КГУ «№178 лицей» г.Алматы
Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар,ыстық бұлақтар,гейзерлер.
Сабақтың мақсаты: Гейзерлер мен жанартаулардың пайда болу
ерекшеліктерін оқып үйренуді қалыптастыру.
Сөнген және сөнбеген жанартаулардың
айырмашылықтарымен таныстыру.
Жанартаудан шыққан тау жыныстарын тани
білуге үйрету,ол тау жыныстары мен
гейзерлердің шаруашылықта қалай
пайдаланатындығын анықтау.
Көрнекілік: Жарты шарлар,дүние жүзінің физикалық,тектоникалық карталар. Интерактивті тақтаға «Магма», «Лава » , «Мантия» терминдерін, «Жанартау сызбасын », кескін картаны шығару. Электрондық оқулықтағы «Жер сілкіну » фрагменттерін көрсету.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Нақтылы мәліметтер мен түсініктерге арналған тапсырма.
-Жер сілкіну дегеніміз не, оның себебі қандай? ( Жер сілкіну негізінен тектоникалық қозғалысқа байланысты, қозғалыстың әсерінен пайда болған жер бетінің тербелісі мен жер асты дүмпуі).
-Терминдерді түсіндір: ошақ,эпицентр,жер сілкіну күші.
-1,3,7,10 баллдық жер сілкінулер қандай күйге түсіреді,қалай қиратады?
-Орқаш тау мен опырмалы ойыс дегеніміз не? Қандай қозғалыстардың әсерінен пайда болады?
Байланыс заңдылықтары-түсініктерін тексеру тапсырмасы.
-Біздің жерімізде жер сілкіну бола ма? Не себептен?
-Не себептен жер сілкіну сейсмикалық белсенді зоналарда болып жатады?
- Жер сілкінуді қалай болжай алады?
-Жер сілкіну аймағына салынатын құрылыстарға қандай талаптар қойылады?
Іскерлік пен шеберлікке арналған тапсырма
-Дүние жүзінің тектоникалық картасынан жер сілкінетін аудандарды көрсету.
-Жер сілкіну кезінде нені біліп,не істеу керек?( Үйдің ішінде немесе далада болсаң).
III. Жаңа сабақ.
Жер бетінде ерекше «От шашатын таулар » бар. Оларды жанартаулар деп атаған.Ол туралы сендер дүниетанудан да өткенсіңдер.Бұл атауды ежелгі римляндықтар от құдайының жанартауы деген ұғыммен берген.
( Электронды оқулықтағы жанартаудың атқылауын немесе «Жанартау » видеофильмін көрсету қажет).
-Сонымен біз табиғаттың қандай құбылысын қарастырамыз.
-Міне,жанартаудың не екенін білдіңдер,ол қалай пайда болады,не себептен жанартаулар мұхит бетінде көп болады? Не себептен гейзерлер белгілі бір уақыт арасында атқылайды? Т.б. жәйларды бүгінгі сабағымызда естіп білесіңдер.
-Жанартау дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?
-Кәне,ең бірінші « жанартау » атауы қалай,қайдан шықты, соны тыңдап көрейік.
« Жанартау »- Вулкан атауы қайдан шықты? ( Оқушы хабарламасы).
Ежелгі халықтар жанартаудың атқылауы – ол құдайдың қарғысы деп білген.
Ежелгі грек аңыздарында Зевс пен қайырымсыз, мейірімсіз құбыжық Тифон арасындағы,яғни от шашқан тау мен жер сілкінісі кейпіндегі құдайлар арасындағы қорқынышты жекпе-жек сипатталады.Жердің астынан шыққан Тифон адамды шошытатын дауыспен бүкіл ауаны дірілдетіп жібереді.Лапылдаған от оның жан-жағын қоршап,аяғының асты қорқынышты дірілге толды.Тайсалмаған от құдайы Зевс қарсы тұрып, шайқас басталады.Жер мен Аспан бірге солқылдайды. Зевстің найзағайы жүздеген отты оқ болып атылып, оттан бүкіл ауа, тіпті бұлттар да жанып жатқандай болды.Тифон жерге гүрс ете қалып жығылады.Жауын жерден көтеріп алған Зевс оны тұңғиық Т. ( сұрау) лақтырып жібереді.Бірақ қаһарлы, айбатты Тифон Т(сұрау) да барлық тіршілік иелерімен құдайларға қауіп төндіреді, дауылдар шақырып,жерді сілкіндіреді.
Гректерде белгілі және атақты болған Гефест ұсталардың қамқоры-тамаша шебер болатын.Ежелгі гректер оны Жерорта теңізіндегі Гиеру аралында төбесінен түтін үзілмейтін таудың ортасында тұрады және қару соғып жатады деп ойлайтын.
Гефест құдайының ең негізгі ұстаханасы Этна тауының ортасында Сицилия аралында орналасқан.Этна ( биіктігі 3263 м) 130 рет тасып құртылған.
Ежелгі гректерде де от құдайы менұста алғашқыда Гефест деп аталды да кейінірек Вулкан деп аталды.
