Маншүк
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова |
![]() |
Дүниеге келгені: | 1922 Орда ауданы, Орал облысы |
Қайтыс болғаны: | 16.10.1943 Невель |
Мансабы: | пулеметші |
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).
Мазмұны
[жасыру]
1Балалық кезі
2Өмірбаяны
3Оған көрсетілген құрмет
4Дереккөздер
Балалық кезі
Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.
Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.
Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.
Өмірбаяны
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
![]()
Мәншүк Мәметова (1922-1943)
| 18.08.2012, 12:05 |
Мәншүк Мәметова (1922-1943)  Мәншүк Мәметова (1922-1943) Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, соңымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков облысындағы Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты.
Батыр қыздың құрметіне Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облысының еңбекшілері «Мәншүк атындағы танк колоннасын» құру үшін қаражат жинап (1944), оған жасалған 26 танк майданға жіберілді.
1944 жылдың 1 мартында СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды. Невель Орал, Алматы қалаларында ескерткіш орнатылып, Алматыдағы 28-орта мектеп пен медициналық институт алдында ескерткіш тақта қойылған. Қазақстанның ақын жазушылары Мәншүк Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды.
Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. 1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады. Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы». Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты. Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар. | |
– басты мақсатымыз
Қазақ хандығына 550 жыл
Ұлы Жеңіске 71 жыл
«Бір суреттің тарихы» фотожобасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы
ҚР Конституциясына 20 жыл
Астана — тарих толқынында
Әлихан Бөкейхан - 150
Ұлы Дала
Селфи-байқау
Сүреттер сөйлейді
Театр әлеміндегі тарих
Болашақ Қазақстан
Тәуелсіздікке 25 жыл
Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова
16 Ақпан 2015
183
0

Біз, «Батыр» деген сөз тіркесін естігенде, иығы қақпақтай, көзі қырандай өткір, күші мен қуаты тасыған ер-азаматтың бейнесін көз алдымызға елестетміз.

Бірақ соғыс ер-азамат, әйел, жас қыз деп бөліп жарып, қарамайды. Оның айқын дәлелі нәп-нәзік Мәншүк ерлігі. Осындай нәзік әрі момын қыздан батырлық қалай шықты?Мәншүк Мәметова, — Кенес Одағының батыры атағын қалай алды?
Мәншүік, 1922 жылы 22 қазанда Орал облысының Жасқұс ауылында дүниеге келді. Балалық шағын Алматы қаласында өткізеді. Мектепті бітіріп, медициналық жұмысшы факультетке, ал кейін Алматының медициналық институтына оқуға түсіп, осымен бір мезгілде Республика Халық комиссарлары кеңесінің хатшылығында жұмыс істейді. Мәншүк Мәметова Мәскеудегі шеруге барып, Қызыл алаңды, кесене мен Кремльдегі Спасск мұнарасын көріп қалсам деп армандап жүреді. Астанаға кететін күн де жақындай берді. Бірақ оның орнына басқа күн келді… Ол, соғыс басталған күні еді. Гитлершілер Севастопольді, Одессаны, Киевті бомбалап, Мәскеуге қауіп төндірді. Әскери уақыттың қауырт өмірі басталды. Қатал шайқас Алматы қаласынан мыңдаған шақырым жерде болып жатса да, оқиғаның елесі онда да байқалған еді. Дауыс зорайтқыштардың қасында жұрт топпен жиналып, соңғы жаңалықтарды тыңдап тұратын. Әр күн Отан үшін уайымды ойларға толы болды.

Қазақ халқының үздік ұлдары жаумен күресу үшін майданға кетті. Басқалар тылда қару-жарық пен оқ-дәрілерді әзірлеп, далаларда жұмыс істеді.
Отан соғысының лапылдаған отының ішінде болғанда, Мәншүк Мәметова бей-жай қарай алмайтын еді. Ол да әскери комиссариатқа сенімді түрде барып, жауынгерлер қатарына жазылды. Бірақ оны қабылдамады. Осылай, күндер, апталар, айлар өтіп кетті, 1942 жылдың жазы да аяқтады. Мәншүк Мәметова майданға өз еркімен барұға рұқсат сұрады. Мылтықтан атуды жақсылап үйреніп, медициналық курстарды бітірсем деп қалады.
