СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ж.Аймауытов "Күн менікі" өлеңі 7-сынып

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

ақын өмірі мен шығармашылығын таныстыру. өлеңін мәнерлеп оқу.

Просмотр содержимого документа
«Ж.Аймауытов "Күн менікі" өлеңі 7-сынып»

Күні: 24.11.16 Пәні: әдебиет Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:  Ж.Аймауытов «Күн менікі»

Сабақтың мақсаты: Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесінен алынған «Күн менікі» үзіндісін оқыту, ерекшелігін ұғындыру.

Міндеттері:

1. Шығарма мазмұнын меңгерте отырып, оның тақырыбы мен идеясын, жазушы шеберлігі мен шығарма ерекшелігін айқындау;

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу, шығарма мазмұнын талдау дағдыларын дамыту арқылы оқушылардың танымын арттырып, ойлау белсенділігін жетілдіру;

Халқымыздың салт-дәстүрлерін қадірлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды оқып-үйрену сабағы

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалары

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

(оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын есепке алу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару)

ІІ Жаңа сабақ

Аймауытовтың үлкен проза саласындағы тағы бір елеулі еңбегі - «Күнікейдің жазығы» повесі. Ол «Жаңа әдебиет» журналында жарияланған. Кітап болып басылып үлгермеген. Бұл шығарманың тақырыбы да әйел теңдігі, негізі кейіпкерлері - кедей қызы Күнікей. Сол кезеңдегі әлеуметтік әділетсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры Ж. Аймауытовтың 1928 жылы жазылған "Күнікейдің жазығы" атты хикаятына да арқау болды. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікейдің тағдыры арқылы жазушы ел өмірін, көшпелі жұрттың еш нәрсеге бас қатырмай, жайбарақат кешіп жатқан тіршілігін көзге елестетеді. Шарасыздықтан, әрекетсіздіктен сақтандырады. Ескіге қарсы күресу идеясын көтереді. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікей кедей қызы болса да, еті тірі, пысық. ПІығарманың басында оның ұсқынсыз күйін, қараңғы үйде жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ. Өзі ауру. Жазушы осы тұста шегініс жасап, Күнікейдің өткен өміріне үңіледі. Қыздың өскен ортасы, отбасының жұпыны тіршілігі суреттеледі. Әкесі Құлтума—байдың малын баққан момын адам. Шешесі Шекер — үй тұрмысын берік ұстаған ширақ әйел. Күнікейдің жаратылысы да ешкімнен кем емес. Өрелі, өнерлі жас болып өседі. Тұрмыстың ұсақ-түйек етекбастылығынан өзін жоғары сезінеді Арын таза ұстайды. Сөйтіп жүргенде арам ойлы қаскүнемдердің қастандығына тап болып, кеудесін ашу мен ыза, намыс пен кек кернейді. Өзі үшін күресе жүріп, ұзатылған жерінен қашып кетіп, сүйген жігітіне қосылады. Бақытына енді қолым жетті дегенде, сүйген жігіті Байман да опасыздық жасайды. Күнікейді ауру еткен осы жағдайлар болатын.

Күнікейдің басынан өткен бұл жайларды жазушы сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығымен сабақтастыра суреттейді. Ескіліктің бұғауын бұзып, қыздың ұзатылған жерінен қашып шығуын, сүйгені Байманға қосылуын баяндау арқылы жазушы сол кезеңдегі адамдар санасында оянған азаттық, бостандық идеясын жеткізуге тырысады. Бірақ әлі де болса шын бостандық жоқ, қазақ ауылына шынайы азат өмір жеткен жоқ еді. Күнікейдің соңғы тағдыры, Байманның опасыздығы осыны аңғартады.

1) «Күн менікі» әңгімесін тізбектеп оқыту

2) Басты оқиғалар бойынша жоспар құру

3) Кестемен жұмыс

«Күнікейдің жазығы» повесіндегі кейіпкерлерді талдауға арналған семантикалық карта сызбасы.

Р/с

Шығарма кейіпкерлері

Адамгершілік қасиеттер

Пенделік қасиеттер

1

Күнікей



2

Шекер



3

Тұяқ



4

Ордабай



5

Құлтума



6

Шәмши








4) Шығарманы талдау

Жай сұрақтар

Проблемалық сұрақтар

Күнікей қандай кейіпкер?

Қалай ойлайсыңдар, Күнікей кім?

Ол неге атастырған жерінен қашып кетті?

Жалғыздық қамытын киіп, тағдыр тәлкегіне ұшырауының басты себебі не?

Оқиға неге Күнікейдің қасіретінен басталады?


Оқиғаны шегініс арқылы дамыта отырып баяндаған жазушы көзқарасы туралы ойың қандай?

Күнікейдің кедей отбасынан екенін әңгімелеңдер

Күнікей өскен ортаны суреттеу арқылы көшпелі елдің жауапсыз моральдық сипатына кінәлі кім?

Көшпелі жағдай туғызған әдет-салтқа Күнікей қарсы тұрып күресе алды ма?

Күнікей өзі қалаған адамына шығу үшін кедергілерге кездесті ме? Оны қалай жеңді?

Сол кездегі салт, дәстүр ескілік пе?

Жалпы қазақ қызын қор еткен тұрмыс тіршіліктен азғындаған топтар типі жасалды ма? Бұл қоғам дерті ме?

«Қалың мал», «атастыру» ұғымы туралы не айтасың?

Тұяқ сияқты жігіттер бар ма? Олар туралы не айтар едіңдер?

Күнікей Байменмен бақытты болды ма?

Баймен Күнікейді бақытты ете алды ма? Күнікейдей қызға Баймендей жігіт лайық па еді?

Баймен Күнікейді неге тастап кетті?

Баймен Күнікейді бақытты ету үшін күресті ме? Күресу жолын таба алар ма едіңдер?

топтық тапсырмалар беру ұйымдастырылды.

1-топ

1. Хикаятта қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері суреттелген? Мысал келтіре отырып әңгімелеңдер.

2-топ

1. Шығармадағы нақыл сөздерді тауып, теріп жазыңдар.

3-топ

1. Көнерген сөздерді тауып, түсіндірме сөздікті пайдалана отыра мағынасын ашыңдар, мысал келтіріп дәлелдеңдер.

Конец формы

IІІ Бекіту

Венн диаграммасын толтыру

(«Әнші» және «Күн менікі» әңгімелері бойынша)
2) «Екі жақты түсініктеме күнделігі».

Мәтіндегі түсінуге ауыр сөздер.

Түсіндірме сөздікпен жұмыс.

1

пәуеске


2

тажал


3

замат


4

матастыру


5

томар


6.

кебеже



ІV Үйге тапсырма беру

1. Әңгіме мазмұны бойынша композициясын құру.

2. «Күнікей неге кінәлі?» (эссе)

3. Салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.

V Бағалау