Просмотр содержимого документа
«Зертханалық жұмыс №7.Дербес компьютердің перифириялық құрылғылары»
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ҚАРАТАУ ҚҰРЫЛЫС–ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_________С.С.Анарбекова
«Операциялық жүйе »
пәні бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
№ 7
Дербес компьютердің перифириялық құрылғылары
Қаратау 2020
Әдістемелік нұсқауды құрастырған: «Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» оқытушысы Жұманалиева Г.С.
Әдістемелік нұсқау «Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері»
отырысында қарастырылып колледждің әдістемелік кеңесінде бекітуге ұсынылды
«Арнайы ақпараттық- химиялық және техникалық білім беру пәндері» ЦӘК меңгерушісі ____________ Т. Узақбаев
Хаттама № ______ «____»_______ 2020 ж.
Әдістемелік нұсқау колледждің әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілген
Хаттама № ______ «____»_______ 2020 ж.
Колледждің әдістемелік
кеңесінің төрайымы ___________ Шуленбаева А.
Колледждің әдіскері ___________ Уртаева Ж.
Әдістемелік нұсқау колледж ішінде пайдалануға ұсынылған
Тәжірибелік жұмыс № 7
Тақырыбы: Дербес компьютердің перифириялық құрылғылары
Мақсаты: : Баспаға шығару құрылғыларымен және енгізу құрылғыларымен танысу, оларды баптау
Енгізу курылғылары
Мәліметтерді енгізудін ең негізгі кұрылғысы пернетақта болып табылады. Одан баска да енгізу кұрылғыларына тышкан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын кұрылғы. Трекболдың тышканнан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.
Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалык кұралдардың көмегімен өнделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.
Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы колданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі.
Мәліметтермен алмасу құрылғысы
Модемдер (Модулятор + Демодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін колданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.