СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Журналистика" лекциялар жинағы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Журналистика, тележурналистика саласына байланысты түрлі тақырыптағы лекциялар жинағы

Просмотр содержимого документа
«"Журналистика" лекциялар жинағы»

Лекция 1. «Халықаралық журналистиканың өзекті мәселелері»

Бүгінгі күннің талабына сай қоғамда ақпарат құралдары зор маңызға ие болып, оның рөлі күннен-күнге артуда. Ақпарат құралдарының әлемдегі өзгеріс,жаңалықтармен қатар, халықаралық қарым-қатынас мәселелеімен таныстыруда маңызы зор. Сондықтан қазіргі журналист жұмысының ерекшелігі тек отандық БАҚ көлемінде шектелмей, халықаралық журналистиканың кәсіби қырларын меңгеруді, жан-жақты білімді, кәсіптік дайындықты, уақыт талабына сай алға жылжуды талап етіп отыр. Бұл пән халықаралық журналистиканың бүгінгі күн талабына сәйкес дамуы мен өзекті мәселелерін, яғни біріншіден, шетелдік журналистиканың кәсіби аспектілерін, екіншіден, халықаралық БАҚ-тың үлгілерін: үшіншіден, АҚШ және Еуропа елдері ғалымдарының журналистика саласындағы қазіргі теориялық тұжырымдамаларын: төртіншіден, медиакеңістіктегі халықаралық саясаттың, экономиканың, ақпараттық коммуникацияның әсерін, алтыншыдан ақпараттық басқарудың технологиялары туралы терең білуге үйретеді. «Халықаралық журналистиканың өзекті мәселелері» пәні фундаментальды оқу пәндерінің қатарына кіреді және «6М051600»– “ Халықаралық журналистика” мамандығы бойынша магистранттар дайындауды қамтамасыз ететін арнайы пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнде халықаралық журналистиканың өзекті мәселелерін түсіну үшін қажетті журналистік фундаментальды білімдер қарастырылады. Пәнді оқыту барысында магистрант журналистиканың халықаралық стандарттарын, нормаларн және негізгі түсініктерін сондай ақ халықаралық журналистиканың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін және ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық жахандастыруды зертеу мүмкіншіліктерін біле алады. Мақсаты –Журналистиканың халықаралық стандарттары мен өзекті мәселелерін талдау, медиажүйедегі трансформациялық құбылыстарды және БАҚ жүйесіндегі мәдени құндылықтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, медиаландшафты қалыптастырудағы интернет пен әлеуметтік желілердің рөлін көрсету болып табылады. Курстың міндеттері: халықаралық журналистика стандарттарын зерделеу және халықаралық журналистің кәсіби біліктілігін меңгеру; АҚШ және Еуропа елдері ғалымдарының журналистика саласындағы қазіргі теориялық тұжырымдамаларын талдау; медиакеңістіктегі халықаралық саясаттың, экономиканың, ақпараттық коммуникацияның әсерін айқындау; халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мен халықаралдық журналистің этикалық нормаларын зерделеу; ақпараттық басқарудың технологиялары мен әдістерін зертеу; халықаралық аренада интернет рөлінің артуы және ақпараттық қауіпісіздік мәселелерінің туындау себептерін айқындау болып табылады.

Лекция 2. Журналистиканың халықаралық стандарттары мен этикалық және кәсіби нормалары туралы.

