Тақырыбы: «ЛИЦЕЙ ЛИДЕРІ» зияткерлік сайысы
Жүргізуші:«Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір»
Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!
Құрметті қонақтар! Бүгінгі 7 және 8 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Лицей лидерлері 2017» атты зияткерлік сайысымызға қош келіпсіздер!
Ж: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Математика пәні мұғалімі –
Математика пәні мұғалімі –
Математика пәні мұғалімі –
Бұл әділ-қазылар ойындағы жинаған ұпай сандарын есептеп, ойын нәтижесін сараптап отыратын болса, оларға қоса тәуелсіз сарапшыларымызбен таныс болыңыздар!
Қатысушыларымызбен таныс болайық. Сайысқа барлығы 5 топ қатысады.
1 топ.
2 топ.
3 топ.
4 топ.
5 топ.
Сайыскерлерімізбен таныс болсақ, сайыстың кезеңдерін атап өтейік. Ал ережелерімен әр кезеңде таныстырып отырамыз. Зияткерлік сайысымыз 4 айналымнан тұрады.
І. «Magic numbers» (Сиқырлы сандар). Бұл турда таңдалған сан бойынша сұрақ беріледі әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
ІІ. «Magic letters» (Сиқырлы әріптер). Бұл турда өзіңіз таңдаған әріптер бойынша сөздер көрсетіледі 5 секунд қарап алып, сол сөздерді анықтамасымен айтып беру керек. Аталған сөздердің санына қарай 10ұпайдан және анықтамаларын айтқанына 10 ұпайдан жинайды
ІІІ. «Logical problems» (Логикалық есептер) Бұл турда әрбір топ көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.
Дайын болсақ сайысымызды бастайық! Қатысушылар, Сіздерге сәттілік тілейміз!
«Magic numbers» (Сиқырлы сандар)
Ж-1: Сайыскерлер алды-артын ондасын,
Шешілмеген сұрақтары қалмасын.
Бүгінгі ойын жеңімпазын
Мына отырған қазылар алқасы тандасын
Осымен сайысымыздың соңғы айналымы
Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.
| Қазақтың байырғы есептері | 30 | 50 |
| «Ақбота» есептері | 30 | 50 |
| «Кенгуру» есептері | 30 | 50 |
| Викториналық сұрақтар | 30 | 50 |
Қазақтың байырғы есептері:
30-ұпай. Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м. Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады?
(7 күнде)
50-ұпай. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( ¼)
«Ақбота» есептері:
30-ұпай. Оқушы кітаптың 0,3 бөлігін, кейін тағы да 0,1 бөлігін оқығандағы көлемі жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты. Кітапта неше бет болған?
А) 210 б) 200 с) 190 д) 180
50-ұпай. Месопотамияда біздің эрамызға дейінгі 2005 жылда бір саны- α, он саны – β, ал алпыс саны - € таңбаларымен белгіленетін. Мысалы, 22 саны β β α α түрінде жазылатын. Сонда 124 саны қалай жазылады?
А) β €€ α α α α б) € € β β α α α α с) € β β α α α α д) € € α α α α
«Кенгуру» есептері:
30-ұпай. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?
А) 6 б) 10 с) 16 д) 20 е) 32
50- ұпай. Компьютерлік вирус компьютерлік дискінің қандай да бір бөлігін зақымдайтыны белгілі. Бірінші күні ол дискінің
бөлігін зақымдаған, екінші күні зақымданбаған жерінің
бөлігін, үшінші күні қалған бөлігінің
бөлігін, ал төртінші күні қалғанының
. Дискінің қандай бөлігі зақымданбай қалған?
А)
б)
с)
д)
е)
4. Викториналық сұрақтар:
30-ұпай.Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тәрелкесімен алады)
50-ұпай. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып, әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады? (3)
Ұпай аз 2 ойыншы ойыннан шығарылады.
Ж-2: Осымен бүгінгі «Лицей лидері» зияткерлік сайысымыз аяқталды.
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың оты арындап,
Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!