Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы: «Квадраттық функция және оның графигі» тақырыбына жаттығулар орындау»
Пән: алгебра
Сынып : 8«А»
Сабақ тақырыбы: «Квадраттық функция және оның графигі» тақырыбына жаттығулар орындау
Сілтеме: Білім стандарты, сабақ жоспары, оқыту қазақ тілінде жүретін 8-сыныптың «алгебра » мұғалімге арналған нұсқаулық.
Негізгі идеялар: Оқушылардың у=ax2+вx+c функциясының қасиеттерін пайдаланып, графигін тұрғыза білуді, бейімділіктерін қалыптастыру және осы арқылы функция графигінің түрлендірулерін білуді меңгерту.
Оқыту мақсаты: Оқушылардың өз беттерімен у=ax2+вx+c квадраттық функциясының графигін шаблондарды пайдаланып әр түрлі жағдайға байланысты графиктерді сала білуін дамыту
Жеке дамыту мақсаты: Оқытушы үшін жағымжы жағдай жасау, сын тұрғысынан ойлауға дағдылау, диалогтық қарым – қатынас орнату, бағалау.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың өз беттерімен у=ax2+вx+c квадраттық функциясының графигін шаблондарды пайдаланып әр түрлі жағдайға байланысты графиктерді сала алады.
Сабақтың сатысы | уақыты | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс - әрекеті |
Ынталандыру сатысы (14 мин) | 5 мин | Жағымды психологиялық жағдай жасайды: Топқа бөлу, оқушылармен амандасу, сабаққа сәттілік тілеу, «Бірлік» мүльтфильмі | Тақтада жапсырылған түрлі түсті стикерлерді тандап, үш топқа бөлінеді ИАТ-дан «Бірлік» мүльтфильмін тамашалайды |
Сын тұрғысынан құрылған сұрақтарға жауап беру | 5 мин | Сабақ тақырыбына шығу: Диалог орнату. 1)Қандай функцияны квадраттық функция деп атайды? 2)а≠1 болғанда у=ах2 функциясының графигін қалай салады? 3)ах2+n функциясының графигі у=ax2 функциясының графигімен салыстырғанда қалай орындалады? 4)у=a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады? | Әр топ осы сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын жеткізеді. |
| 4 мин | Тірек білімдерін пысықтау: 1.Стратегия «Үш шыңдық, бір өтірік». (3 тоқа 3 конверт беріледі) | Топтық жұмыс. Берілген сұрақтарға жауап беру, рас – өтірігін анықтау |
Негізгі саты 27 мин. | 8 мин | Мағынаны ашу:функция графиктерін салу | Топтарға флипчарт үлестіріледі. Осы флипчартқа үш функция салады және топпен ортаға шығып қорғайды. |
| 7 мин | Тапсырма беру: Сәйкестік тест. | І топ – бірінші функцияны сәйкестіреді ІІ топ – еккінші функцияны сәйкестіреді ІІІ топ – үшінші функцияны сәйкестіреді |
| 2 мин | Сергіту сәті | «Скелет » биі |
Білімді бекіту | 10мин | Деңгейлік тапсырмалар А,В, С | Оқушылар өз деңгейлеріне байланысыты есептер шығарады бұрын болған топ тақтаға шығарады. |
Қорытынды | 4 мин | Үй тапсырмасы Рефлексия стиккерлерді тақтадағы смайликтерге жапсыру | Бағалау парағы бойынша орташа балды шығару |
№ | Аты, тегі | Сабақтың ынталандыру бөлімі | Сабақтың негізгі бөлімі | Сабақтың рефлексия бөлімі | Барлығы |
Өткенді қайталау Сұрақ- жауап | Стратегия «Үш шыңдық, бір өтірік». | Мағынаны ашу:функция графиктерін салу | Сәйкестік тест. | Деңгейлік тапсырмалар А В С | |
1 | | | | | | | | | |
2 | | | | | | | | | |
3 | | | | | | | | | |
4 | | | | | | | | | |
5 | | | | | | | | | |
Қосымша 1
Стратегия «Үш шыңдық, бір өтірік».
1-топ
1. а - ның қандай мәндерінде у=ах2 - 16х+1 параболасының симметрия осі х=4 түзуі болады?
Жауабы: а=2
2. Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын алфавиті. [Игрек]. Жауабы: Ихс
3. Квадраттық функцияның графигі. [парабола].
4. Функцияның берілу тәсілдерінің бірі. [Формула].
Стратегия «Үш шыңдық, бір өтірік».
2- топ
1. b - ның және с - ның қандай мәндерінде у=х2 - bх+с параболасының төбесі (6; - 12) нүктесі болады?
Жауабы: b= - 12, с=24 жауабы b= 12, с=24
2. у=ах2+вх+с түрінде берілген функцияның атауы. [Квадраттық].
3. Функция ұғымында көп кездесетін латын әрпі. [Игрек].
4. а - ның қандай мәндерінде у=ах2 - 16х+1 параболасының симметрия осі х=4 түзуі болады?
Жауабы : а=2
Стратегия «Үш шыңдық, бір өтірік».
3- топ
1. Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын алфавиті. [Ихс].
2. Абсцисасы - аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияның
сәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны. [функция]. Жауабы : график
3. Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәні. [Нөлдері].
4.. у=ах2+вх+с түрінде берілген функцияның атауы. [Квадраттық].
Қосымша 2
1 топ
1. у=2х 2
2. у=2(х+2) 2
3. у=2(х+2) 2-3

2 топ
1. у=0,5х 2
2. у=0,5(х-1) 2
3. у=0,5 (х-1) 2+2

3 топ
1. у=-3х 2
2. у=-3(х-3) 2
3. у=-3(х-3) 2+4
Қосымша 3
Сәйкестікті тап
у= х 2 – 4х -5 А(-2;3) төбесі
а=1
Тармақтары төмен қараған
х=3 симметрия осі
у= -х 2 - 6х - 8
с=1
В(2;-9) төбесі
Тармақтары жоғары қараған
b=-4
у= х2 + 4х + 1 х=-2 симметрия осі
C(3;1) төбесі
c=-8
Қосымша 4
А – деңгейі
1. Параболаның төбесінің координаттарын тап:
а) у= 3(х-5)2 – 2 (5;-2)
ә) у= х2 – 4х + 5 (2;1)
б) у= -х2 +3 (0;3)
в) у=(х + 3)2 (-3;0)
2. Төмендегі функциялардың графиктерін салыңдар:
1) у= 2х2 +9
В – деңгейі
1) Ох осінен оңға 3 бірлікке жылжыған параболаның у=х2 теңдеуін жаз.
2) Функцияның графигін сыз. у = 2х2 + 4х + 3
С– деңгейі
у= 3х2 – 8х – 4 функцияның графигін сыз.