1992 жылымаусым айының 8-13 күндері Канаданың Монреал қаласында өткен Халқаралық журналистер Одағының 21 құрылтайында халықаралық журналистиканың негізгі құжаттарының бірі болатын оның декларациясы қабылданған. Осы декларацияда көрсетілгеніндей ақпарат, хабар-ошар көпке арналатындықтан журналистер тыңдаушы, көрермен, оқырман қауымның мүддесін ойлап,соларға қажет жаңалықтарды жеткізу міндетін ғана атқарады. Олардың осы ісіне ешкім де араласпауы тиіс және кедергі жасауға негіз жоқ. Баспасөз бостандығы біріншіден, әртүрлі ойлар мен көзқарастарды білдіретін, тәуелсіз дербес,бейтарап баспасөз,ақпарат құралдары-демократиялық қоғам орнатуға заңды түрде қажет етілетін алғышарт екендігі екіншіден, ақпарат ағымдары-географиялық, елдік,байлық,қаржылық,тарихи, тілдік өзгешеліктерге қарамастан күллі адамзаттың құндылығы екендігі; үшіншіден, азаматтар,тұрғындар тарапынан иемденуге тиіс ақпараттық бостандық әркімнің өзіне қажеттінің бәрін тауып біле алу құқы қайда кепілдендіріледі,сол жерде ғана көзқарас білдіру еркіндіктің болатыны төртіншіден, бүкіләліемде демократиялық плюралистік баспасөзді өрістету үшін мамандықтың қол сұғылмас біртұтастығы мен журналистердің дербес сипатының,қастерленуге тиіс екедігі мойындалған жағдайда ғана өміршең болмақ. Журналист этикасының халықаралық ұстанымдары: адамдардың шынайы ақпаратқа қол жеткізу құқығы, журналистің обьективтік жағдайға адалдығы, журналистің қоғамдық жауапкершілігі,журналистің кәсіби шеберлігі, адамның абыройын жеке өмірін құрметтеу, орталық құндылықтарды, түрлі мәдениеттілікті құрметтеу т.б.





















Лекция 3. Халықаралық журналистиканың теориялары мен тұжырымдамалары

Қазіргі заманғы бұқаралық коммуникациялар бойынша теориялар және дәлелді түрде бірнеше ғылми еңбектерде қарастырылған. Мысалы, орыс ғалымы А.Ю.Быковтың «Қазіргі шетелдік журналистика» атты кітабында БАҚ-тарды зертейтін әртүрлі теориялардың жіктелу ұстанымдары туралы: БАҚ-ды қарастыратын теориялар сонша көп болғанына орай оларды жіктеу де өте қиын. Шетелдік теориялар мен тұжырымдамалардың көпшілігі философиялық теориялар мен қоғамдық әлеуметтік-саяси доктриналармен байланысты. Американдық баспасөздің атақты теоретиктері және тарихшылары Иллинойс университетінің профессорлары Ф.Сиберт, Т.Петерсон және У.Шрам көп жылдар бойы классикалық еңбек болып саналып келген «баспасөздің төрт теориясы» атты кітабын жазып шығарған болатын. Осы теориялардың төртеуінде де баспасөздің профессионалдық этикасымен байланысты әлеуметтік жауапкершілігі қарастырылады.

  1. Авторитарлық теория – король, император,фюрер, мемлекет алдындағы баспасөздің жауапкершілігін белгілейді.

  2. Ливертариандық теория – баспасөз бостандығының теориясы

  3. Баспасөздің әлеуметтік жауапкершілігі туралы теория

  4. Кеңестік коммунистік теория – баспасөз коммунистік партияның құралы болуы керек























