СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәліметтер типтерінің жіктелуі

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Егер біз бағдарламаға берілгендерді енгізетін болсақ, біз оларды жадтың белгілі бір жерінде сақтап қоюымыз керек.

Просмотр содержимого документа
«Мәліметтер типтерінің жіктелуі»

Ф.219

3. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

3 негізгі ВТ-2

27.09









Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.2. Мәліметтер типтері. Амалдар.

Айнымалылыр. Тұрақтылар

Сабақтың тақырыбы: №3. Мәліметтер типтерінің жіктелуі

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Дәріс


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Кәсіби біліктілігін модернизациялау мен үздіксіз өзін-өзі жетілдіру қабілеттілігін көрсете білу

Кәсіптік құзыреттілік

Есепті шешу барысында мәліметтерді басқару, бағдарламаны машина тіліне аудару мен өңдеуді жүргізу


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Айнымалылар типтерінің жіктелуі жөнінде түсінік қалыптастыру

тәрбиелік

Оқушыларды бір-біріне көмек көрсете білуге, компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу

дамытушылық

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу қасиеттерін дамыту


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Қамтамасыз етілетін

Автоматтандрылған ақпараттық жүйесін бағдарламамен қамтамасыздандыру


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар


Таратпа материалдар

Тәжірибелік жұмыстар

Оқытудың техникалық құралдары

ДК, С++

Әдебиет: негізгі

И.Г.Семакин, А.П.Шестаков «Основы программирования»

Қосымша

С.В.Симонович «Информатика. Базовый курс»


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2.

Үй тапсырмасын сұрау (15 мин)

  1. Си тілінің шығу тарихы қандай?

  2. С++ тілін кім жасады?

  3. С++ тілінде қандай операторлар бар?

  4. С++ тілінің алфавиті қандай


3.

Жаңа сабақ (40 мин)

Курс тақырыбы: №1.2. Мәліметтер типтері. Амалдар.

Айнымалылыр. Тұрақтылар

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер типтерінің жіктелуі

  1. Айнымалылар туралы ұғым

  2. Айнымалылар типтерінің жіктелуі


4.

Жаңа сабақты бекіту (13 мин)

1. Cи тіліндегі программа құрылымы қандай болады?

2. Айнымалы дегеніміз не?

3. Айнымалылардың қандай типтері бар?

Тәжірибелік жұмыс


5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)



6

Үйне тапсырма беру (4 мин)

  1. 180 бет

  2. С++ тілінде тәжірибелік жұмыс мысалдарын әкелу





Оқытушы __________ Г.К.Мукушова































Дәріс №3


Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.2. Мәліметтер типтері. Амалдар.

Айнымалылыр. Тұрақтылар

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер типтерінің жіктелуі


  1. Айнымалылар туралы ұғым

  2. Айнымалылар типтерінің жіктелуі


Егер біз программаға берілгендерді енгізетін болсақ, біз оларды жадтың белгілі бір жерінде сақтап қоюымыз керек. Программа құрылған кезде оларға жадтан белгілі бір орын бөлінеді. Берілгендер айнымалылар немесе тұрақты шамалар болуы мүмкін. Тұрақтыларға белгілі бір мән бергеннен кейін, оларды өзгертуге келмейді.

Айнымалылар қолданылмастан бұрын, алдымен жариялануы керек. Оларды жариялау үшін жандарына типтері жазылады.

Айнымалылардың типтері былай жіктеледі:



















Си тілінде берілгендердің 4 арифметикалық (сандық) типі бар. Олардың ішінде екеуі бүтін санды: int және char; екеуі қалқыма (заттық): float және double. Бұдан басқа, программаларда осы типтердің модификаторлары да қолданылады. Өлшемнің екі модификаторы бар: short (қысқа) және long (ұзын).

Және белгінің екі модификаторы болады: signed (белгісі бар) және unsigned (белгісі жоқ). Белгілік модификаторлар тек бүтін типтерге ғана қолданылады.