Ол өзінің сауытын Италия жағалауында Тиррек теңізінің ортасында Вулкан аралындағы таудың ішінде соғатын.Таудан үнемі түтін мен от шығып жататын.
Уақыт өткен соң кез-келген от шашатын таудың атын «Вулкан-Жанартау » деп атады.
-Жанартаудың сызбасын дәптерлеріңе салыңдар.( Интерактивті тақтаға оқушы шығады).Кратердің көмейі,өңешін,конусын белгілеңдер.
1-қатар кратердің көмейінің
2-қатар өңешінің
3-қатар конусының не екенін жазады.
Кратер ( грек. Krater-үлкен тостаған)-диаметрі бірнеше ондаған метрден бірнеше километрге созылған ойыс.Әдетте кратер таудың басында-шыңында орналасады.
Көмей-өңеш –магма ( лава ) ағып шығатын тік немесе көлбеу канал.
Конус –қашқан лавадан пайда болған жанартаулық тау.Сұйық лава атқылап шыққан кезде жатық беткей,қоймалжың лавада күмбез тәрізді беткей пайда болады
-Қалай ойлайсыңдар конус қалай пайда болады?
-Шынында да конус біртіндеп өсе ме?
-Жер қыртысының жарықшағынан лава құйылады.Сыртқа құйылған лава қатады да, оның үстіне екінші қабат,әрі үшінші қабат қатады, т.с.с. Сонымен қабатты конус пайда болады.
-Қалай ойлайсыңдар,сендердің алдарыңдағы жанартау ма,әлде жай тау ма,қандай ерекшелігіне қарап анықтайсыңдар? ( Жанартауда көмейі,кратері және қабатты конусы болады).
-Алғашқы сызбамызға қайтып оралайық.Екінші көмейі мен кратері бар дегенді қалай атаймыз? ( Бүйірлік немесе паразитті).
-Бірақ жанартаулардың кейбіреуінде конус болмайды немесе конусының құрылысы өзгеше болады.
Жанартаулар атқылауының пішіндері мен түрлері әртүрлі.Кейбір жанартаулар ( Гаваи аралында) беткейі жазық сияқты көлбеуленген және табандары кең- гаваилық дейді.Мұндағы атқылаған лавалар тез шығады да, жолындағылардың бәрін басып қатқанша бәрін жояды.Ал енді Фудзияма ( Жапонияда) жанартауы лава ағыны мен күлдері кезектескен құзды беткейлерден тұрады.Страмболи ( Италия) жанартауы атқылағанда магмалар баяу қозғалып, кратер маңында лава баспалдақтарын қалдырған.
Жанартаулар мұхит астында да кездеседі, құрлықта да.
Жауап беріп көріңдерші, жанартаулардың материктік жер қыртысында пайда болу себебі неден?
Оқушылар құрлықтағы жанартаулардың литосфералық тақталардың ажырасқан аймағында кездесетінін айта алатындай ойға жетектеу қажет, яғни жарық ауданында.Бұл жерлерде лава жарықшақ арқылы көтеріледі.
Дәптерлеріңе сызбаны сызып алыңдар.
-Кейінірек бұл сызбаға тағы қайтып келеміз.
-Сонымен жанартаудың қандай конустары болады? Жанартау деген не?
Жанартау- жер бетіне лава атқылайтын жер қыртысының үстінде пайда болатын геологиялық түзіліс.
Оқушыларда басқа да анықтама болуы мүмкін: Жанартау кейде конустары бар,кратер және көмейі бар геологиялық түзіліс.
Сызбаға қараңдаршы,қалай ойлайсыңдар,жер сілкіну қайда көп: мұхит астында маәлде материкте ме? ( Мұхит астында,себебі онда мұхиттық жер қыртысы өтежұқа,оңай жанады).
Жанартаулар сөнбеген, сөнген,тынышталған ( ұйықтап жатқан) болып бөлінеді.Оқулықта 55-беттен оқушылар тауып оқып береді.( Тынышталған жанартаулар жайлы тарихи мәліметтер жоқ,бірде-бір рет атқыламаған,сондықтан оның әрекеті тоқталған).
-Жанартаулар мен біздің қазіргі танысатын табиғат құбылысы үнемі бірге кездеседі.Тыңдап жауап беріңдер,ол туралы бастауыш сыныпта да танысқансыңдар. Ыстық сулар мен булардың оқтын-оқтын фонтан түрінде атқылап тұратын су көзі ( Гейзер) . ( Сурет )
-Не себептен гейзерлер жанартаулармен бірге кездеседі? ( Магма жер бетіне жақын келіп,жер асты суларын жылытады,олар сол жерден фонтан сияқты атқылайды).
Экранға « Магма », «Лава », «Мантия » сөздері шығады, мұғалім осы заттардың қайсысынан қайсысы кезек келетінін,қалай өзгеретінін көрсетуді сұрайды.
Мантия → Магма → Лава
-Естеріңе түсіріңдер,мантияның жағдайы қандай еді? ( Қоймалжың,тұтқыр).
-Неге мантия қоймалжың,тұтқыр, оның tº + 2000º + 2500º қой. ( Себебі оған өте жоғары қысым әсер етеді, сондықтан ондағы зат сұйық бола алмайды).
