СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Такырыбы:«Өзін - өзі тану әлеміне саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған  оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Денсаулық» «Таным»

Кіші сала:Өзін - өзі тану

Такырыбы:«Өзін - өзі тану  әлеміне саяхат»

Мақсаты: Өзін - өзі тану пәні туралы алғашқы түсінік беру

Өзін-өзі тануға қызығушылықтарын арттыру.Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс:жылулық шеңбер,өлең жолын айтады.

Сөздік жұмыс: өзін-өзі тану,саяхат,Ақылды кітап.

Д/құралдар:өзін-өзі тану кітабын көрсету.

Просмотр содержимого документа
«Такырыбы:«Өзін - өзі тану әлеміне саяхат»»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Денсаулық» «Таным»

Кіші сала:Өзін - өзі тану

Такырыбы:«Өзін - өзі тану әлеміне саяхат»

Мақсаты: Өзін - өзі тану пәні туралы алғашқы түсінік беру

Өзін-өзі тануға қызығушылықтарын арттыру.Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс:жылулық шеңбер,өлең жолын айтады.

Сөздік жұмыс: өзін-өзі тану,саяхат,Ақылды кітап.

Д/құралдар:өзін-өзі тану кітабын көрсету.


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері


Баланың іс - әрекеті

І кезең-мотивациялық

қозғаушы

-Қане, бәріміз бір – бірімізді қолымыздан

ұстап,үлкен шеңбер құрып көрейікші!?

Қандай тамаша!

-Шеңберге жиналған адамдар бір-бірінің бет- жүзін,көзін,күлкісін көре алады.

Жылы сөз айтып қуантайық бір бірімізді.

-Шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсылық тілеп , қуанышымызбен, жүрегіміздің жылуымен бөлісе аламыз!

Сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.

- Балалар енді менімен мына өлең жолын кайталап айтасындар.

Кел балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік


Балалар шеңберге тұрып жылы лебіздер айтады.












Балалар төмендегі өлеңді тәрбиешімен қайталап айтады


ІІ кезең-

ұйымдастырушылық ізденушілік

- Балалар, біз «өзін- өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастаймыз. ( балаларға «Өзін - өзі тану» хрестоматиясын көрсетемін.)

Бұл барлығымызға ортақ – «Ақылды кітап» Бұл кітаптан түрлі ертегілер, әңгімелер , өлеңдер, өнегелі сөздермен танысамыз.Шығарма кейіпкерлері бізді жақсылық жасауға,мейірімді, қайырымды ,кешірімді , адал болуға үйретеді.

- Балалар, «өзін-өзі тану» әлемі тағы да сендерге сыйлық дайындапты.Қане, сыйлығымызды қолымызға алып көрейікші!Қандай тамаша!

Балаларды отырғызып,дәптердегі «өзін өзі тану « әлемінің картасына назар аудартамын.

Ойын: «Сиқырлы қоржын»

Сиқырлы қоржында жүрек пішіні бірнеше бөлікке киып бөлінген.Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржыннан осы бөліктерді алып, үлкен бір бүтін жүрек пішінін құрастырады.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Балаларға дәптердің бірінші бетін ашып,ондағы жүректің суретіне назарларын аудартады.Осындай жүрек біздің әрқайсымызда бар екендігін түсіндіремін.

Жүрек кішкентай болса да қуаныш, бақыт ,сүйіспеншілік ,мейірім,

қамқорлық,достық сияқты жақсы сезімдердің барлығы оған сыйып кетеді!

«Адамның жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы» сөзін оқып түсіндіреді


Сергіту сәті:

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым

Мынау - менің сол қолым

Барлық істі атқарған.


Тыныштық сәті:

-Балалар денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырындар.

-Көздеріңді жұмуға да болады.Ауаны терең жұтып, екін тыныс алыңдар.

- Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезіңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар болады.

Балалар мұқият тындап отырады.









Балалар дәптерлерді қолдарына алып,ашып үлкен ынтамен ішіндегі суреттерге,картага карап тәрбиешіге сұрақтар қояды.



Балалар ойын шартын тындайды.Ойынға қатысады.

Балалар үлкен ынтамен жүректі салады. (4 -5 бала)

Балалар қолдарын жүрек тұсына алақандарын койып,жүрек қағысын байқайды.

Балалар өз ойларын ортаға салып әңгімелейді,жаттайды.







Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтіндегі

қимыл – қозғалыстарды жасайды.





Балалар көрсетіп айтқан іс- әректін жасайды.

Отыру,тыныс алып жеңіл күйге түсу.





Балалар көздерін ашып жүздерінде шаттық орнату.

ІІІ кезең-

рефлексивті түзеуші

-Балалар ,қалай ойлайсыңдар ,бүгінгі күнді біз неге ерекше деп атаймыз?

Қандай елге саяхат жасадық?

Не деп аталады?

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау – мадақтау.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.Түсінгенін айтады.

Күтілген нәтиже :

Ұғынады: «Өзін- өзі тану» пәні туралы білімдерін кеңейту

Түсінеді:өзін-өзі тануға қызығушылығын арттыру

Қолданады: өзін және өзгелерді тануға