Си тілінде айнымалыларды жазу реті мынадай:

Тип_аты айнымалылар_тізімі;

Көрсеткіш – бұл айнымалы, яғни оның мәндері ЭЕМ-нің оперативті жадының мәні болады. Көрсеткіш – бұл программалық объект орын алған жад өрісіндегі адрес. Жад – бұл биттер жиынтығы: 8 бит – бұл биттер тобы, 2 байт сөз құрайды; 4 байт – ұзын сөз; 16 байт – параграф болып табылады.

Айталық, программада әр түрлі типтегі 3 айнымалы берілсін:

int a=5;

char c=’G’;

float r=1.2E8

Бұл шамалар компьютер жадында былай орналасады:


Жад

FFC0

FFC1

FFC2

FFC3

FFC4

FFC5

FFC6

Айнымалылар

a

c

r

Мәндер

5

‘G’


Берілгендер классификациясы

С тілінде екі категориялы берілгендер қолданылады: берілгендердің қарапайым (скалярлық) және күрделі (құрамды) типтері. Негізгі (базалық) типтерге бүтін, нақты және символдық типтер жатады. Өз кезегінде, бүтін типті берілгендер қысқа (short), ұзын (long) және таңбасыз (unsigned) болуы мүмкін. Берілгендердің базалық типтерінің өлшемдері мен мүмкін боларлық диапазондарын келтірейік (1-ші кесте):

Типтің аты Берілгендер типі

Жады көлемі, байт

Мәндер диапазоны

Символдық

char

1

-128…127

Бүтін int 2

-32768…32767

Қысқа

Short

2(1)

-32768…32767(-128…127)

Ұзын

Long

4

-2147483648…2147483647

Таңбасыз бүтін

Unsigned int

2

0…65535

Таңбасыз ұзын

Unsigned long

4

0…424967295

Нақты

Float

4

3,14*10-38…3,14*1038

Екі еселі дәлдігі бар нақты

Double

8

1,7 *10-308 1,7 *10308


Берілгендердің күрделі типі массивтерге, құрылымдарға (struct), бірігулерге (немесе құрамаларға) (union), санауларға (enum) бөлінеді.



Тәжірибелік тапсырма


Берілгені: a, b, c – үшбұрыш қабырғалары. Үшбұрыштың S ауданын Герон формуласы бойынша есептеу.

Шешуі: Герон формуласы былай есептеледі:

,

мұндағы р – үшбұрыштың жарты периметрі. Ол мына формуламен есептеледі:

Енді осы есепте программа тілінде шығарайық:

#include

#include

void main ()

{ a, b, c, p, s;

printf (“\na=”); scanf (“%f”, &a);

printf (“\nb=”); scanf (“%f”, &b);

printf (“\nc=”); scanf (“%f”, &c);

p=(a+b+c)/2;

s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

printf (“\nПлощадь треугольника=%f”, s);

}

Программа main деген стандартты аты бар бір басты функциядан тұрады. void сөзі осы функцияның қайтып келетін нәтижесі болмайды дегенді білдіреді, ал бос жақшалар оның аргументінің жоқтығын білдіреді. Фигуралық жақшаның ішіндегінің барлығын функция денесі деп атайды. Ондағы бірінші жол – пайдаланылатын айнымалыларды жариялайды. Олардың барлығы float қалқыма типінікі. Айнымалыларды жариялау нүктелі үтірмен аяқталатынына көңіл бөлу керек.

2-мысал.

Тәуліктің k секундын сағатқа және минутқа айналдыру керек.

1 сағ = 3600 с

1 мин = 60 с

k=13257 с = 3*3600+40*60+57

яғни Н=3, M=40

Экранға мынадай сөзді шығару керек: «Бұл ... сағат...минут». Көпнүктенің орнына Н және М мәндерін қою.

#include

void main ()

{long k;

Int h, m;

printf (“Уақытты секундпен енгізіңіз:”);

scanf(“%d”, &k);

h=k/3600;

m=(k%3600)/60;

printf (“Бұл %d сағат %d минут.\n”, h,m);

}


Оқытушы __________ Г.К.Мукушова