СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ тақырыбы: Графикалық режим

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Турбо Паскальда графикамен жұмыс істеу үшін графиктік операторларды (Uses), драйверлерді   (GraphDrіver),   модульдерді (Crt, Graph),  режимдерді (GraphMode, CloseGraph) қосуымызқажет.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы: Графикалық режим»

Сабақ жоспары

Сабақ:№19

Пәні: Информатика

Мектеп: №19

Оқытушының аты-жөні: Махаева А.К

Күні

Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

10.01.2017

10.01.2017

10.01.2017

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»



Тақырыбы:

Графикалық режим

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Графикалық режиммен танысу. Графикалық объектілерді салатын 

процедуралармен жұмыс жасауды үйрену, программада қолдануды 

меңгеру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады: Графикалық режимде Турбо Паскальда жұмыс жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі істей алады: Паскальда әртүрлі фигураларды пайдалана отырып суреттер сала алады.

Кейбір оқушылар істей алады:

Терминдер

Uses, Graph, PutPixel , SetLineStyle, Rectangle , Line, Circle, т.б.

Алдыңғы бөлім

циклдік алгоритм, программалау, бағдарламалау, блок схема.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы


5 минут


Білу

(сұрақ - жауап әдісі бойынша)


І.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Қасында отырған көршісінің суретін бір қолына қалам алып, бір қолына парақ алып ол парақты басына койып көршісінің суретін салу керек.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Паскаль тілінде операторлар қанша бөліктен тұрады?

2. Қарапайым оператор дегеніміз не?

3. Күрделі оператор дегеніміз не?

4. Меншіктеу операторы дегеніміз не?

5. Goto операторының міндеті қандай?

6. Қарапайым операторларға қандай операторлар жатады?

7.Циклдік алгортимдердің түрлерін ата және қызметтері қандай?



Журнал, қалам.



Ортасы

30 минут







Түсіну және қолдану

1.Жаңа сабақ.

Турбо Паскальда графикамен жұмыс істеу үшін графиктік операторларды (Uses), драйверлерді   (GraphDrіver),   модульдерді (Crt, Graph),  режимдерді (GraphMode, CloseGraph) қосуымызқажет.

Арнайы графиктік оператор Uses болып табылады.

Турбо Паскальда графикалық бейнелерді салу үшін стандартты кітапханалық Graph модулі арналған. Ол әр түрлі адаптерлі дисплейлерде графикалық режимдерді толығымен басқарудықамтамасыз ететін программалардың кітапханасы. Ал Crt модулі экранға ақпарттарды шығаруды, пернетақтадан берілгендерді енгізуді, сол сияқты терезелермен жұмыс істеуді, дыбыстықсигналдар мен түрлі-түсті текстік жолдарды экранға шығаруды қамтамасыз етеді.

Координаттар жазықтығы

Турбо Паскальдағы графикалық режимде төмендегі координаттар жазықтығы  пайдаланылады.

Графикалық режимдегі координаталар жазықтығындағы бірінші Х координатасы көлденеңінен солдан оңға, ал екінші У координатасы тігінен жоғарыдан төмен қарай өзгеріп отырады. Координатаның басы сол жақ жоғарғы бұрыштағы (0,0)  координатасы болып табылады. Х координатасында  640, ал  У  координатасында 480 нүктесі бар, яғни координатаның оң жақ төменгі бұрыштағы нүкте (640,480)

PutPixel процедурасы – берілген орынға берілген түс бойынша нүкте бейнелейді. Жазылуы: 

Procedure PutPixel (X, Y: Integer; Color: Word);

Мұндағы X, Y – координаталар, Color – түсі.

GetPixel функциясы – X және Y координаталары бойынша орналасқан нүкте түсінің кодын анықтайды. Жазылуы: 

Function GetPixel (X, Y: Integer) :Word;

Line процедурасы – берілген координаталар бойынша 2 нүкте аралығындағы түзуді бейнелеу процедурасы. Жазылуы: 

Procedure Line (X1, Y1, X2, Y2: Integer);

Түзудің қалыңдығы мен бейнелеу түрін SetLineStyle процедурасының көмегімен анықтаймыз. Ал түзудің түсін SetColor процедурасымен анықтаймыз.

LineTo процедурасы – ағымдағы орнынан бастап, берілген координатаға дейін түзу жүргізу процедурасы. Жазылуы: 

Procedure LineTo (X, Y: Integer);

GetLineSettings процедурасы – түзудің ағымдық стилін қайтарады. Жазылуы: 

Procedure GetLineSettings (Var StyleInfo: LineSettingsType);

SetlineStyle процедурасы – сызылатын түзудің  стилін құрады. Жазылуы:

Procedure SetLinestyle (Type, Pattern, Thick: Word);

Rectangle процедурасы – ағымдағы түсі және түрі  бойынша төртбұрыш бейнелейді. Жазылуы: 

Procedure Rectangle (X1, Y1, X2, Y2: Integer);

Мұндағы X1,Y1 – төртбұрыштың сол жақ жоғарғы нүктесінің координатас


Мысал
 Сары түсті экранға қызыл түзу, жасыл үшбұрыш,  көк тіктөртбұрыш және қоңыр шеңбер салу программасын жаз.


Program  Сурет-1;

Uses Graph,  Crt;

Var GraphDrіver,

Graphmode: іnteger;

Begіn

Clrscr;

GraphDrіver := 0;

ІnіtGraph (GraphDrіver, GraphMode, ‘ ‘);

Іf  GraphResult  0 then 

Begіn

Wrіteln;

Wrіteln;

Halt;      End;

SetBkColor(14){Экранды сары түспен бояу}

SetColor(4);               {Жиегі қызыл болатын

Lіne(40, 180, 240, 100);           түзу салу}

SetColor(1);                    {Жиегі көк болатын

Rectangle(80, 260, 320, 360);     тіктөртбұрыш салу}

SetColor(2);                          {Жиегі жасыл болатын

Lіne(380, 100, 380, 220);

Lіne(380, 100, 600, 220);          үшбұрыш салу}

Lіne(380, 220, 600, 220);

SetColor(6);                          {Жиегі қоңыр болатын

Cіrcle(480, 280, 40);                шеңбер салу}

Readln; CloseGraph;

End.













2.Практикалық жұмыс.





Сергіту сәті:

“ Информатика” сөзінен сөздер құрастыру.




Дәптер, қалам.










Әр түрлі программалық жабдықтамалар







Турбо Паскаль редакторы














Word Pad бағдарламасы













































Турбо Паскаль редакторы






































Турбо Паскаль редакторы


Соңы

10 минут


Талдау






Жинақтау










Бағалау

Өткен тақырыпты бекіту.
1.Экран фонының және фигура жиегінің түсін білдіретін процедураларды ата.

2.Боялған нүкте және шеңбер салу процедурасына сипаттама бер.

3.Тік төртбұрыш және түзу салу процедурасына сипаттама бер.

4.Тұйық облысты бояу процедураларын ата.

5.Тұйық облыс дұрыс боялуы үшін нені ескер

Үйге:

-Боялған тең бүйірлі үшбұрыштың ішіне боялған тіктөртбұрышты, ал оның ішіне боялған шеңберді салуға программа құр.  

-Боялған тікбұрышты үшбұрышқа боялған іштей және сырттай шеңберлерді салуға программа құр.

-Боялған тең бүйірлі трапецияға іштей шеңбер, ал оның ішіне тең қабырғалы үшбұрыш салуға программа құр



Рефлексия.






Сұрақ-жауап.