ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ СЦЕНАРИЙІ «ЖАРҚЫРАЙДЫ ЖЫЛ ШАМЫ»
Ортаға жүгізуші мен екі бала шығады:
1 бала: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
2 бала:ағылшын тілінде тақпақ
Жүргізуші:Тауда туып,тауда өскен
Шырша келді ортаға
Келді кезек қарсы алуға
Балаларды ортаға
Көңілді әуен ойнап тұрады.
(Балалар залға кіреді)
Ән: «Шырша тауда туыпты
Балалар орындарына отырады
Жүргізуші:
Жаңа жылда қызық көп
Кереметтер болады
Әсем ән мен тілектер
Көңілдерге толады
Кенеттен есіктен Мыстан кемпір басына Ақшақардың бас киимін киип жүгіріп кіреді.
Мыстан Кемпір:
- Ой, ой,ой, үлгірдім ау.
- Балалар, міне менде Ақшақар келіп қалдым.
Жүргізуші:
- Сәлеметсзбе, Сиз ақшақарға үқсамайсыз(балалардың жауабы)
Мыстан кемпір:
Мен мыстан емес, Ақшақармын.
Жүргізуші:
- Балалар, Ақшақарға ұқсайма?
- Сол кезде Мыстан қолына телефон алып:
- Кощей, кощей,прием,прием, мен балаларды алдадым, енді сыйлықтарды ұрлап әкетемін,операцияны бастаймын!
Залға жүгіріп Аққала келеді.
Аққала:
- Салеметсздерме, балалар!
- Балалар, Мыстан кемпір сендердің сыйлықтарынды ұрлап кеткісі келеді, оны қууп жіберу керек.
Мыстан:
- Егер маған тақпақ айтып,менмен ойын ойнасандар, мен қайтадан орманға кетемін.
Жүргізуші:
- Жақсы, Мыстан, біз саған сендік, біздің балаларымыз тек казақша емес ағылшынша тақпақтар біледі.
Мыстан кемпір қатты күліп, жарайды айтындар деп, шыршаның түбіне отырады.
Балалардың тақпақтары:
Ағылшын тілінде
Аққала:
Мыстан, балалармен ойын ойынайық.
Ойын"Қар жинау"
Аққала:
Мыстан, ма саған кәмпит, менен сыйлық:
Мыстан:
Жоқ, керек емес, мен кәмпит жемеймін.
Аққала:
Ендеше, біздің кішкентай кәмпиттеріміз билеп берсін.
Би "Кәмпиттер"
Залға музыка әуенмен Ақшақар келеді.
Ақшақар:
- Салеметсздерме, балалар, жаңа жылда келіп қалды.Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
-Мыстан:
- Балалар, мен Ақшакармын, мен ең сүлу, ең әдемі.
- Ақшақар, Аяз-Атасыз жүрмиді.
Ақшақар:
- Қазыр келіп қалатын болар, сағат неше?
Би "Сағаттар"
Балалар, Аяз-Атаны шақырады.
Залға көңілді болып, Аяз- Ата келеді.
- Уф, уф, балаларым менің, міне менде келіп, жеттім.
Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым!
Аталарың сендерге
Асығып жетті алыстан
- Қандай керемет шырша,
- Қандай керемет балалар.
Өлең №2" "
Аққала:
- Аяз- Ата, Мыстан Кемпір, балалардың мерекесін бұзбақ болып тұр.
Аяз- Ата:
- Кәне, алып кел, мұздатып тастайн.
Мыстан:
-Жоқ, жоқ, балалар мені бір жол кешіріндерші, мен орманға кетемін, мен жақсы, көңілді әжемін.(ата-аналармен ломбада билеп ойын ойнайды)
Аяз- Ата:
- Аққала, Мыстанды шығарып сал ормаңға дейн.(Аққала мен мыстан шығып кетеді)
Өлен №3(В лесу родилась елочка)
Жүргізуші:Аяз ата,балалар осы мерекені куана күтып сізге тақпатарын дайындады
(үлдардың тақпақтары):
Аяз ата:
Рахмет қандай тамаша!
Аяз ата:
Балалар, шыршаның шамы неге жанбаған, кәне бәріміз
-Бір, екі, үш
Шырша шамы жарқыра
Шырша шамы жанады.
Өлен №4 « »
(қыздардың тақпақтары)
Аяз ата: қыздар, тақпақтарың күшті екен
Ақша қар ата-аналармен ойын өткізеді(5 ата ана шарды отырып жару керек музыкамен)
Жүргізуші:Балалар,осы жыл ненің жылы болды?
-Балалардың жауабы
Залға музыка әуенімен Доңыз келеді.
- Салеметсздерме, балалар, міне Дөңыз жылыда аяқталып қалды, сендер өте тәртіпті болдыңдар, көп дәрежелерге жеттіндер.
Канеки,осы жыл көпке дейін есте калсын деп бір ойын ойнап жиберейік(ойын 2шыршаны безендіру)
- Ал енді мен кезекті жаңа Тышқан жылына берейн.
Залға Доңыз Тышқанды алып келеді.
Тышқан:
-Балалар, жаңа жыл тек жақсылық әкелсін. Аман болайық
Балалардың биі.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар тағы да келген 2020 жылы баршамызға құт береке әкелсін!
Сау болыныздар!!!
«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11 бөбекжай-бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Сценарий «Жарқырайды жыл шамы»
Ересек «Балбөбек» тобы
Дайындаған: Испаева Б.К
Қостанай
2019-2020 оқу жылы