Просмотр содержимого документа
«"Мәдениет - адамзаттың айнасы" арнайы мақала»
«МӘДЕНИЕТ – АДАМЗАТ ӘЛЕМІНІҢ АЙНАСЫ»
Мәдениет пен өркениетті ұлт, ең алдымен, өз тарихымен, әдемі өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, сонымен бағаланады. Бұл тұрғыдан келгенде біздің көсіле сөйлеуімізге болады. Өйткені біздің тарих, біздің мәдениет арғы ата бабаларымыздан қалған асыл мұралар, Қазақ хандығының іргесі қаланғаннан бергі жиналған жауһар дүниелер әлем алдында абыройымызды биіктетіп келеді. Соларды насихаттап, көкке көтеріп жүрген мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегі орасан. Әрине, өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар мен кітапханалардың, театрлар мен концерттік ұйымдардың, халық шығармашылығы орталықтарының және мәдениет үйлерінің, қалалық және ауылдық клубтардың қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар қоғамымыздағы руханиятты дамытуға, игілікті, адам-гершілікті, қайырымдылық пен өзара түсіністікті өрістетуге жол ашып, үздік мәдени дәстүрлерді сақтауға һәм молайтуға ерекше мән беріп келеді.
Әлбетте, қалалық мәдениет үйі халыққа мәдени қызмет көрсету бағытында нақты жоспармен жұмыс істеуде. Қостанай қаласы «Мирас» қалалық мәдениет үйінің осы салада атқарылып келе жатқан жұмыстар жетерлік. Жоспарға сәйкес барлық мәдени - көпшілік іс-шаралар өз деңгейінде өтіп келеді. Жастарға ұлт көсемдерін, мәдениет саласының үздіктерін, есімі алтын әріптермен жазылатын ұлы тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында түрлі танымдық, жарыс сабақтары өтіліп келеді. Абай Құнанбайевтың 175 жылдығына арналған "Абай және өнер" атты арнайы танымдық сағаты, композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Шаттық Отаны» атты челленджі, Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сағынышқа айналған сазгер» атты жарыс сабақ өтілді. Алдағы уақытта да басқа тұлағаларымыздың өмірі мен шығармашылығын насихаттау жұмыстары өз жалғасын табатын болады.
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет – ғұрпын кеңінен насихаттауға арналған түрлі шаралар да тасадан тыс қалған жоқ. «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасының іс-шаралар кешені аясында «Салт-дәстүр білгірі», «Бұл қандай салт-дәстүр?» атты қала тұрғындары арасында арнайы сауалнамалары, «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы» арнайы жобасы аясында "Ұлы дала үні" атты презентация. Бұл іс-шаралардың барлығы да халық арасында қазақтың ұлттық – мәдени құндылықтарын, ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдени - тарихи мұраларын, тарихи киелі мекендерді насихаттау болып табылады.
Жастар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер үшінде көптеген шаралар өтілді. Атап кетсек, "Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындары мен есірткінің алдын алу" тақырыбында қалалық акциясы, "Дені сау болған жақсы" атты көңілді старт сайысы, «Мен және менің отбасым» атты сурет байқауы, жолда жүру ережелері мен түрлі тақырыпта танымдық сағаттары өтіліп, ол өз нәтижесін беруде.
Сонымен қатар «Мирас» қалалық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары «Кружева» вокалдық тобы, «Арулар» бишілер тобы, «Наз» вокалдық тобы мен «Жас өркен» театр үйірмесі мен «Достық» клуб белсенділерінің көмегімен сүйікті қаламыздың 145 жылдық туған күніне орай "Гүлдене бер - Қостанай!" атты мерекелік концерттік бағдарламалары көпшілік қауымға ұсынылды. Сонымен қатар мерекелік күндер Конституция, қарттар күніде ерекше жоғарғы деңгейде аталып келеді. «Мирас» қалалық мәдениет сарайы 1 филиалының меңгерушісі Сейтов Жаңбырбай Наурызбайұлының біліктілігі мен ұйымдастырушылығының арқасында алдағы уақытта да кқптеген игі іс-шаралар өз жалғасын табады.
Ұлттық сананың кемелденуі жолында мәдениет саласының мамандарының қосатын үлесі орасан. Мұның барлығы – өнер адамдарының еселі еңбегі, жүйелі жұмысы. Өмір айнасы өнер болған соң, ол жарыққа шықпай тұра алмайды. Олай дейтініміз, мәдени шаралардың өзі – өмірдің бір бөлшегі және ұрпаққа берер тәрбиесі өте зор.
МАЖЕНОВ БАКЫТ АЛЯСКАРОВИЧ
Әдіскер-ұйымдастырушы
«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 1 филиалы