СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Логика әлеміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық жағына да байланысты болып отыр. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының  болмауынан, 

Просмотр содержимого документа
«Логика әлеміне саяхат»

Логика әлеміне саяхат


Түсінік хат 

Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық жағына да байланысты болып отыр. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының  болмауынан, түсінбеуі салдарынан мұғалім жұмысында көптеген қиыншылықтар кездесуі мүмкін. Егер білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдарының сабақтастығы толық орындалып отырса, яғни білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім бір – бірімен сабақтас болған жағдайда бұл қиыншылықты жеңуге болады.

           Бастауыш сыныптың 3 сыныбына арналған « Логика әлеміне саяхат» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі. 

             Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытады. 

                Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған. 

 




















Актуалдылығы

             Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты мемлекеттік тұжырымдамасында негізгі аргументтің бірі болып саналатын сабақтастық мәселелерін шешу жолдары айқындалған. Математикалық білім мен біліктің қолданылу аясы кеңиген сайын мектепте математикадан сапалы білім берудің маңызы арта түсуде. Мұның өзі әр оқушыға математикадан қажетті деңгейде білім беру қажеттігін айқындайды.

             Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуында математиканың ққолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр адамда міндетті түрде математикалық сауаттылық болуы керек.

               Оқушылардың жоғарғы сыныптарға дайындау, логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету мақсатында 3-сыныпқа «Логика әлеміне саяхат» математика пәніне 1 сағат арнайы курс енгізіліп отыр. 

 






Курстың мақсаты:

- Оқушыларға математикалық білім, білік, дағдыларын игерту;

- Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

- Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс – әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу;

- Оқушыларды жоғары сыныптарға дайындау, логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету.

 

Курстың міндеті:

- Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

- Ақыл – ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

- Логикалық ойлау қабңлеттерін арттыру;

- Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

- Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;

- Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстанымдылыққа, шыдамдылыққа, адамгершілшік қасиетке, достыққа тәрбиелеу.

 

Білім беру жүйесінде алатын орны

          Математикалық білімнің іскерлікпен машықтық жүйесінен оқушылардың терең және сапалы меңгеруін қамтамасыз ету. Математикалық заңдар мен логика ережелерін үйрету. 

              Оқу программасы бойынша сабақ үстінде негізгі тақырыптың маңызды мәселелерінің бәрін қамту, жан – жақты мүмкін болмайды. Сондықтан оқушылар орындайтын жаттығуларда әртүрлі іс – әрекетке математика тіліне ауызша және жазбаша қолданылуы, кейбір күнделікті өмірдегі құбылыстардың өте қажет мәселелері одан тыс қалып жатады.

               Берілген материалдар мен тапсырмалар оқушылар қызығатындай, логикалық жаттығулар, есептер күнделікті өмірден алынып, әртүрлі салалармен (техника, әдебиет, экономика т.б.) байланыстырылған. 

                   Сонымен бірге, есептердің түрленген әдісін анықтау, есепке сәйкес аналитикалық және синтетикалық талдау, талқылау жүргізе білуге дағдыларын қалыптастырады.

 













Өтілетін тақырып

сағаты


1

100- ден 1000- ға дейінгі сандар

1


2

Толық ондықтар

1


3

Теңдіктер,теңсіздіктер,теңдеулер

1


4

Логикалық  есептер

1


5

100 – ден 1000 – ға дейінгі сандардың құрылуы,жазылуы,оқылуы

1


6

Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту

1


7

Фигураларды белгілеу

1


8

Белгісіз азайғышты табуға берілген есептер

1


9

Жақшалы өрнектер

1


10

Математикалық санамақ,жұмбақ,жаңылтпаш

1


11

Сыйымдылық.Литр.    

1


12

Бағасы.Құны. Теңге

1


13

99 – ден 1000 – ге дейінгі сандар.    

1


14

Ұзындық өлшем бірліктері

1


15

Бұрыштардың түрлері.    

1


16

Шаршы,тіктөртбұрыштың қасиеті

1


17

 Олимпиада есептерін шығару.    

1


18

Құрама есептер

1


19

Қосудың терімділік қасиеті

1


20

Қосындыдан санды азайту тәсілі

1


21

Тәулік.Апта.Ай.    

1


22

Күрделі құрылымды шешу.    

1


23

Кері есептер шығару.    

1


24

Үшінші белгісіз қосылғышты табу.    

1


25

Үш таңбалы сандар нумерациясы.    

1


26

Масса бірліктері – тонна,центнер

1


27

Танымдық тапсырмалар.    

1


28

Математикалық олимпиадаға даярлауға арналған есептер.

1


29

Геометриялық фигуралар.    

1


30

Тест тапсырмалары. Ойлан, тап!    

1


31

Үш таңбалы санды есептеудің жазбаша тәсілдері.    

1


32

Математикалық сөзжұмбақ, ребустар шешу.    

1


33

«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»математикалык байқау .

1


34

Тест жұмысы. Қорытындылау

1







Пайдаланған әдебиеттер

Мұғалімге арналған:

1.Бастауыш кластарда математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар.

Алматы «Мектеп»1985ж.

2.Математика.1-4 сыныптар.Алматы «Атамұра»,1997-2004ж/ж.

Т.Қ.Оспанов,Ш.Х.Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,Б.М.Қосанов,К.Ә.Ерешева.

3.Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1-4 сыныптар. Б.М.Қосанов.Р.Қ.Өміртаева    Алматы «Атамұра»,1998ж.

4.ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты,Алматы 1998ж.

5.ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.Жалпы бастауыш білім.АлматыРОНД,2002.

6.Бастауыш мектеп №12,2009ж. №4,2010ж. т.б.

7.Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау.   Ж.Бейсеков,АЖақсыбаева,Ж.Қамбаров.  Шымкент 2008ж.

8. «Математиканы оқыту әдістемесі»Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған.

Т.Қ.Оспанов,Ш.Х.Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,Б.М.Қосанов,К.Ә.Ерешева. 1999 ж.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!