарлама, толтырма, ал, бер, құрметтеймін, сыйлаймын, оқыды, жазды(кітапты оқыды) кетті, келді, ұйықтады, күлді, жатты (ол ұйықтады) | II.Тұлғасына қарай (по способу образования) | 1. Негізгі -непроизводные (түбір етістік) 2. Туынды- производные (түбір етістік+жұрнақ, басқа сөз табы+жұрнақ) | жаз, оқы, айт, кел, кет келтіреді, көрінді, ойланды, тұзда, есептеді, іздеу,санау | III. Құрамына қарай (по составу) | 1. Дара –простые 2. Күрделі - сложные | жаз, оқы, кел, сыйлаймын, отырды, тұрамын, тудым сатып ал, келе жатыр, күліп жібере жаздады, көңіл көтер –веселись, сурет салды-нарисовал, бара-бара шаршадым, тыңдай-тыңдай жалықтым. | |
10. Электронды көмекші құралдан, 2,3 тапсырмаларды орындау |
Қолдану | 11. Дәптермен жұмыс: тақырып бойынша тапсырмалар орындау (интербелсенді тақта көмегімен): | Оқушылар дәптерлеріне күн аты мен тақырыпты жазып, тақтадағы тапсырманы орындайды. |
Қаңтардың жиырма екісі, жұма Назарбаев зияткерлік мектептері. Етістік. №1-жаттығу Етістіктерді мағынасына қарай топта: (болымды, болымсыз, сабақты, салт) көрді, ал, барма, кетті, сөйлемеді, оқыды, ойлады, келеді, келмеді, салды, жазбады, оқы, талда, мазмұндады. №2-жаттығу Мына сөйлемдерден негізгі және туынды етістіктерді тап: Бүгін сен әжеңе хат жаз. Ол өз өмірі туралы көп ойлайды. Мен өз іс-тәжірибемнен көп мысал келтірдім. Сен оларға хабар айт. Анаңа қала туралы әңгімеле. Сен ертең үйіңе қайт. №3-жаттығу Дара және күрделі етістіктері бар сөйлемдерді екі топқа бөліп жаз: Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Арық бұзау тез тұра алмайды. Қызық әңгіме басталып кетті. Қалаға қайтарда мына жүктерді алып қайтарсың. Жапырақтар қызыл сары түске боянды. Мына сөзде терең мағына бар. Жібек көйлекті қыз алдымнан шыға берді ғой... |
Бағалау Үйге тапсырма | 12. Оқушылардың бағалау парақтарын толтырып, баллдарын есептеуін тапсырады 13. Ереженің І, ІІ бөлігін жаттау. | Топ басшылары жиынтық балдарын есептеп шығарады(айтылым, тыңдалым әрекеттері). Оқушылар ү/т күнделіктеріне жазады (жазылым әрекеттері). |