СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жоғары Соттың Пленумы және оны өткізудің тәртібі

Категория: Право

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырып: "Жоғары Соттың Пленумы және оның өткізудің тәртібі".  Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.

Просмотр содержимого документа
«Жоғары Соттың Пленумы және оны өткізудің тәртібі»

___ сабақ жоспары

Топ

Күн

ҚТ 21




Пән: Құқық қорғау органдары

Тараудың тақырыбы: Құқық қорғау органдарының құқығы

Сабақтың тақырыбы: Жоғарғы соттың пленумы оның өкілеттігі мен жұмыс тәртібі.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Студенттерге Жоғары Соттың Пленумы оның өкілеттілігі мен жұмыс тәртібі туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Жоғары Соттың Пленумы туралы түсіндіре отырып, олардың Жоғары Сот туралы білімдерін, ой пікірлерін дамыту.

Тәрбиелік: Жоғары Сот Пленумы туралы оқыта отырып, оның өкілеттілігі мен жұмыс тәртібі туралы білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ түрі: жарыс сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: Ұжымдық оқыту технологиясының элементтері, инновациялық оқыту әдістері «миға шабуыл» әдісі, талдау мұғалімнің түсіндіруі, сұрақ жауап, блиц сауалнама

Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, Конституциялық құқық,Азаматтық іс жүргізу, Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Сабақтың жабдықталуы: сабақ жоспары, ҚР-ның Конституциясы, таратпа материалдар, презентация «Microsoft Point».

Оқытудың техникалық құралдары: компьютер,мультимедиалық тақта.

Негізгі әдебиеттер: С.К. Жүрсімбаев Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары

Қосымша әдебиеттер: М.М.Алиев. ҚР-ның Сот жүйесі және құқық қорғау органдары

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

  2. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

  3. Жаңа сабақты түсіндіру (30 мин)

  4. Сабақты бекіту (12 мин)

  5. Сабақты қорытындылау (5 мин)

  6. Бағалау (2 мин)

  7. Рефлексия (5 мин)

  8. Үйге тапсырма (1 мин)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

  • Сәлемдесу

  • Түгендеу

  • Сабаққа кірісу

  • Психологиялық дайындық «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» демекші бір-бірімізге тілек айтайық!

  1. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

  1. «Ыстық орындық» әдісі арқылы

«Ыстық орындық» әдісі арқылы берілген сұрақтарға студенттер жылдам жауап беруі тиіс.

  1. Сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін,заңсыз қол сұғулшылықтан қорғайтын мемлекеттік орган қалай аталады? Сот

  2. Азаматтарды әрекет қабілеттілігі жоқ деп танитын мемлекеттік орган қалай аталады? Сот

  3. Қазақстан Республикасында сот төрелігін кім жүзеге асырады? Сот

  4. Сот билігі кімнің атынан жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының;

  5. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде неге бағынады? Конституция мен заңға

  6. Мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы қалай аталады? Жоғары Сот

  7. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Төрағасын кім тағайындайды? Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделе Президенттің ұсынуымен Сенат тағайындайды

  8. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу кімдердің қатысуымен жүзеге асырылады? Алқабилердің

  9. Қазақстан Республикасының Конституциясының 75 бабы бойы бойынша қандай соттарды құруға жол берілмейді? Арнаулы және төтенше

  10. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасымен оның басқа да адамдарын қызметке кім тағайындайды? Республика Президенті

  11. Судьяның өкілеттілігі қалай тоқтатылуы мүмкін? Тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы мүмкін.

  12. Соттар шешімдерінің үкімдері мен өзге де қаулыларының қайда міндетті күші болады? Республиканың бүкіл аумағында

  13. ҚР-ң Жоғарғы Сот төрағасы мен судьяларын кім сайлайды? Жоғарғы Сот кеңесiне негiзделген республиканың президентiнiң ұсынысы бойынша Сенат тағайындайды;.

  14. Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылатын мемлекеттік биліктің түрі қалай аталады? Сот билігі

  15. Интерпол дегеніміз не? Халықаралық полиция ұйымы

  16. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот құрамы оның төрағасын, оның орынбасарларын, мүшелерін Қазақстан Республикасы Парламенті қанша жыл мерзімге сайлайды? 5 жыл мерзімге

  17. Судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастыратын, қадағалау алқасын басқаратын лауазымды тұлға? Жоғарғы Соттың төрағасы

  18. Қазіргі уақытта Жоғары Сот Төрағасы
    кім? Жақып Қажыманұлы Асанов


Артық сөзді алып тастаңыз. (Студенттер не үшін артық екенін түсіндіреді)

  1. Сот, Парламент, Сот билігі, Сот жүйесі,

  2. Министрліктер, Жергілікті сот, Аудандық Сот, Облыстық Сот, Қалалық Сот,

  3. Судья, Үкімет мүшелері, алқабилер, Сот Төрағасы,

  4. Облыстық Сот, Аппеляциялық Сот, Инстанциялық Сот, Қамқоршы.

