| II.Сабақ тақырыбы, мақсаттың қойылуы | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақ шешу Жұмбақ шешу. - Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар: 1. Қызықтырып әркімді – ақ, Суда жүзер жалтылдап. Қайсы әріптен басталған, Сол жәндіктің атын тап? (Бақа ). 2. Туа сала жүзеді, Суда жүзе біледі. (Балапан). 3.«б» дыбысының артикуляциясын еске түсіру. Б - дыбысын айтқанда еріннің бір – біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады. Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б - дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету. Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба, 2 - ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату. 4.Дыбыстық талдау- бор, бала, 5.Шашылған әріп, сөз құрастыру: 1) б, а, т, о (бота) 2) б, р, о (бор) 3) б, л, а ( бал) 4) б, қ, а (бақ) 5) б, қ, а, а (бақа) 6.Сөйлемнің грамматикалық құрылымы Бұзау Тентек болма, ақ бұзау, Еріншек болма, ақ бұзау. Кең далада сенімен, Жарысып мен жүгірем. Балықтар Су астында балықтар Сазан, шортан, бекіре, Неше түрлі балық бар Шошытасың секірме. 7.Байланыстыра сойлеуді дамыту Бүлдірген тере барғанда Бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте ішетін тамақ, бүлдірген теретін шелек, себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті.Бұл жер жап-жасыл. Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпандар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не деген сүлу табиғат!Балалар біраз тамашалап бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғанша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырды. Сонан соң ағаш көлеңкесіндегі көгалға отырып дем алды, түскі тамактарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті! | Оқушы жұмбақтарды шешті Аңдар |