1-сабақ
Логикалық ойлауды жетілдіру
Сабақтың барысы:
Ми гимнастикасы.
Ширату
Ағайынды апа-сіңілі адамдардың баласы-(бөле)
Ата-ананың ең үлкен баласы-(тұңғышы)
Ата-ананың ең кіші баласы-(кеңже)
Дәнді дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас-(көже)
Бие сүтінең ашытылған қышқыл дәмді,шипалы тағам-(қымыз)
Майлы сүтті ұзақ қайнату арқылы жасалған ақшыл қою сүт тағамы-(ірімшік)
1-тапсырма
Суретті мұқият қара. Балық қандай фигуралардан құрастырылған,меңзермен көрсет.

2-тапсырма
Бір үйде 100 пәтер бар. Үй нөмірі жазылған тақтайшада 9 цифры неше рет кездеседі? /20/
3-тапсырма
Алмұрт алмаға қарағанда ауыр,бірақ апельсиннен жеңіл.Алма шабдалыдан ауыр ,апельсин ананастан жеңіл.Ең жеңіл және ең ауыр жемісті тап./ шабдалы-жеңіл,ананас –ауыр/
4-тапсырма
Сайрауық сиырқұйрық құс ұясынан 4 метр алысқа ұшып шықты.Сосын қарама-қарсы бағытқа қарай 6 метр ұшты.Енді ол ұясынан неше метр алыста? /2м/
Сабақты қорытындылау
2-сабақ
Сабақтың барысы:
Ширату
Толықтырып жаз
Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды.
Ер өлсе де,есімі өлмейді.
Батырдың аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді .
Үлкен бастар,кіші қостар.
Досы жоқ адам,
Тұзы жоқ тағам.
1-тапсырма
Суреттерді мұқият қарап,айырмашылығын тап.Оң жақтағы суретті сол жақтағы суреттегідей етіп толықтыр.



2-тапсырма
Егер бұл сандарда цифрлар қайталанатын болса ,2,7,9 цифрларын пайдаланып,үш таңбалы саннан әртүрлі неше сан жазуға болады?
/Жауабы. 6 сан 279,729,792,297,972,927/
3-тапсырма

4-тапсырма
Нұржан мен Асхаттың 16 дәптері бар. Нұржан Асхатқа 4 дәптер бергенде,олардың дәптер саны бірдей болды. Бұған дейін олардың қайсысында қанша дәптер болған еді?
Сабақты қорытындылау
3-сабақ
Сабақтың барысы:
Ми гимнастикасы.
Екі сабақтың арасындағы бос уақыт(Үзіліс)
Бокс үшің алаң(Ринг)
Айырмаға азайғышты қосқанда не шығады(Азайғыш) Өрмекшінің аяғы нешеу? (Алтау)
Неге адамдар спортпен айналысады(Денсаулық үшін)
Шөптің түсі жасыл,ал теңіздің түсі ше? (Көк)
Тура тілді(Шыншыл,әділің айтатын кісі)
Сүттей ақ,судай таза(Кіршіксіз таза,кінәдән аулақ,адал)
1-тапсырма
Аулады жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше үй жануары болуы мүмкін?
2-тапсырма
«Қажет суретті тап»ойыны
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластилиннен жасаған заттар, конфет, бауырсақ, т. б.
Ойын ережесі: мұғалім бір суретті көрсетеді оқушылар сурет мазмұнына келетін суреттердің суретін салады.
3-тапсырма
«Кім ұшқыр?»ойыны
1- ден, 9 ға дейінгі сандарды жазындар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі танбалы сан қолдануға болады.
/Жауабы:1,2,3,4,5,6,7,8,9=12+3+4+56+7+8+9=99
1,2,3,4,5,6,7,8,9=1+23+45+6+7+8+9=99 /
4-тапсырма
«Кім жылдам?» ойыны
Ойын шарты: Шаршыдан 2 ұшбұрыш 2 төртбұрыш шығатындай екі түзу сызық сыз
Сабақты қорытындылау