Лекция 4. Шетелдік тәжірибелік журналистиканың негізгі бағыттары



Шетелдік журналистика дамуының маңызды тенденцияларының біріне оның жалғасып жатқан дифференциясын және мамандырылуын жатқызуға болады. Әсіресе қазіргі ақпараттық кеңістіктің жахандану жағдайында бұған ерекше назар аударылып отыр. Газеттер туралы айтар болсақ олар қалыптасқан дәстүрлері бойынша ұлттық (яғни, бүкіл ел масштабында таратылатын басылымдар), аймақтық және жергілікті басылымдарға бөлінеді. Ал мерзімділігі және шығатын уақыттары бойынша газеттерді күнделік, апталық, кешкілік және таңертеңгілік деп бөлуге болады. Мысалы АҚШ-та кешкі газеттер күнделік шығатын газеттер санының 80 пайызын құрайтын болса, соңғы кезде бұл көрсеткіш күрт өзгерді. Яғни енді күнделік басылымдар ішінен көбісі таңертең шығарылатын болды. Газеттер мазмұны мен олардың әлеуметтік арнауына қарай бұқаралық, сапалық, аралас (бұқаралық-сапалық немесе сапалық-бұқаралық) және кәсіпорындар шығаратын басылымдарға бөлінеді. Соңғы кезде бірқатар зерттеушілер газеттерді сапалық немесе сапалық емес деп бөлу жөнінде ұсыныстар жасады. Бірақ бұған күманмен қараушылар баршылық. Журналдарға келсек оларды екі үлкен топқа бөлуге болады:мамандырылған журналдар және «жалпы мүдделік» журналдар.



























Лекция 5. Еуропалық Одақ елдерінің ақпараттық қоғамы туралы



1995 жылы «Үлкен жетілік» деп аталатын ең дамыған елдердің ұйымы Брюссельде ақпараттық қоғамның проблемаларына арналған мәжіліс өткізген болатын. Сол жолы ақпараттық қоғамды жүзеге асыруға Үлкен жетілік құрамындағы елдер шешуші рольді атқаратын жахандық ақпараттық инфрақұрылым деген идеяны алға шығарды. Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар дамуын бақылап отыатын басқа халықаралық ұйымдардың қатарында Еуропалық кеңесті, Бүкіләлемдік сауда ұйымын (БСҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйымды атап айтуға болады. Ақпараттық қоғамға өту жолында көп проблемалар бар, олар әлі де зерттелу үстінде. Сондықтан Еуропалық Одақтың тәжірибесіне арнайы көңіл бөліп, оны жан-жақты қарастыруымыз керек. Бангеман баяндамасы–ақпараттық стратегия деп аталатын құжат Еуроодақтың Корфу аралында 1994 ж. өткен мәжілісіне қарай дайындалған болатын. Жаңа ақпараттық және коммуникацялық технологиялар негізінде қоғам әрі қарай дамуына бет алғанымен, олардың прогресі жаңа қауіпті жавғдайларды қалыптастырады. Еуропалық одақ коммисары Мартин Бангеман тобы дайындаған баяндамада үш күрделі проблемаға көңіл бөлінген.

  • Интеллектулальдық иелікті және авторлық құқықты қорғау мәселесі

  • Тұлғаның жеке өмірін қорғау мәселесі

  • Жеке тұлғаға қатысты мәлімдемелердің құпиялығын қорғау

Қазіргі заманның коммуникациялық жүйелер соңғы техникалық жетістіктерді қамти отырып, мерзімдік және жағырафиялық шекараларға қарамастан ғарыштық спутниктер,кабельдік торлар арқылы өз ақпараттық өнімдерін әлемнің әр түкпіріне жеткізе алатын болды. «Бангеман баяндамасын» жасаған авторлар тобы жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың 10 түрлі негізгі қызметтерді ақпараттық қоғамға апаратын «өтпелі көпір» деп атады.