Арасында бірнеше күн өтіп, Мәметова әрекеттегі армия қатарына қосылды. Ол снарядтардың жарылуын бұрын да естіген, әуе шабуылын да көп рет көрген, бірақ өз тағдырына риза емес болды. Мергендер бөлімшесіне өзін жіберуін сұрады, бірақ Мәншүкті бөлек мергендер бригадасы штабының тұсында хатшы етіп, қалдырды. Осымен ол үндемей келісті, бірақ өз дегеніме жетемін деп шешіп, майдан өмірінің қай бөлігінде Отан үшін көп пайдасын тигізе алады деп ойланып жүрді.
Медбеке, телефонист, радиошы болу — оның қолынан келді. Бірақ Мәншүктің арманы — пулеметші болу еді. Бос уақытының барлығын, дадалық госпитальде өткізіп, айқас алаңынан жеткізілген жарақат алған адамдарды көріп, жүрегі аяушылық сезімінен жарылып кете жазғандай болды. Тап осы кезде институттағы медбике курстарында алған білімдері оған қатты көмектесті. Бірақ ол немес айналысып жүрсе-де, арманын үнемі ойлайтын болды. Соңында Мәншүк Мәметова пулеметті меңгерді. Командир тексеріс жүргізгенде, ол басқа әскерлердің қатарында бастапқы позицияны алып, сабырлы мен өзіне сенімді болды. Мәметова нысанаға қарап атқанда, ол көз алдына фашисттер бейнесі елестеді, өйткені егер сенің алдында жау болса, онда қате жасауға ешқандай мүмкіндік жоқ. Бірде-бір оқ нысанаға дәл тигізбей өтпеді.
Ол үздік пулеметші болып, Калинин майданы 3-ші екпінді әскерінің 21-ші гвардеялық атқыш дивизиясына қабылданды. Соғыс күндері басталды. Барлаулар, атыстар, шағын айқастар. Мәметова пулеметті қолынан жібермеді. Бірінші шайқаста Мәметова гитлершілерді жақын жолатып, фашисттердің шабуылына қарсы тұра алды. Бұл оқиғаның салдарынан атқыш дивизия жауынгерлері оны құрметтей бастады. Бірақ соғыс — бұл әскери әрекеттер ғана емес, адамдар өмір сүріп, бір-біріне ғашық бола берген. Мәншүк те ғашық болды. пулеметші Нұркен Құсаинов сұлу әрі мейірімді жігіт тұғын. Мәншүк құрбымен сырласып отырды: «Мен Нұркенді сүйемін. Бірақ қазір сүюге болады ма?». Нұркен-де соғыс кезінде өз сезімдері жайлы айту мүмкін емес деп санады. Ғашықтар бір күні — 1943 жылдың 15 қазанында — Невель түбінде орналасқан Изочи бекеті үшін қаһарлы шайқаста қаза тапты, тағдырдың жазуы осылай болды.

ҰОС жылдарындағы Невель қаласы
1943 жылдың 15 қазанында Калинин майданының әскерлері Псков облысының Невель қаласын босату үшін ұрыс жүргізді. Осы уақытқа дейін Мәншүк Мәметова өзін ұрыстарда шыныққан және ержүрек, тәжірибелі жауынгер ретінде көрсетті.
