СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жүз жыл жырлаған жүрек. Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған мүшайра

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған жыр мүшайрасы. 5-6 сынып оқушыларының арасында өткізілді

Просмотр содержимого документа
«Жүз жыл жырлаған жүрек. Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған мүшайра»

Тақырыбы: «Жүз жыл жырлаған жүрек». Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған мектепішілік мүшайра


Мақсаты: Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге баулу.


Сабақтың түрі: Сыныптан тыс іс-шара

Көрнекілігі: Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі, слайд, эмблемалар.


Армысыздар құрметті жыр сүйер қауым, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған мектепішілік мүшәйрасына қош келдіңіздер! Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 170 жыл. Бүгін біз Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертеміз. Мүшайрамызды бастамас бұрын ақын өмірі жайлы слайдқа назар аударайық. (Слайд көрсетіледі, мұғалім ақын өмірі жайлы қысқаша мағлұмат айтып өтеді).


Ендеше, ортаға мүшайраға қатысушы оқушыларымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!


Мүшайраның ережесі:

  • Мектепішілік мүшайраға 5-8 сынып оқушылары қатыса алады;

  • Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жатқа білу;

  • Әр өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу.


Енді қатысушыларды әділ бағалауға әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстаздары:


1) Бабаева Кульбаршын Темирхановна

2) Бердыбекова Гүлбану Бердыбековна

3) Кудашова Гүлбану Кенжебековна


Сонымен ендігі сөз кезегін қатысушы оқушыларға берейік. Оқушылар нөмірленген қима қағаздарды алады. Сол нөмірлер бойынша ортаға шығып, өлеңдерін оқиды. Оқушылар жаттап келген өлеңдерінің тізімін әділ қазылар алқасына ұсынады. (Сол тізім бойынша сұралады).

  1. Есқалиева Алина 5 «А» сынып оқушысы

  2. Кенжеғазы Фарида 5 «А» сынып оқушысы

  3. Лесбек Нұрай 5 «А» сынып оқушысы

  4. Қабылашымқызы Еркежан 5 «А» сынып оқушысы

  5. Орынбек Төрегелді 6 «А» сынып оқушысы

  6. Алиева Камила 6 «А» сынып оқушысы

  7. Оңласын Аружан 7 «А» сынып оқушысы

  8. Әмірғали Ақбота 7 «А» сынып оқушысы

  9. Құмаров Айбек 7 «А» сынып оқушысы

  10. Қырғызбай Назгүл 7 «А» сынып оқушысы

  11. Джыңғыл Аида 8 «А» сынып оқушысы

  12. Жақыпбекова Балерке 8 «А» сынып оқушысы

Әділқазылар өнерін бағалағанша, «Жамбыл Жабаев» сөзжұмбағын шешейік.

1.Жамбылдың әкесінің есімі.

2.Дүниеге келген айы.

3.1881жылы Жетісуде қай айтыскер ақынды жеңіп алды?

4.Жамбылдың ұстазы кім?

5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.

6. Жамбыл1938жылы қандай орденмен марапатталды?

7.Жамбыл қанша жасаған?

8.Жамбылдың ұлының аты кім?

9. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?

10.Екі ақынның бір- бірімен жарысар өлеңі.

11.Жамбылдың шәкірті кім?

12.Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты.


Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік. Әділ қазылар I, II, III орын алған оқушылардың есімдерін анықтайды. Жеңімпаздар апталықтың қорытынды кешінде өлеңдерін оқып, мақтау қағазымен марапатталады.


Жүз жасаған бәйтерегім-Жамбылым,

Жол көрсетер жырдың нағыз даңғылы!

Ғасырларды көктей өткен өр үнің,

Құлақтарда естіледі жаңғырып.

Атамыздан қалған өлең,жыр-асыл,

Ол-ақынның мәңгілік мол мұрасы.

Жақсы жырға шөлдегенде кей кезде,

Сусыныңды қандырып-ақ тұрасың.


Құрметті, оқушылар, ұстаздар! Бүгін біз жүз жыл жырлаған жыр Жамбылдың поэзиясының мыңнан бірін ғана сөз қылдық. Әлі айтқанымыздан, айтпағанымыз көп. Оқушыларымыз мектеп бітіргенше Жамбыл шығармашылығынан талай білім алып, өлеңдерін жаттап сусындайтыны анық.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!







Бекітемін:

«А.С.Макаренко атындағы орта

мектеп мектепке дейінгі шағын

орталықпен КММ» директоры

____________ Мауленова Р.М.








Тақырыбы: «Жүз жыл жырлаған жүрек»

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған мектепішілік мүшайра

(5-8 сыныптар арасында)













Мұғалім: Кадирова А.Б.













2016 жыл