Лекция 6. АҚШ-тың ақпараттық қоғамы және стратегиясы

Көп жағдайда АҚШ-та БАҚ тар өздері саясилануға барады. Американдық ірі социологтар П.Лазарсфельд пен Р.Мартон мынадай тұжырымға келген: Ұймыдастырылған бизнес негізінде қоғамда маңызды орын алатын биліктің басты топтары бұқара халықты басқару үшін тікелей бақылаудың орнына насихат жргізу тәсілін қолданатын болады. Қоғамда көзқарастар мен ұстанымдарды бақылайтын топтар күш жұмсаудан гөрі бұқараны үгіттеп өздеріне қаратып алатын болды. Бүгінде қорқыту мен зорлық-зомбылықтың орнына радиобағдарламалар мен жарнама қолданады. АҚШ конституциясы бойынша радиотыңдармандар мен телекөрермендердің сөз бостандығына қатысты құқықтары бұзылмайды.Сондықтан бұл елде радио мен телехабар тарату өз тәуелсіздігін сақтайды.Оларға мемлекет тарапынан ықпал жасалынбайды. АҚШ-та 1967 жылы қоғамдық хабарлау туралы заң қабылданды.Осы жылы Пи-Би-Эс хабарлау корпорациясы пайда болды. Ол көп телестанцияларды біріктіріп, жалпыұлттық телеарнаға айналды. АҚШ-та қырықтан астам жылдар бойы қоғамдық хабарлау өз жұмысын істейді. Ел бойынша 355 қоғамдық телестансалар эфирге шығады. Олардың бәрінде регионалдық лицензиялары бар және олар өз жұмыстарын жегілікті жұртшылықтың бақылауында атқарады. Лизенциялар төрт категорияға бөлінеді-- жергілікті билік, штат, университеттер мен мектептер атынан беріледі. АҚШ та қоғамдық хабарлаудың Еуропа елдерінен басқаша үлгісі бар. Бірінші орында жеке тұлғалар беретін қайырымдылық қаржы– 25 пайызға дейін, екінші орында штат өкіметі беретін субсидия – 17 пайызға дейін, үшнші орында корпорацияның өзі төлейтін қаржысы және федералдық гранттар–15 пайызға дейін, содан кейін бизнес жағынан түсетін қайырымдылық сомалар-14 пайызға дейін, коллеждер мен университтетердің жарна төлемдері-6 пайызға дейін, түрліше қорлардың гранттары-6 пайызға дейін.









Лекция 7. Қоғамдық хабарлаудың әлемдік тәжірибесі Қоғамдық хабарлаудың пионері ретінде осы мәртебеге 1927 жылы ие болған әлемге әйгілі Британиялық Би-Би-Си корпорациясын атауға болады. Бүгінде қоғамдық хабарлаудың қызметі барлық демократиялық,дамыған елдерде өз жұмысын жүргізеді. Қоғамды хабарлаудың әлемдік тәжірибесі Еуропа,америка және Азиядағы қырықтан астам елдердің заңнамалаы мен тәжіріибелерін біріктіреді. Шетелдерде жинақталған мол тәжірибелер қоғамдық хабарлауды ұйымдастыру,қаржыландыру жұмыстарын жүргзуде көптеген сұрақтарға жауап бере алады. Мысалы, ұлыбритания,Германия, Франция, АҚШ,Канада, Швеция,Швейцария,Жапония т.б елдердегі қоғамдық хабарлаудың қалыптасу мен даму тарихының жақсы жақтарын алып салыстыруға, озық тәжірибелерін пайдалануға болады.

Қоғамдық хабарлау негізінен жұртшылық тарапынан қаржыландырылады. Бұл жерде олигархтардың қомақты қаржыларынан, жеке тұлғалар мен корпоративтік мүдделерден аулақ болуды қадағалып отырады. Алайда қиыншылықтарға қарамастан қоғамдық хабарлау қызметін қаржыландыру жүйесі аралас формада жүзеге асады. Оның негізгі құрамдары яғни компоненттері мемлекеттк жағынан берілетін қаржы, абонементік төлемдер, демеушілердің қаржысы және жарнамадан түсетін қаржы болуы тиісті. Мысалы Би-Би-Си хабарлау компаниясы 97 пайызына дейін абаонементтік төлемдер негізінде қаржыландырылады. Ал жапониялық Эн-Эйч-Кей компаниясы толығымен яғни 100 пайызға абонементтік төлемдермен қаржыландырылады.




