-Мантия қоймалжың , бірақ қай жерде мантия сұйық болуы мүмкін? ( Жарықтар маңында қысым азаяды).
-Мантия сұйық күйінде магма болады.Магма сыртқа шыққанда ---------- (лаваға) айналады
-Ал енді жұптасып,бір-біріңе мантия,лава,магманың не екенін айтып беріңдер.
-Ал,кәне енді жанартаудың қандай өнімдері туралы сипатталады,тауып көріңдер.
● Температурасы 1000º с жететін, беткей бойымен 50 км/ сағ. жылдамдықпен ағатын не? ( Лава)
Лава жолында өзен,көл немесе теңіз кездестірсе, ол тез қатып, жанартаулық-обсидиан әйнегін құрайды.
● Бұрыш секілді пішіні бар және мөлшері үлкен, тіпті кейде саяжайдағы үйлердің үлкендігіндей болады.Бұл не? ( Жанартаулық бомба және үйілген кесек).Бомба домалақ, созылған, сонымен бірге ұшып бара жатқандай бейнесі бар,тіпті кейбіреуінің комета сияқты құйрығы болады.
●Қарапайым көзге ешқандай ерекшелігі жоқ, ал егер микроскоппен үлкейтіп көрген кезде,жанартаулық әйнектің сынықтарын көруге болады.Олардың пішіндері кішкене үшбұрыштар секілді. Бұл- жанартаулық күл.
● Температурасы 800-1000º .Жылдамдығы 300 км/ сағат.Жолындағы ағаштарды, үйлерді, адамдарды құртып жібереді.Бұл- жанартаулық газ.Өтеқатты қызған, күйіп тұрған газ беткейдің бойымен тез жылжиды.
Везувий аранын ашып
Аузынан түтін мен от шашып.
Алқапта жайылған заттары,
Барады тоқтамай қашып.
Жері де дірілдеп,толқып,
Құлаған бағандар
Барады су бетінде қалқып.
Адамның үрейі ұшып,
Кейбіреуі жатады жерді де құшып.
Жауады жаңбырдай,
Домалаған тастары.
Үстімен балқыған,
Күл менен топырақ.
Барады жүгіріп, Кәрі мен жастары.
- Жанартаудың қандай заттары өлең жолдарында айтылады?
( Лава,жанартаулық бомба, күл).
-Ал енді жанартау түрлеріне қайтып оралайық.Жанартаудан атқылаған заттардың 6 түрінде сипаттаңдар. ( Жұмыс топпен орындалады).
IV.Сабақты қорытындысы.
-Сонымен біз жаңа тақырыпты талқыладық.Қорытынды жасап көрелік.Не көрдік? Не білдік?
V. Үйге тапсырма.
1.§20 қайталау.
2.§ 21
3.Кескін картаға Катопахи,Килиманджаро, Везувий, Этна, Ключий шоқысы, Кракатау,Фудзияма, Гекла, Эльбрус жанартауларын түсіру.
Мұғалімдерге арналған ақпарат.
Кальдер- (португал. – ошақ,қазан). Сөнген жанартаудың басындағы терең қазаншұңқыр.
Магма- ( грек тілінен magma- қою май). Жердің терең бөлігіндегі балқыған масса.
Мантия- ( грек.mantion-жапқыш, делбегей-плащ)-Жер ядросын қоршап тұрған геосфера. Қатты, кристалды түрде болатын зат ( болжам бойынша қоймалжың да болады).
Лава- ( латын тілінде laveles-опырылу,құлау)-Жер бетіне атқылайтын магма.
Гейзер- ( Исландия сөзі-geyso) атқылау.
Везувийдің атқылауы. Помпейдің қирауы.
Апатты , қайғылы жағдайды біздер ғалым Плинияның біздің заманымызға дейін Рим жазушысы Тацитке жазған сақталып келген хатынан білеміз.Онда ол өзінің ағасы үлкен Пилинияның қазасы туралы жазған. « 24 тамызда түс мезгілінде таудың басынан ерекше көлемдегі бұлт көрінді.... Ауа ағынымен тік көтерілген бұлт жоғарыда біртіндеп таралады.Сонымен бірге жоғарыдан жарылған ыстық тастар жауа бастады.Теңіз тез тайыздады.Осы кезде Везувийден жалаңдаған от тілдері шығып,отты баған жоғары көтерілді.Басқа жердің бәрінде жарқырап Күн шығып тұрғанда ,біздің жерімізде қап-қараңғы түн еді... »
Адамдар 2000 жыл бойы Везувий жанартауының атқылауын басынан кешірді.Жанартаудың атқылауы аяқталғанда бір кездегі өркендеп,гүлдеп тұрған қалалар жер бетінен мүлдем өшті.Стабия қаласын лаваның ыстық «өзені » күйдіріп жіберді, Геркуланды лайлы тасты ағын басып қалды, ал Помпейді бірнеше метрге жететін ыстық күл мен тастар жауып тастады.Мыңдаған адамдар қайтыс болды.