  5. Қаулылар, Жоғары Сот Төрағасы, Сот орындаушысы, Сот приставы,

  6. Жоғары Сот аппараты, Жергілікті басқару және өзін өзі басқару органдары

  7. Жоғары Сот жүйесі, Сот статистикасы, Сотталушы, тергеуші, адвокат,

  8. Парламент, Сенат, Мәжіліс, Сот


  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Жоғарғы сот пленумы міндеттері:

Жаңа терминдермен жұмыс

Пленум

Сот статистикасы

Мантия


Пленум – қандай да бір ұйымның кеңес, комитет не комиссияның басқару органдарының сайланбалы мүшелерінің толық құрамдағы отырысы.

Регламент – Отырыс, сессия және өкілеттік органдардың съезін жүргізу тәртібі.

Сот статистикасы – істерді сандық жағынан қарастыратын құқық статистикасы бастапқы бөліктерінің бірі.

Жоғары Сот Төрағасы – Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының төрағасы;

Ювеналды Сот – бұл арнайы мамандандырылған орындармен тығыз байланыс.

Алқаби – соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:

  1. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

  2. сот практикасын зерделеу және оны талдаудың қорытындылары бойынша соның ішінде Істер санаттарының бірыңғай жіктегішіне (бұдан әрі - ІСБЖ) сай «Талдау» Форумына орналастырылған сот актілерін және қорытуды талдау жолымен Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелерін қарайды;

  3. нормативтік қаулылар қабылдайды, соның ішінде ІСБЖ-ге сай қорытулар мен анықтамалардың негізінде, сот практикасы мәселелері бойынша түсініктемелер береді және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  1. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдық және материалдык-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының, Сот жюриі төрағасының ақпаратын тыңдайды;

  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының
    2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды береді;

7) облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрғалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары және судьялары құрамында әрекет етеді және кемінде үштен екісі болған кезде, ал нормативтік қаулыларды қабылдау кезінде кемінде төрттен үші болған кезде өкілетті болады.

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы саны деп жалпы отырыс өткізілетін күніне сәйкес келетін Жоғарғы Сот судьяларының тізімдік құрамы түсіндіріледі.

Нормативтік қаулыларды қабылдаған кезде жалпы отырысқа Конституциялық Кеңестің Төрағасы, Бас Прокурор, Әділет министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері және басқа да тұлғалар шақырылады.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысына қатысуға құқылы.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы жылына кемінде екі рет шақырылады. Кезектен тыс жалпы отырыс Жоғарғы Сот Төрағасының бастамасы бойынша шақырылады. Жалпы отырыстың нормативтік қаулыларды қабылдау бойынша жұмысы бір жылға жоспарланады, сондай-ақ екі жылға арналған перспективалық жоспары жасалады. Жоспарға енгізілетін ұсыныстарды Жоғарғы Соттың Төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьялары, Бас Прокурор, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары бере алады.

Жалпы отырыс өтетін уақытта отырыс залында ұялы телефондар мен басқа да байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Жалпы отырыста дауыс беру ашық немесе құпия өткізіледі.

Ашық дауыс беру дауыстарды электронды тіркеу жүйесін пайдалану немесе қол көтеру арқылы жүргізіледі.

Құпия дауыс беру бюллетеньдерді пайдалану арқылы жүргізіледі.

Электронды тіркеу жүйесін пайдаланып тіркелген және дауыстар саналған соң, жалпы отырыс хатшысының жалпы отырыстың жұмысына шақырылған тұлғалардың қатысуы туралы баяндамасынан кейін отырысты ашу туралы шешім қабылданады.

Жалпы отырыстың нормативтік қаулылары Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен және кемінде төрттен үшіндей кворум болған кезде ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Жалпы отырыстың басқа мәселелер бойынша қаулылары Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санынан көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Кадрлық және өзге де мәселелерді қарау кезінде дауыс беру жасырын өткізілуі мүмкін.

Дауыс беру кезінде Жоғарғы Сот Төрағасы, сот алқасының төрағасы және судьясы бір дауысқа ие болады және оны ұсынысты қолдау үшін немесе оған қарсы береді. Дауыс беруден қалыс қалуға ешкімнің құқығы жоқ. Дауыстар тең түскен жағдайда шешім қабылданбаған болып есептеледі.

Жалпы отырыстың хатшысы Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісім бойынша жалпы отырыстың күн тәртібін құрады және оны өткізудің түпкілікті күнін жалпы отырысқа 15 күн қалғанға дейін анықтайды. Қаралатын мәселелер, өткізу күні мен орны көрсетілген күн тәртібіне Жоғарғы Сот Төрағасы және жалпы отырыстың хатшысы қол қояды.