Лекция 8. Еуроодақ елдеріндегі қоғамдық хабарлау тәжірибелері 1920 жылдардың басында Лондонда бірнеше жекеменшік компаниялар бірігіп Британдық хабарлау компаниясын құрған. Бүгінде әлемге әйгілі Би-Би-Си компаниясы Корольдік хартиясы, лицензия және өкіметпен жасалған келісім-шарт негізінде жұмыс істеуде. Корпорацияның бас директоры бір мезетте бас редактор болып табылады. Сондықтан ол ұйымның басқару кеңестің алдында хабарлаудың бағдарламалық саясатына жауапты. Ал басқару кеңес буферлік орган ретінде компания мен мемлекеттің ортасында тұрып, өз құзырының шеңберінде компанияның тәуелсіздігінің, оның мемлекет жағынан ықпалын болдырмауын, екі жақтың арасындағы ара-қашықтың сақталуын қамьамасыз етеді. Британдық парламенттің Би-Би-Си-ді өз бақылауында ұстауға құқығы жоқ. Депутаттар тек қана корпорацияның есебін тыңдауға құзырлы. 1986 жылы Францияда хабарлау бостандығы туралы заң қабылданды. Содан 2002 жылы қоғамдық хабарлауды нығайту және аудиовизуальдық секторды реформалау мақсатында аталмыш заңға түзетулер енгізілді. Аталған мақсатқа орай басты шара ретінде «Франс-Телевисьони» холдингісі құрылып оның құрамына «Франц-2», «франц-3» және «Ла-Санки» ұлттық телеарналары біріктірілген болатын. Францияда қоғамдық хабарлауды қаржыландыру ісі теледидар иесінен алынатын арнайы салық арқылы жүзеге асырылады. Бұл савлықтың көлемі теледидар типіне қарай (ақ-қара, түрлі түсті) белгіленеді. Мысалы 2000 жылдары теледидарға төленетін салық шамасы 800 франк болған. Бүгінде Германияда қоғамдық хабарлау жүйесін бірнеше қоғамдық-құқықтық телерадиокомпаниялар құрайды. Олар: -жалпы германдық статусқа ие ZDF компаниясы - елдің барлық территориясына хабарлары таралатын ARD компаниясы - әр аймақтағы жергілікті телерадио арналары мысалы, NDR (солтүстік Германияның телерадио арнасы) Германияның телерадиохабарлау жүйесінде бағдарламалық саясат барлық ТРК-ларға бірдей ережелер бойынша іске асырылады. 1995 жылы Дания өкіметі осы елдегі ең ірі солшыл Социалистік партиямен келісімге келе отырып қоғамдық хабарлау қызметі жүйесін орнатуға назар аударды. Сол жылы Норвегия өкіметі коммерциялық телекомпаниялармен бәсекелестікке қабылеттігін арттыру мақсатында NRK атты қоғамдық хабарлау компаниясын қайта құруға бағытталған идеяны алға шығарды. Швецияда тура сондай жағдай орын алды. Сол жылы елдегі өкімет СТВ деген қоғамдық хабарлау корпоацясы құрамына кіретін үш компаниялардың- Швед телевизиясы, Швед радиосы және Швед білім-ағарту радиосының мемлекет бюджетінен қаржыландыруын қысқарту жайында шешім қабылдайды. Бүгінде Швецияның телехабарлау үлгісі қоғамдық теледидар және жалпы ұлттық коммерциялық телеарналардың қатар жұмыс істеп тұруын көздеген.

Лекция 9. Медиабизнестің жахандануы және «глобализация» мәселесі туралы.

Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістер яғни «глобализация» жағдайында журналистика да жаңаша көзқарасты, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын баспасөз, радио және тележурналистиканың алдына тың міндеттер қойылады. Әсіресе қазір жер жүзі журналистикасында орын алып келе жатқан дамыған елдер-АҚШ және Еуропаның Ұлыбритания, Фпанция, Германия және басқа да елдердің тәжірибелік жұмыстары назар аудартады. Спутниктік жне кабельдік телевидениенің өмірге келуі көрермендер аудиториясын жіктеуге әкеліп соқты. Бұл әсіресе Франция, Ұлыбритания, Германияда орын алып отыр. Осы елдердегі бұрынғы қоғамдық телевидениелер орнына қайтадан коммерциялық телевидениелер келеді деп ешкім де ойламаған еді. Батыс Еуропа елдеріндегі жағдай дабыл қағарлық. Өйткені олардың телевидениесінде АҚШ-тың драмалық жанрдағы 40 пайызға жуық программалары беріледі. Әсіресе Португалия мен Голландияда бұл көрсеткіш 80 пайызға жеткен. Күн сайын Ұлыбритания, Франция, Германия телевидениесінде кемінде 3 сағатқа жуық американың хабарлары беріледі. Бұрын біздің елімізде шетел журналистикасының төжірибесіне назар аударылмайтын. Ал бүгінде бәрі басқаша. Халықаралық қатынастар бейбіт түрде, бірін-бірі түсінушілік жағдайда дамып келеді. Яғни, сенім мен қауіпсіздік, жер бетінде бірлесе өмір сүру тенденциясы байқалады. Демек, бұрынғыдай елдердің бір-біріне сенімсіздікпен қарауы бірте-бірте өзара түсінушілік қарым-қатынасқа айналып келеді. Бұл орайда ақпарат құралдары да өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Сондықтан мына жайларды атап айту керек:
1. Бұқаралық ақпарат құралдары қай елде болмасын, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ашық жұмыс істеуі керек. Бұл ретте географиялық, ұлттық шекаралар шеңбері тосқауыл болмауықажет.
2. Әр ел өзінің тарихын, мәдениетін, тілін, ұлтын сақтай отырып, жер жүзілік цивилизацияға үлес қосуы тиіс. Адамзаттық бүкіл құнды қасиеттерге араласу керек. Әділдік, шыншылдық, достық және гуманизмді қадірлеу жөн.
3. Қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын көрсетіп отыру қажет. Жер жүзілік прогресті дамытуға ақпарат құралдарының белсенді қызметі қажет.
4. Экология, атом қарулары зардаптарын жоюға және соғысты болдырмауға баспасөз, радио, телевидение ерекше қызмет етуі тиіс.
5. Әлемдік хабарлардың оперативтілігін жақсартуға ұмтылу керек. Бұл орайда көптеген елдер бірлесе әрі тұрақты жұмыс атқаруы жөн.
6. Үкіметпен бірге, халықтық дипломатияны дамытуға ақпарат құралдары белсене араласуы қажет. "Дөңгелек үстелдер", "телекөпірлер" арқылы жер жүзілік маңызды оқиғалар мен бейбітшілік инициативаларды дер кезінде жариялап, көрсетіп, насихаттап отырған дұрыс.
Әрбір елдің ақпарат құралдары өз тәжірибесіне қоса, халықаралық журналистика тәжірибесін біліп, зерттеп, қорытып, одан әрі даму жолында пайдалана білуі керек. Әсіресе, қазір жер жүзі журналистикасында орын алып келе жатқан дамыған елдер - Американың және Еуропаның Англия, Франция, Германия мен баска да елдерінің тәжірибелік жұмыстары назар аударады.





































Лекция 10. Медиакеңістікке халықаралық саясаттың, экономиканың, ақпараттық коммуникацияның әсері.

