СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок на тему " Тотығу – тотықсыздану реакциялары;. Электрондық баланс әдісі"

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

9.2.2.5 – тотығу – тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;

9.2.2.6 – тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану - электронды қосып алу деп түсіну;

9.2.2.7 – электрондық баланс әдісімен тотығу – тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою;

Просмотр содержимого документа
«Урок на тему " Тотығу – тотықсыздану реакциялары;. Электрондық баланс әдісі"»


Сабақ жоспарлау үлгісі




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5 – Тарау: Тотығу – Тотықсыздану Реакциялары.

Мектеп: «М.Мақатаев атындағы №47 ЖОМ»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Битабарова Хадиша Исабековна

Сынып: 9 – сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тотығу – тотықсыздану реакциялары;

Электрондық баланс әдісі;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.5 – тотығу – тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;

9.2.2.6 – тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану - электронды қосып алу деп түсіну;

9.2.2.7 – электрондық баланс әдісімен тотығу – тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою;

Сабақтың мақсаты

Тотығу – тотықсыздану реакцияларынының тотығу дәрежесі өзгере жүретінін және практикалық маңызын таниды;

Тотығу – тотықсыздану реакцияларында электрондарды қосып алу және беру процестерін реакция теңдеуі арқылы көрсетеді;

Тотығу – тотықсыздану реакцияларын алгоритм бойынша құрып, электрондық баланс әдісімен коэффициенттерін кояды;

Ойлау деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану;

Бағалау критерийі

Тотығу – тотықсыздану реакциялары қалай іске асатынын біледі;

Тотығу – тотықсыздану реакция теңдеуін құру алгоритмі бойынша жазады және тотығу дәрежесін анықтайды;

Тотығу – тотықсыздану реакциясын жазып, электрондық баланс әдісі бойынша теңестіреді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар (сипаттай алады): Тотығу – тотықсыздану реакцияларын анықтай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Тотығу, тотықсыздану, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, электронды баланыс әдісімен теңестіру

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым):

Талқылауға арналған тақырып:

Оқушылар валенттілікті біле отырып, тоығу дәрежелерін анықтай алады

Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?

Оқушылар реакция теңдеуін толық жазып теңестіре алады

Жазбаша қолдаулар:

Тотығу дәрежелерін,реакция теңдеуін толық жазып теңестіру электронды баланс әдісі арқылы.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы;

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу;

Пән аралық байланыс

Биология, жаратылыстану.

Алдыңғы білім

9.2.2.3 Тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану;

9.2.2.4 Тотығу және тотықсыздану үдерістері бір – бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну;

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Сәлемдесу;

Топтарға біріктіру: «Атомдар мен молекулалар» әдісі;

Өткен сабаққа сілтеме: «Әңгімелесетін әріптестер»

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  • жаңа оқылған 3 факті туралы;

  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы

  • оларға қиын болып көрінгендер туралы

  • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

Жаңа тақырыптың оқу мақсатын таныстыру;



Сабақтың ортасы

30мин



1 – тапсырма: 5 минут























2 – тапсырма: 8 минут









Түсіндіру 10 минут





3 – тапсырма: 12 минут


  1. «Жалғасын тап» әдісі:

Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады.

1 – тапсырма:

1.Егер бөлшек (атом, молекула, ион) электрондарын берсе ................... болады;

2. Егер бөлшек (атом, молекула, ион) электрондарын қосып алса ............ болады;

3. Реакция нәтижесінде 1–сөйлемдегі зат ......... болады;

4. . Реакция нәтижесінде 2-сөйлемдегі зат ........болады;

Дескриптор:

Тотығу – тотықсыздану ракцияларында қосып алу, беру процестерінің атауларын табады;



  1. «Кинометафора» әдісі:

2 – тапсырма: Бейнесюжеттен корген үдерісті топпен талқылаңдар.

Дескриптор:

Тотығу – тотықсыздану реакцияларында тотығу дәрежесінің калай өзгеретінін бейнесюжеттен анықтайды;

ҚБ: «Серпілген сауал» әдісі;

  1. «Толықтыру» әдісі;

Электрондық баланс әдісін түсіндіру.



3 – тапсырма: Топтық жұмыс «Елші» әдісі

1: Реакция теңдеуінің сұлбасын жазу;

2: Элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау;

3: Электрондық теңдеу құру;

4: Баланс құру;

5: Теңдеуді теңестіру;

6: Тотығу дәрежелерін өзгертпеген элемент атомдарының сандарын теңестіру;

7: Теңдеуде оттек және сутек атомдарының сандарын соңынан теңестіреді;

Жоғарыдағы тотығу – тотықсыздану реакциясы

теңдеуін құру алгоритмі бойынша элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңдар

1 – топ:

2 – топ:

Zn+HCl=

Н2О2 =

Ca+O2=

CaCO3+SiO2=

CuSO4+Fe=

Na+Cl2=

Ba(OH)2+H2SO4=

KClO3=

3 – топ:

4 – топ:

Mg+O2=

K+H2SO4=

AgNO3+NaCl=

Fe(OH)3=

CaO+H2O=

HNO3=

Na+H2O=

HCl+KNO2=



Дескриптор:

  • Реакция типтерін анықтап, тотығу – тотықсыздану реакция теңдеулерін жазады;

  • Тотығу – тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен коэффициенттерін койып, теңестіреді;

ҚБ: «Айналмалы бекеттер» әдісі

Стикерлер, бейнесюжет, окулық, периодтық кесте;























https://youtu.be/RamAi_9Wtrs

https://youtu.be/8EzxqPi9t9I



Сабақтың соңы

5 мин

«Қара жәшік ішіндегі жұмыс» тәсілі

Кері байланыс жүргізу

Кері байланыс, диалогтік оқыту

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Деңгейі төмен оқушыларға тапсырма: Берілген реакция теңдеуінен тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтап, тотығу дәрежесі қалай өзгеретінін тап?

1.Zn + Cl2  =ZnCl2

2.P2O5 + 5C = 2P+ 5CO

3.2KClO3 = 2KCl +3O2

  • Деңгейі жоғары оқушыларға тапсырма:

  • 1 – тапсырма:

  • Тотығу – тотықсыздану реакциясын орындап электрондық баланс әдісімен коэффициенттерін койып теңестір, тотыққан және тотықсызданған заттарды анықтап оларды талда.

K2Cr2O7+H2SO4+H2S=

Na2SO3+KOH+KMnO4 

KMnO4+H2О+Na2SO3=

KMnO4+HBr+H2SO4=

2 – тапсырма:

S+HNO3=H2SO4+NO2+H2O берілген реакция бойынша 3моль тотықтырғышпен әрекеттесетін тотықсыздандырғыштың массасы (Ж:16)



«Серпілген сауал» әдісі, «Айналмалы бекеттер» әдістері арқылы, «Қара жәшік ішіндегі жұмыс» тәсілі, дескриптор арқылы бағалау, сұрақ – жауап арқылы бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?