Салқын күзгі таң болды, шайқас өтіп жатқан. Фашисттер әрбір бұта, әрбір шың үшін соғысып жүрді. Олар қарсы шабуылдарға шыға беріп, бөлімшелеріміздің шабуылын тоқтатпақшы болды. Қолайлы позицияда орналасып, батыл пулеметші жаулардың жоспарына кедергі жасады, өйткені өз бөлімшесінің жерінде дұшпандардың шабуылдарын жоққа шығарған. Мәншүк Мәметованың қаруы гитлершілердің қатарларын қиратып, олар артқа шегінді. Мәншүкте тек бір ғана ой болды: бөлімшісіне алға қарай жылжуға көмектесу. Қалай болса да, бірақ өңірдегі басты биіктікті жаулап алу қажет болды, өйткені бұл — ұрыстағы шешуші әрекет. Бірақ биіктіктің қасында фашисттер отты бүркенішті жасады. Ұрыс шиеленіскен сәтіне жетті, тура осы кезде қыздың тұлғасы пайда болды. Бұл Мәншүк Мәметова болды. Ол пулеметтен атыс жүргізді. Оның полктасы Ахметжанов бұл оқиғаны есіне алып, былай деді: «Артқа шегініп, басынан жарақат алған Мәншүктің ұрысты жалғыз өзі жүргізетінін көріп қалдық. Бізбен бірге бару деген сөздерімізге ол былай жауап берді: «Өздерің барыңдар, егер мен кетіп қалсам, онда сіздерді кім жабады?…». Жауынгерлер Мәншүктің арқасында тірі қалды. Ол бар атысты өзіне қарсы қойып, шайқасты жалғастырды.
Ашық сабақ "Мәншүк Маметова"
Шагатаева Роза Шатеновна
Учитель казахского языка и литературы
Костанайский Строительный колледж
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің шырайлары. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігімен, Мәншүк Мәметованың ерлік істерімен таныстыру, сын есімнің шырайларын ажыратуға үйрету.
2. Оқушылардың қазақтың батыр қыздарының ерлігіне қызығушылығын тудыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
3.Оқушыларды,елді жаудан қорғаған,елі үшін ерлік көрсеткен азаматтарды құрметтеуге,туған жерін сүюге,Отан үшін отқа түсетін елжанды,ел азаматы болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Панаралык байланыс тарих орыс тиладебиет
Әдісі: көрнекілік,сұрақ-жауап,ой қозғау,кластер.
Көрнекілігі: Мәншүк Мәметованың суреті Ұлы Отан соғысы бейнеленген суреттер, пулемет суреті, интерактивті тақта. т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. студенттердің назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
-Студенттер,үйге қандай тапсырма берілді?
Сын есім.
- Сын есім дегеніміз не?
-Сын есім қалай жасалады?
-Сын есімнің сұрақтары қандай? Мысал келтіру.
-«Қазақстандық Калмыков» мәтіннің мазмұнын айтып келу.
Калмыков туралы презентацияны қорғау. (1 оқушы)
Кітаппен жұмыс.11 сынып,...бет.
Берілген сын есімдерді тұлғасына қарай ажыратыңыз.
Кестені толтыру
Сын есім негізгі туынды
биік
ақылды
үлкен
сөзшең
өнерлі
3. Жаңатақырып.
Сын есімнің шырайлары.
түрі ережесі жасалу жолдары мысал
жай Жәй шырай негізі бір түбірден жасалады ақ
салыстырмалы Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі -ырақ, - ірек, - рақ, - рек, - лау, - леу,- дау, - деу, - тау, - теу,- қыл, - ғыл, - қылт, - ғылт,- ғылтым, -аң Кішірек, ақтау, ақшыл
күшейтпелі Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады. Сап – сары, үп - үлкен
асырмалы Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Сын есімнің күшщейткіш үстеумен (өте, тым, ең, аса, нақ) тіркесуі арқылы жасалады. өте әдемі, ең ауыр
4. Әңгіме. Мұғалімнің сөзі: Оқушылардан Мәншүк Мәметова туралы мәлімет сұрау.
- Студенттер сендер қандай қазақтың батырларың білесіңдер?
-Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай,Бауыржан,Әлия,Мәншүк т.б.
- Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова қандай соғыстың батыры?
Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кенес Одағының батырлары.
- Биыл Жеңіске неше жыл толады?
Биыл жеңіске жетпіс жыл толады.
Жақсы жарайсыңдар, енді оқушылар міне бүгінгі тақырыбымыз ұлы отан соғысы батыр қызбен Мәншүк Мәметова мен танысамыз.
- Студенттер,бүгін біз Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы білімдерімізді толықтырамыз.
-Ұлы Отан соғысы 1941 жылыбасталғанынбілеміз.Енді осы соғыстың батыр қызыМәншүкМәметованыңөмірітуралыайтқымкеледі.
