Просмотр содержимого документа
«Тік призма 9 сынып геометрия»
Сабақтың тақырыбы: Тік призма.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Бесбұрышты, алтыбұрышты, n бұрышты тік призмалардың кескінін жазықтыққа сала білуге,сонымен бірге призманың анықтамасын, қырларының, төбелерінің, жақтарының, табандарының анықтамаларын,бүйір беттерінің,толық беттерінің аудандары формулаларын меңгерту.
Дамытушылық: Тік призманың формулаларын жалпы түрде жаза білу және есептер шығаруда дағдысын жетілдіру,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ барысында өз бетімен жұмыстануға, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Үшөлшемдік әдістемелік жүйе
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, жұмыс дәптері,
деңгейлі тапсырмалар, бағалау бетшелері.
Сабақтың құрылымы: Өткен сабақты қайталау «Көпір» тапсырмалары .
Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру
Жаңа сабақты бекіту, жинақтау
Деңгейлік тапсырмалар .
Кезеңдері | Оқушыларға берілетін тапсырмалар |
1-ұйымдастыру кезеңі |
«Көпір» тапсырмалары | Мақсаты: а) Ұйымдастыру сәтін өткізу Сызбаларды қалай түсінуге болады? Түзу мен жазықтықтың орналасуының неше жағдайы бар? а Є α а α а║α Көпбұрыштың периметрі дегеніміз не? 3. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы? 4. Трапецияның ауданының формуласы? 5. Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданының формуласы?
|
ІІ кезең (топтық жұмыс) Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары |
«Білу» тапсырмалары | Мақсаты:  І. Тік призма табандарын жаз.----------------------- ІІ.Бүйір жақтарын жаз.------------------------ ІІІ.Бүйір қырларын жаз------------------------------. ІҮ. Тік призма биіктігі ретінде не алынады?------------------------ Ү. Тік призма бүйір беті ауданы?---------------------------- ҮІ.Формуласын жаз. ----------------------------------- ҮІІ. Тік призманың толық беті неге тең? ------------------------ ҮІІІ. Тік бұрышты призма қандай фигура?------------------------- ІX. Тік бұрышты призманың көлемінің формуласы?------------------ X. Тік призманың көлемінің формуласы?------------------------------ . |
Есте сақта! | Sбүй.б=p•H . Sтол.б=Sбүй+2 Sтаб V= авс (V= Sтаб•H) |
ІІІ кезең (жеке жұмыс) Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау кезеңі |
«Кері байланыс»Теория «Білу» | І деңгейдің есептері Дұрыс төртбұрышты призма табаны қандай фигура және оның табан ауданын қандай формуламен табамыз? Үшбұрышты дұрыс тік призма табаны қандай фигура? Егер үшбұрыштың табан қабырғасы 2 см болса, табан ауданы неге тең және көлемі неге тең?
|
2 деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл) |
«Түсіну» тапсырмалары | ІІ деңгейдің есептері |
Практика | №539 Есептер жинағынан Дұрыс төртбұрышты призма табанының қабырғасы 5 см, ал биіктігі 12 см. Көлемін есептеңдер.
|
3 деңгей (9 балл + 3 балл =12 балл) |
«Жинақтау» тапсырмалары | ІІІ деңгейдің есептері №375 Тік призманың табаны-қабырғасы 48 см болатын теңқабырғалы үшбұрыш, ал призманың биіктігі 10 см. Призманың толық бетінің ауданын есептеңдер. |
Үй тапсырмасы | №376; №377
|
Бағалау | Бағалау парақшалары арқылы оқушыларды бағалау. |