Адамзат еш уақытта өмірде, планетамызда болып жаткан оқиғалардан, жаңалықтардан құр қалмауы тиіс. Бұл өмір тудырып отырған қажеттілік. Сондықтан әлемде осы ғасырдың басында хабар жанрларының берілуі екі есе өспек. Ал спутниктік және кабельдік телевидение арқылы хабар жанрын беру енді 5-6 жылдың ішінде 30 есе ұлғаяды деп есептеледі. Демек, бұл салада қай елдерде айтарлықтай әрі тәжірибесі мол каналдар жұмыс істейтініне тоқталайық. Айталық тәулік бойы жұмыс істейтін АҚШ телекомпаниясы "Си-Эн-Эн" тек жаңалықтар берумен әлемге аты жайылып отыр. Сондай-ақ, Жапонияның телекомпаниясы "Эн-Эич-Кей" де белгілі. Ал Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және басқа елдердің телехабарлары көбіне осы жаңалықтар туралы беруге өте құштар екеніне сөз жоқ. Мысалы, әлемге белгілі АҚШ-тың жер жүзі жаңалықтарын беріп тұратын Си-Эн-Эн компаниясын сол елдің телевизия қайраткері Тернер ұйымдастырған болатын. Расын айтқанда, алғашқыда бұл программага ешкім мән бермей, басқа телекомпаниялар оны тіпті, банкротқа ұшырайды деп ойлады. Бірақ өмір көрсеткеніндей олай болған жоқ, керісінше осы Си-Эн-Эн тек соңғы жаңалықтар берумен ғана ең күшті телекомпанияға айналды. Демек, кейде осылай батыл ізденістер жасау табысқа жеткізбек. Си-Эн-Эннің хабарлары тұрақты түрде әрі күн сайын беріліп тұрады. Оның тілшілері планетаның кез-келген жерінен хабарлар береді. Бүгінде телевидениенің алдында жаңа міндеттер тұр. Ол - жаңа жүйе "жоғары айқындық" жүйесі болып табылады. Бұл жөнінде қазір көп айтылып жүр. Соңғы 15 жылдың көлемінде Жапонияның кейбір фирмалары осы "жоғары айқындық" жүйесіне зерттеу жасады. Мұнда 1125 жолдық, 60 өріс қолданылып, экрандағы көріністің сапасы артты. Бұл 35 миллиметрлік пленкадағы кинокөрініске қарағанда анағұрлым жақсы. Осы жүйені жасау үшін Жапония фирмалары 500 миллион доллар қаржы жұмсаған. Әсіресе, "Сони", "Тошива" фирмалары "жоғары айқындық" телевидениесі үшін аппараттар үлгісін жасады Мысалы, кинокамерапар, кинескоптар, бейнемагнитофон, дискілер және т.б.
1988 жылы Сеулдегі (Оңтүстік Кореяның астанасы) жазғы Олимпиададан Жалонияға спутниктік байланыс арқылы жоғары айқындық телевидениесімен күн сайын 4 сағат хабарлар берілген. Мұндай жаңа жүйе Жапонияда қазір тұрақгы жұмыс істеуде.
"Жоғары айқындық" жүйесімен телевидение құру қазір АҚШ-та да жүргізіліп жатыр. Олар мұның бірнеше нұсқасын жасады. Жапония сияқты АҚШ- та жүздеген миллион доллар жұмсаған. Ал осы жаңа жүйені жасауда Еуропа аздап артта қалып келеді. Сондықтан олар Жапония мен АҚШ-қа жету үшін бар күштерін салуда. Айталық ФРГ, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Франция, Нидерланды, Дания, Италия сияқты елдердің 30-дан астам өндіріс корпорациясы осы жүйені жасау үшін жұмыс істеуде. Сондықтан бұл жүйе енді Еуропада да қолданылуда. Осыған байланысты ТМД елдері де аталған жүйеге көшуді ойластыруда. Қазір бұл ретте мамандар жұмыс істеуде. Демек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл жүйені қолға алатын болады.
Жаңа жүйе әрине, қай елдің телевидениесі болса да тиімді болатынына сөз жоқ. Себебі, біріншіден, халықаралық қатынаста "жоғары айқындық" жүйесін қолдануда бірлесу жағдайы туады. Және әртүрлі телевизиялык жүйелерден гөрі, бірыңғай бейнекөріністердің сапасы артып, бұрынғыдан да анық бола түседі.