Нормативтік қаулыны жалпы отырыста талқылау мынадай түрде өтеді: судьяның баяндамасы, Жоғарғы Сот, облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының, мүдделі мемлекеттік орган өкілінің, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің сөз сөйлеулері. Талқыланып отырған мәселе бойынша Конституциялық Кеңес Төрағасының, Бас Прокурордың, Әділет министрінің немесе олардың өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі өкілінің және басқа да шақырылған адамдардың пікірі тыңдалады.

Жалпы отырыста баяндама 15 минут шегінде жүргізіледі, қосалқы баяндама жасауға, оппоненттерге - 7 минутқа дейін, жарыссөзде сөз сөйлеушілерге - 5 минутқа дейін, кандидатураларды талқылау кезінде - 3 минутқа дейін, рәсімдік мәселелер жөнінде сөз сөйлеуге, анықтама беру мен сұрақ қою үшін - 2 минутқа дейін беріледі. Жарыссөздер тоқтатылғаннан кейін баяндамашы мен қосалқы баяндамашылардың, оппоненттердің 5-7 минут шегінде қорытынды сөз сөйлеуге және сұрақтарға жауаптар беруге құқығы бар.

Қажеттілік болған жағдайда басқа уақыт белгіленуі мүмкін.

Баяндаманың және сөйлеген сөздердің мәтіндері жалпы отырыстың хаттамасына коса тіркеу үшін техникалық хатшыға беріледі.

Регламент қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.


Сабақты бекіту

Иә немесе Жоқ?

  1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды. Иә / Жоқ

  2. Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен жалпы отырыс хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестің құрамын бекітеді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  3. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары және судьялары құрамында әрекет етеді және кемінде үштен екісі болған кезде, ал нормативтік қаулыларды қабылдау кезінде кемінде үштен төрті болған кезде өкілетті болады ма? Иә / Жоқ

  4. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы саны деп жалпы отырыс өткізілетін күніне сәйкес келетін Жоғарғы Сот судьяларының тізімдік құрамы түсіндіріледі ме? Иә / Жоқ

  5. Нормативтік қаулыларды қабылдаған кезде жалпы отырысқа Конституциялық Кеңестің Төрағасы, Бас Прокурор, Әділет министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері және басқа да тұлғалар шақырылмайды. Иә / Жоқ

  6. Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысына қатысуға құқылы емес. Иә / Жоқ







Сабақты қорытындылау

Блиц-бақылау” әдісі арқылы сабақты қорытындылау

  1. Кімнің ұсынысы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамы белгіленеді? Жоғары Сот Төрағасының

  2. Нормативтік қаулыларды қабылдаған кезде жалпы отырысқа қандай мемлекеттік органдардың қызметкерлері шақырылады? Конституциялық Кеңестің Төрағасы, Бас Прокурор, Әділет министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері және басқа да тұлғалар

  3. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы жылына кемінде неше рет шақырылады? 2 рет

  4. Отырыс, сессия және өкілеттік органдардың съезін жүргізу тәртібі қалай аталады? Регламент

  5. Жалпы отырыста баяндама қанша минут аралығында жүргіледі? 15 минут шегінде

  6. Жалпы отырыста баяндама оппоненттерге – неше минутқа дейін уақыт беріледі? 7 минутқа

  7. Жалпы отырыстың басқа мәселелер бойынша қаулылары қалай қабылданады? Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санынан көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы

  8. Жалпы отырыстың нормативтік қаулыларды қабылдау бойынша жұмысы қанша уақытқа жоспарланады? Бір жылға

  9. Қандай да бір ұйымның кеңес, комитет не комиссияның басқару органдарының сайланбалы мүшелерінің толық құрамдағы отырысы қалай аталады? Пленум

  10. Регламент қалай күшіне енеді? Қабылданған күнінен бастап

  11. Жалпы отырыста дауыс беру қалай өткізіледі? Ашық немесе құпия

Ашық дауыс беру қалай жүргізіледі? Дауыстарды электронды тіркеу жүйесін пайдалану немесе қол көтеру арқылы

  1. Жалпы отырыс өтетін уақытта отырыс залында қандай құралдарды қолдануға болмайды? Ұялы телефондар мен басқа да байланыс құралдарын

  2. Нормативтік қаулылар қабылдайтын, соның ішінде ІСБЖ-ге сай қорытулар мен анықтамалардың негізінде, сот практикасы мәселелері бойынша түсініктемелер беретін және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізетін лауазымды тұлға: Жоғарғы Сот Төрағасы

  3. Қаралатын мәселелер, өткізу күні мен орны көрсетілген күн тәртібіне кімдер қол қояды? Жоғарғы Сот Төрағасы және жалпы отырыстың хатшысы



Бағалау

Сабаққа қатысқан студенттерді бағалау



Үйге тапсырма

Жыл сайын өтетін Жоғары Сот отырыстарының қабылдаған нормативтік актлеріне ішкі және сыртқы талдау жасау .

С.К. Жүрсімбаев Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары 54-61 б.б.




























Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа тақырыпты түсіндіру