СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Туған жерім – тұғырым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балалрдың отанға деген сүйіспеншілігін артыру.

Просмотр содержимого документа
««Туған жерім – тұғырым»»

Эссе

«Туған жерім – тұғырым»

Орындаған:Смагулова Гульжанат Смакановна

Туған жер деген сөз жаныма ұяласа денемді бір тебіреніс биледі. Кіндік қаным тамған, ата-анам еркелетіп өсірген туған жерімнің аққайыңы мен ағып жатқан өзені маған өте ыстық. Туған жерге қызмет ету әрбір азаматтың игі арманы. "Ұлтарақтай болса да, ата-қоныс жер қымбат" – деген мақал әр адамның жүрегінде терең орын алады.Туған жердің табиғаты да бір ерекше!

Біз тәрбиешілер, болашақтың кілті – жас буындарды тәрбиелеп отырғаннан кейін, Отанымызға, туған жерімізге деген патриоттық сезімдерге бай болуымыз керек. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесін демекші, отбасынан кейінгі бастапқы ұя – балабақша. Туған жеріміздің қара топырағы мен асқар тауы, өзен–көлі, қалың орманы, шөл даласы, адамзатқа өте қажет. Сол үшін болашақ өскелең ұрпаққа, туған жерімізді аялап, қорғауға, Отанын сүюге,рәміздерді, Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу, достықты күшейту, ынтымақтастыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту басты міндет. Қазақстанымыздың әйгілі әнұраны, тұғырлы туы, еңселі елтаңбасы бар, егемен ел екенін түсіндіру тәрбиешілердің мақсаты. Әр бала туған елін мақтан етіп, сүйетін болса, біздің еліміздің тұғыры биіктеп, көркейе беретініне сенемін.

Туған елі мен жері үшін жанын құрбан еткен батырларымыз, оттай жалындаған жүректері бар жас қаһармандарымыз желтоқсан оқиғасында отан үшін күресті. Еліміздің барлық батырлары және олардың жасаған ерліктерінің барлығы, туған жерімізді, отанымызды қорғау мақсатында екеніне көзіміз жетеді. Отанды сүйікті де, жалғыз анамызға теңеген. Анасыз балаға өмір сүру қиын болса, отансыз халыққа өмір сүру мүмкін емес.

Әр адамзат осыны ешқашан естен шығармағаны жөн.

Алтын бесік – туған ел,

Тұғырынан асқан бел.
Жүрсем дағы талай шалғай жерлерде,
Дәл өзіндей көрмеппін мен көркем жер.
Сұлу, таза, мөлдір, көркем өзенім,
Шын жүректен арналады өлеңім.
Бала кезде Ертісте жүзіп, шомылған,
Өлеңім мен жырымды саған арнадым.