Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты "Ризашылық пен алғыс айту"»
Ризашылық пен алғыс
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту
Міндеттері: -ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін ,сыпайылық
қарым-қатынасын дамыту;
-әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: слайд
Шаттық шеңбері
Ұйымдастыру: достық шеңберін құру
Оқушылар бір біріміздің қолымыздан ұстап, бір бірімізге жасаған жақсылығымызды есімізге түсіре отырып алғыс айтып өтеміз
Сынып жетекшісі: (эпилог)
мың алғыс ата-бабама
жарық күн үшін қан төккен
мың алғыс ата-әжеме
аманатын ап жеткен
мың алғыс ата-анама
әкелген мына өмірге
мың алғыс ұстаз анаға
тойызған бізді білімге
мың алғыс дос-жаранға
сақтап келген сырымды
мың алғыс ағайын тумаға
көтерген қиын күнімді
мың алғыс туған еліме
бар мүмкіндік жасаған
мың алғыс туан жеріме
татулықты бастаған
мың алғыс елбасы
бірлікті нығайтқан
мың алғыс өзіңе
атың қалсын тарихта
Автор: Назипа Губайдуллина
Әңгімелесу
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?
-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
-Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.
- Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Данышпан атаның алғыс сөздерінен күн жасау
Сахналау
І-топ:Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ-топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
Дәйексөз. «Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады.
Видео ролик./ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері/
Дәптермен жұмыс
Қорытындылау
-Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Біздің тілек. Ғ. Жұмабаев
Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр
Тыныш болып жер беті
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп
Ағаларға ереміз
Шаңырақты шайқамай Ұстап отырған ұяны Отбасының ұйтқысы Әке саған мың алғыс
Ақ сүт берген әлдилеп, анам саған мың алғыс
Білім құйған санама, мектебіме мың алғыс Тәрбиелеген анамдай, ұстазыма мың алғыс
Бар жағдайды жасаған, елім саған мың алғыс
Балалар сіздер үнемі менің мақсатыма жетуге көмектесесіңдер, әсіресе алаяқты табуға сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Алғыс айту, біреуге ризашылық айту. Егер сен біреуге жақсылық жасасаң қайтармады деп ренжіме, алғыс айтқаны сенің жақслығыңды қайтарғаны болып есептеледі.
Анашым дүниеге әкеліп қана қоймайды, мен өсіп кеткенше маған қамқор болады, сабағыма көмектеседі, тамағымды дайындап береді, киімдерімді жуып береді, маған режіп тұрса да мені жақсы көреді. Менің қателігімді басқа біреуден көреді. Жер бетінде анадан асқан қамқор жан бола ма екен? анадай қамқор жан үшін аллаға мыңбір алғыс айтамын .
Бауырмалдығың үшін мың алғыс, бауырым
Тыныс тіршілік үшін, табиғат саған мың алғыс
Алғыстарың қабыл болсын
Өмірге риза болып алғыс айт Халық даналығы Губайдуллина Назипа Нуртаевна Үшағаш НОМ музыка пәні мұғалімі 6-сынып жетекшісі