Мазмұны
1.Түсінік хат
2. Тақырыптық жоспар
3. Глоссари
4. Қолданған әдебиеттер
Түсінік хат
«Логика әлемі»
(барлығы 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
7-8 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Екінші сыныпқа арналған арнайы курс «Логика әлемі» дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалаптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Тапсырмалардың мазмұны екінші сынып оқушыларына математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып құралған жаттығулар жүйесіне негізделген.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
«Логика әлемі» таңдау курсы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Логика әлемі» таңдау курсы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, ребустар, дыбыстық диктант, өздік диктант, терме диктант, көру диктант, сөздік диктант,грамматикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Таңдау курсының мазмұны:
Оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе білу, фонетика, грамматика саласында тілдік білімдерін игеру.
«Логика әлемі» таңдау курсына келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-комбинаторлық тапсырмалар;
-заңдылықтарды, реттілікті анықтауға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-өзара-бірмәнді сәйкестік;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар (блиц-әртүрлі тапсырмалар);
-сөзжұмбақтар;
-реттеуге арналған тапсырмалар.
Мақсаты:
-Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
-Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
- Оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Міндеті:
-оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
-ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
-логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
-оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.
-сөйлеу туралы қарапайым түсінік беру;
-сөздің дыбыстық құрылымы туралы түсінігін дамыта түсу;
-оқушылардың сауатты,көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;
-қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу:
Таңдау курсының өзектілігі:
-Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіру
- өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу
-Логикалық тапсырмалар арқылы жеке зейінін дамыту және қалыптастыру.
Таңдау курсының маңыздылығы:
Оқушыларды есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру үрдісінде өзін-өзі бақылай алуға үйрету, негізгі математикалық тілдік ұғымдармен таныстыру.
Күтілетін нәтиже
математикалық түсініктерді меңгереді
оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу дағдылары ұштаса түседі.
Бір амалмен шығаратын қарапайым есетерді түсініп шығару.
өз бетінше есептерді құрастыра біледі.
дұрыс жазу ережесін меңгереді.
шығармашылық қабілеттері артады.
Есте сақтау қабілеті артады.
Қиялдау қабілеті кеңейеді
Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар
Білімі:
көрсетілген тәсілдерді пайдалана отырып, өрнектердің мәндерін ауызша есептей алу:
көбейту және бөлуді баған түрінде орындау және оны тексеру:
көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын және жақша арқылы жазылған өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтау және өрнектің мәнін таба білу:
көбейту және бөлу амалдарынан тұратын, көбейту, бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижесінің өзара байланысы арқылы теңдеулерді шеше білу;
Біліктілігі:
математикалық білімді күнделікті өмірде қолдана алу;
өтілген материалдар бойынша оқушылар тарапынан жиі жіберілген қателерді анықтай алу;
көбейту және бөлу амалдарын шапшың есептей алу;
Дағды:
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық білімінің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Осы міндетті шешу мақсатында сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін, білім, білік дағдыларын арттыру мақсаты «Логика әлемі» таңдау курсын жасадық.
Компьютердің қажет етілуі:
Аудио, видео жазбалар және ғаламтор ресурстарын пайдаланамыз
Қорытынды:
Оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.
«Логика әлемі»
(Барлығы 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
| № | Тақырыбы | Сағат саны | Күні |
| 1 | Кіріспе | 1 | |
| 2 | Есеп туралы түсінік | 1 | |
| 3 | Есептің шартын құрастыру | 1 | |
| 4 | Қосындыны табуға арналған есептер | 1 | |
| 5 | Азайғышты табуға арналған есептер | 1 | |
| 6 | Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер | 1 | |
| 7 | Бірнеше бірлікке артыруға арналған есептер | 1 | |
| 8 | Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер | 1 | |
| 9 | Жұмбақты есептер | 1 | |
| 10 | Қалдықты табуға берілген есептер | 1 | |
| 11 | Айырманы салыстыру | 1 | |
| 12 | «Тауып көр» ойыны . Логикалық есеп шығару | 1 | |
| 13 | Белгісіз қосынды мен айырманы табуға арналған есептер | 1 | |
| 14 | Есеп туралы жалпы түсінік.Есептің құрамды бөліктері. | 1 | |
| 15 | Қосындыны табуға берілген есептер. | 1 | |
| 16 | Бір амалмен шығарылатын есептер. | 1 | |
| 17 | Айырмалық салыстыруға берілген есептер. | 1 | |
| 18 | Екі амалмен шығарылатын есептер. | 1 | |
| 19 | «Кім тез» ойыны .Логикалық есеп шығару | 1 | |
| 20 | Шарты бойынша есеп құрастыру және шығару. | 1 | |
| 21 | Бір амалмен шығарылатын есепті екі амалмен шығарылатын есепке айналдыру. | 1 | |
| 22 | Есепті әр түрлі тәсілмен шығару. | 1 | |
| 23 | Есептер құру және оны шешу. | 1 | |
| 24 | Кері есептер құрастыру. | 1 | |
| 25 | Өзара кері есептер. | 1 | |
| 26 | Периметрді табуға арналған есептер. | 1 | |
| 27 | Көбейту. | 1 | |
| 28 | Көбейткіштер.Көбейтінді.Көбейтінің мәні | 1 | |
| 29 | Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті | 1 | |
| 30 | Бөлінгіш. Бөлгіш. Бөлінді. Бөліндінің мәні | 1 | |
| 31 | Көбейту мен бөлудің байланысы | 1 | |
| 32 | Көбейту мен бөлу -өзара кері амалдар | 1 | |
| 33 | «Кім жылдам» ойыны. Ой ұшқырлығына құрылған есептер | 1 | |
| 34 | Білімді тиянақтау. (тест) | 1 | |
| | Барлығы: | 34 сағат |
Глоссари
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қызықты математика Алматы кітап 1998.
2. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.
3. 12 жылдық білім 2008, №7.
4. Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру стандарты.
Алматы, 2003ж.
5. «Кім зерек?» Алматы 1993.
6. «Сказочные задачи» 1 сынып О.В.Лысова, О.В.Кутянина
7. Математика және информатика журналы 2002, № 6.
8. «Бастауыш мектептің математикасы» Т.Л.Пахомова
9. «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» авторлары: К.Ерешева, Г. Жамалбекова «Өлке» баспасы Алматы 2009
10. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» 2011ж.
11. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар»
Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997ж.
12. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,. Алматы «Рауан» 1992ж.
20