Күні : Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын туралы не білемін? В в дыбысы мен әрпі 133-сабақ |
Осы сабақта негізделген оқу мақсаты (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу)қолдану 1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Сөздерге буындық-дыбыстық талдау жасай алады |
Көптеген оқушылар: Сөздерден сөйлем құрай біледі: |
Кейбір оқушылар: Ұлттық ойындар туралы әңгімелей алады. |
Бағалау критерийлері | Сөздерді тұтастай оқиды. Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасайды. |
Тілдік мақсат | Вагон, волейбол, паровоз, вазелин, вальс |
Құндылықтарды дарыту | Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету.Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу. |
Бастапқы білім | Дауыссыз дыбыстар туралы біледі |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз | Ресурстар |
Сабақтың басы 2мин 5 мин | Топқа бөлу: «Санамақ» ойыны арқылы Қызығушылықты ояту: (Ұжымдық) Балалар, бүгін қандай әріп өтеді екенбіз? Оны білу үшін «Құпия жұмыртқаны» ( киндер сюрприз) ашайық. Ішінен 1, 3 сандарын және кішкене қағаз шығады. Қағазға жұмбақ жазылған. Қосылса 1, 3 арасы, қандай әріп қарашы? Шешуі: В дыбысы. Яғни, В дыбысын жалғастырады екенбіз. Жұмбақ шешу: «Вв». Бір - бірімен қорап үйлер тіркесіп, Қос сүрлеумен әрі - бері жүр көшіп. ( Вагон.) Бір атым бар – құлын болып тумаған, Құнан болып өспеген. ( Велосипед.) « Хош келдіңіз» - ұраны, Бір сөнбейді шырағы. Жұрттың бәрін қарсы алып, Шығарып сап тұрады. (Вокзал.) «Сөз ойла, көп ойла» ойыны. В дыбысы кездесетін сөздерден сөйлем құрап айту . Бағалау : мадақтау. | Жұмбақ |
Ортасы 10 мин 6 мин 2 мин 10 мин 8 мин | 1-тапсырма (топтық) Жасырылған ұлттық ойындардың суреттерін әр топ таңдап алып сөйлем құрайды.   Бағалау: мадақтау 2 – тапсырма . (Ұжымдық жұмыс) Оқулықпен жұмыс. Ат жарысының жеңімпаздарына берілген заттың не екенін жұмбақты шешу арқылы таба аласың. Үй ішінде – бөлме, Бөлме іші – көлде. Түрлі ұсақ балық Жүзді сайран салып. Бағалау: смайлик арқылы . Сергіту сәті Вагон ойынын ойнайык 3-тапсырма . (топтық жұмыс) Әр вагонға тиісті сөздерді орналастыру.  В в Э э Эстафета, электровоз, эшелон, экипаж. Волейбол, паровоз, вазелин, вокзал, вальс. Бағалау: смайлик арқылы. 4-тапсырма. (Жеке жұмыс) Дәптермен жұмыс Дәптердің 32-бетіндегі тапсырманы орындау. Әріптерден сөз құрап, жазу керек. Мысалы: Паровоз, автобус. Дифференцияланған тапсырманы орындау. | суреттер жұмбақ сурет Жұмыс дәптері |
Соңы 2 мин | Кері байланыс: Смайлик арқылы | |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Ұжымдық Топтық Ұжымдық Топтық Жеке | Мадақтау мадақтау Смайлик Смайлик смайлик | |
Сабақ бойынша рефлексия - Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? - Бүгін оқушылар не білді? - Сыныптағы ахуал қандай болды? - Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? - Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? - Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | |