СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "1-5 Санау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық сыныпта ұйымдастырған оқу қызметінің қазақ тілінен технологиялық карта. Балаларды 1-5 беске дейін санауға үйрету. 

 

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "1-5 Санау"»

Мектепалды даярлық сыныпта ұйымдастырған оқу қызметінің

технологиялық картасы



Өткізген: Карибаева К.С.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бағдарлама бөлімі: «Қазақ тілі»

Тақырыбы: Санау

Мақсаты: Балаларды 1-ден 10-ға дейін сандармен дұрыс атауға бір бірінен ажыратып, санай білуге үйрету. Санау кезінде ойша ойлау қабілетін дамыту. Санауға деген ынталарын, қызығушылықтарын арттыру.

Құрал – жабдық: Сан таңбалары 1-5, алманың суреті муляжы.

Сөздік жұмыс: бір, екі, үш, төрт, бес, алма.



Әрекет кезендері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

/Кіріспе бөлім/

Сәлемдесу.

- Балаларға бүгін ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.

- Балалар мұғаліммен амандасады. Балалар қызығушылық танытып тыңдайды.

Ұйымдастыру іздестіру

/Негізгі бөлім/

Тіл дамыту сұрақтары:

Қазір қай мезгіл?

Күздің қай айы?

Бүгін аптаның қай күні?


Тілдік жаттығу:

Зе – зе – терезе,

Ба – ба – балабақша

А –а – аш

Ж – ж – жап


Суреттегі алмаларды саната отырып 1-5 дейінгі сандармен таныстыру.


«Санды ата» ойынын ұйымдастырады. Мұғалім балаларға көрсеткен сандарын қазақ тілінде атауды ұсынады.


Сергіту сәті.

Оң қолда бар 5 саусақ. Санаймыз. 1, 2, 3, 4, 5,

Сол қолда бар 5 саусақ. Санаймыз. 1, 2, 3, 4, 5.

Алақанды ашамыз

Беске бесті қосамыз


«Қай сан жоқ?» Д/о ұйымдастырады. Мұғалім балаларға «түн» дегенде көздерін жұмуды, осы кезде бір санды жасыратынын, ал «күн» дегенде көздерін ашып, жоқ санды қазақ тілінде атауды ұсынады.


Балаларға кезекпен әр түрлі сандағы алмалар беріледі. Балалар қанша алма екенің айтады.


Мысалы: Саша сенде неше алма бар? т.б.


Балалар жаттығуды қайталайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Тілдік жаттығуды қайталайды:


Алмаларды санап, сандарды қазақ тілінде айтып үйренеді.



Мұғалім көрсеткен санды қазақ тілінде атайды.

-бес

-екі



Сергіту сәтін қайталап қимылмен көрсетеді.

Оң қолда бар 5 саусақ. Санаймыз. 1, 2, 3, 4, 5,

Сол қолда бар 5 саусақ. Санаймыз. 1, 2, 3, 4, 5.

Алақанды ашамыз

Беске бесті қосамыз


Балалар жоқ санда қазақ тілінде атайды.

Мысалы:

Екі жоқ.

Үш жоқ.




Балалар алмаларды сана, саның қазақ тілінде атайды.


Саша: Менде бес алма бар.

Рефлексивті түзету

/ Қорытынды/

Балалар бүгін сендер қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?

-Бүгінгі сабақта сендер не істедіңдер?

- Балалар сендерге қай ойын ұнады?

Бұл сөздерді кім жақсы меңгерді? т.б


Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар: бір, екі, үш, төрт, бес .

- Сандарды санадық!

- «Қай сан жоқ» ойыны т.б.

- Балалардың жауабы

Мұғалімен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қазақ тілінде санап, сандарды бір-бірінен ажырата білулері керек.

Болу керек: 1-ден 5-ке дейін санау дағдылары.

Істей білу керек: Мұғалімнің сұрағын түсініп, жауап бере біледі.