Сәлемдесу. Сабаққа дайындықтарын тексеру, сабаққа сәттілік тілеймін. Суреттерге қарап күнделікті өмірде біз қандай химиялық заттарды қолданамыз? «Ой қозғау» тәсәлі бойынша кроссворд шешу арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды. Кроссворд сұрақтары: 1.Өткен өмірді зерттейтін пән? 2.Денелерді зерттейтін пән? 3. Сандармен байланысты пән? 4.Карта қолданылатын пән? 5. Тірі ағзаларды зерттейтін пән? Мұғалім: Дұрыс бүгін сабақтың тақырыбы «Химия пәні.Заттар және оның қасиетттері» Қалай ойлайсындар бүгін сабақта біз нені білеміз, нені үйренеміз? Оқушыларды «Санамақ» әдісі арқылы топқа болемін. Оқушылар 1-3 дейін санайды. 1 деген санды алған оқушылар 1-ші топ, 2 деген санды алған оқушылар 2-ші топ,3 деген санды алғандар 3-ші топқа топтасады І-топ: Ауа ІІ-топ: Су ІІІ-топ: Жер «Бірге ойлаймыз» әдісін пайдаланып әр топқа сұрақтар үйлестіреміз. 1 .Химия нені зерттейді? 2. Дене және зат ұғымдарының айырмашылығы қандай? 3. Химия ғылымының маңызы? Оқушылар оздерінің ойларымен бөліседі «Қар кесегі» әдісі бойынша әр топтың оқушылары бір-біріне сұрақтар қойылған қағаздарды лақтырады Топтағы оқушылар бір-бірін «Бармақпен» бағалайды «Конверттегі жаттығулар» тәсілі бойынша конвертке жазылған 3 тапсырманы үш топқа үйлестіремін 1-тапсырма Химия нені зерттейді, оның міндеті қандай? . 2-тапсырма.Төмендегі тізімнен заттар мен денелерді бөліп жазыңдар. Мұз кесегі, мыс тиын, шыны, темір, ас тұзы, қайшы, құмыра,темір қасық,түйреуіш, бор, мақта, маржан 3-тапсырма. Берілген заттардың физикалық қасиетін жазыңдар Заттар | Агрегеаттық күйі | Түсі | Иісі | Қаттылығы | Суда ерігіштігі | сода | | | | | | оттегі | | | | | | темір | | | | | | Тапсыманың жауаптарын интерактивті тақтаға шығарып, оқушылар қателерін түзетеді Дескрептор - Химия пәнінің нені зерттейтінін түсінеді - .Затттар мен денелердің айырмашылықтарын талқылай алады -.Өздеріне таныс заттарды физикалық қасиеттерін сипатай алады Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері. Химия ғылымының маңызы туралы Эссе |