Мақсаты:Оқушылардың мәтін мазмұнын ұғынып, бойларына адамгершілікті қасиеттерді сіңіруі; батаның казақ халқы үшін мән-маңызын ұғындыру;Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», АКТ, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», ОүБ, «Ой қозғау».
Просмотр содержимого документа
«Урок по казахскому языку: "Ақ бата"»
Тақырыбы: Отбасында берілетін бата
Мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын ұғынып, бойларына адамгершілікті қасиеттерді сіңіруі; батаның казақ халқы үшін мән-маңызын ұғындыру; Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», АКТ, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», ОүБ, «Ой қозғау».
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, Қазақстан тарихы, саз.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) психологиялық дайындық. ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: ІІІ.Жаңа сабақ. а ) «Ой қозғау»

Тақтадағы суреттерге қарап,оқушылардың бүгінгі сабақтың не жөнінде болатынын айтуы. (Слайдтар көрсетіліп жатқанда, жай әуенмен А. Еңсеповтың «Балалық» күйі тартылып тұрады.) - Сонымен, балалар,суреттерді көріп отырып, қандай пікірге келдіңдер? Бүгінгі сабағымыз не жөнінде екен? Сабақ тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?Балалардың жауабынан кейін интерактивті тақтада күннің жады,сабақ тақырыбы, «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас» эпиргафы жазылып тұрады. ә).Сөздік жұмысы:
Жаңа сөздерді бірінші өзім оқып, содан соң оқушыларға оқытып, сөйлемдер құрату. ІІІ. Пысықтау.а). Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.
1.Батаның негізгі түрлерін (ақ бата, теріс бата) және олардың мағынасын айту.
2. Қабыл болатын үш бата туралы мәлімет беру
Ата-ананың баласына берген батасы.
Жолға шыққан жолаушының батасы.
Себепсіз біреуден зиян көрген адамның батасы.

ә)Тапсырма:
1. Сөйлем мүшесіне талдау: Батаны жасы үлкен адам береді. 2. «Ақ тілек» сөзін тәуелдеу; 3. «Бата» сөзін септеу;
2. Мақалдардың мағынасын ашу: 1.Жақсы сөз- жарым ырыс. 2.Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер. 3.Көп тілегі-көл Қорыту. « Не білдім? Не үйрендім?» сұрағы бойынша балалардың ой-пікір, ұсыныстарын топтастыру арқылы сабақты қорыту. 
Жағдаяттық сұрақтар:
1.Неліктен жолға шыққан жолаушының батасы қабыл болады?
2. «Бата отбасының бақытты болуына ықпал етеді» дегенді қалай түсінесіңдер? Бата берілген отбасы бақытты болады дегенге келісесің бе?
3.Жақында еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жыл мерей тойы. Соған байланысты еліңе, халқыңа қандай тілек айтар едің?
Қорыту. Сабақтың эпиграфын ашу. «Алғыс алған арымас, Қарғыс алған жарымас.»
Үйге тапсырма. «Отбасында берілетін бата» мәтінін оқу, әңгімелеу; «Көп тілегі-көл»тақырыбына эссе жазу.
Оқушыларды марапаттау.
Сабақты мұғалімнің игі тілекпен аяқтауы.
Ақтау қаласы
«Мемлекеттік тілдің үздік ұстазы» облыстық сайыстағы сабақ тақырыбы:
Отбасында берілетін бата
Мұғалімі: Оразова Салтанат Алипбаевна
Сыныбы: 8
Күні: 23.09.2016 ж.
2016/2017 оқу жылы