І кезең-мотивациялық қозғаушы | Балаларды шеңберге тұрғызып, ақындардың туған өлке туралы бір өлеңін оқимын. | Өлеңді тындайды,сосын өлеңді қайталайды. |
ІІ кезең-ұйымдастырушылық ізденушілік | Балаларға Алматы қаласының суретін көрсетемін. -Бұл қай қала? -Ал мынау қай қала? -Бүгін еліміздің ірі қалалары туралы болмақ. Қазақстан картасын көрсету. -Біз бүгін Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз.Саяхатқа немен шығуға болады? -Сендер өздеріңді автобуста отырмыз деп ойлаңдар. «Жүргізушінің» кім болатының анықтап алайық.Жүргізуші автобустың қай жерінде отырады? -Балалар,біз бір қалаға келдік. Қай қала екенін айта аласыңдар ма? (суреті көрсетіледі) -Мынау не? -Мұнараны неге ұқсатуға болады? -Мұнарада тағы не бар? -Қалай ойлайсыңдар,айтқан тілектер орындала ма? -Сендер көз алдарына сол тілек еслестетіп,жақсы тілектерінді айтындар. Балалар картадан Астана қаласын белгілейді. Тақтадағы суреттер өзгертіледі. -Біз қай қалаға келдік деп ойлайсыңдар? -Оны қайдан білдіңдер? -Балалар біздің жүрген жолымызды мен картадан белгілеп қояйық. -Тағы бір үлкен қалаға келдік.Бұл қала еліміздің шахтерлер қаласы деп аталады.Ол қай қала? Балаларға Қарағанды қаласының көрікті жерлерін суреттен көрсетемін,қала туралы әңгімелеймін. Сергіту сәті: Алматым тұрсың мөлдіреп Сүйемін сені елжіреп! Астана-айбарлы тірек, Тұр соғып,болып жүрек! | -Алматы қаласы -Астана қаласы -Қалалар туралы болады. автобуспен,пойызбен, ұшақпен,машинамен. Балалар жүргізуші ретінде алдыңғы жақта отырған балалардың біреуін сайланады. Жүргізуші рольді айналдырып,балалар автобуста келе жатқандай болады. -Астана қаласына келгендерін айтады. -Бәйтерек мұнарасы -Шар ұстап тұрған алақанға,биік бәйтерек ағашқа ұқсайды -Қолынды қойып,тілек айтатын «тілек тасы» бар. -орындалады. -балалар қолдарын үстелге қойып тілектер айтады. Алматы қаласы -Алматы қаласы-жасыл желекке малынған әсем қала Қаланың алма бағында әлемге әйгілі апорт алмасы өсіріледі. -Қарағанды қаласы -Балалар суреттерден шахтаны,көмірді қалай өндіретінін туралы көреді. Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді. |
ІІІ кезең- рефлексивті түзету | Балаларға саяхаттары аяқталғанын айтамын.Оқу іс-әрекетін қортындылап,Қазақстан жұлдыздарының орындалуындағы «Туған өлкем» әнін үнтаспадан тындатқызамын. | Еліміздің басты қалаларымен танысқандарын ол қалаға өздері саяхаттап барғанын айтады. |