Мәншүк 1922 жылыБатысҚазақстаноблысының Орда ауданындадүниегекелген.Ертеата -анасынанайырылып ,Алматыдатұратынағайындарыныңқолындатәрбиеленген.
ШынатыМәнсия.АнасыеркелетіпМоншақдепатағанекен.
ҰлыОтансоғысыбасталғандаМәншүк медицинаиститутындаоқып жүрген.1942 жылынебәрі 19 жасындаөзісұраныпмайданғааттанады.Ұрыстаолпулеметшіболды.
Ал студенттер қазір бізге өз ізденіс жұмыстарын көрсетеді. Мәншүктің өмірбаяны туралы.(1 студент презентациясын қорғайды )
4. Мәншүктің туыстары туралы.(2-ші студент презентациясын қорғайды)
5. Мәншүктің ерлігі туралы. (3- ші студент презентациясын қорғайды )
Жақсы рахмет.Енді тақтаға назарымызды аударамыз жаңа сөздермен танысамыз.
5.Сөздік жұмысы.
Атқыштар-стрелковая
Ұрысқа қатысты-участвовала в войне
Каһарман-герой
Батылдық-геройзм
Балалық-детство
Соғыс-война
Ескерткіш-памятник
Қаза тапты- погибла
6. Мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқұ ,аудару.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова( шын есімі Мәнсия) – 1922, Орал облысы Орда ауданы ,-1943ж. қазанның 16-ы қаҺарман қазақ қызы, Кенес Одағының Батыры .
Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.1942 ж. тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21- нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті.Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, каһармандықпен қаза тапты.Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруга қаражат жинады.Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель,Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар.Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады.Каһарман қыздың өмірі мен өшпес (ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» көркем фильм түсірілді(Оқушылар мәтіннен түсінгендерін айтады)
7. Поэзия минуты. Келесі кезекті Мәншүк Мәметова туралы қалам тербеген ақын жазушылардың өлеңдеріне берелік. Студенттер Мәншүк туралы өлеңдер оқиды.
«Мәншүк» «Жан құрбым»(Өлеңің авторы Әзілхан Нұршайықов)
Қара шашын қара бұлтпен жуғандай,
Қара қасы аймен егіз туғандай.
Желмен ойнап желбіресе кекілі,
Күн шұғласы мандайында тұрғандай.(өлеңнін авторы кім? Мариям Хакижанова)
• Ұлы Отан соғысында құрбан болған Мәншүк пен Әлия апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.
• Жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз,
1. Мына зат есімдергі сын есім тауып жазындар: қаза, ескерткіш, фильм, жер, батыр.
2. Мына сөздерімен шырай түрлерін жасаңыз: сары, жеңіл, күшті.қымбат,дәмді, қатты, жұмсақ.
8. Бекіту кезеңі.
Сөз ойлап тап. Батыр аттары.
1.М,К,Ә,І,Л
2.Т,Л,Ғ,А,А,Т
3.Л,И,Ә,Я
4.Б,Г,Е,Н,Ө,А,ЙБ
5.Ә,М,Н,Ү,Ш,К
Жаттығу жұмысы Сын есім –н шырайлары
9. Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдерді толықтыру.
1. Қорқақ мың өледі, батыр... өледі.
2. Батыр майданда шынығады
Құрыш қайнауда...
3. Батырды намыс өлтіреді
Қоянды қамыс...
4. Қыз – елдің көркі, гүл- жердің...
5. Тұган жердей жер болмас, тұған елдей...болмас.
Керекті сөздер: Бір, өлтіреді, көркі,шынығады,ел.
10.Сабақты қорытындылау.
Мұғалімнің сөзі: Бірақ,Мәншүкоралғанжоқ.Мәншүк Мәметова 1943 жылы16 қарашада орыстың көне қаласы Невель түбінде ерлікпен қаза тапты.
1944 жылы 1наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
«Мәншүк туралы жыр» кинофильміннің үзіндісін көрсету.
Кластер толтыру.
Мәншүк суреті
-Сонымен ,балалар Мәншүк тірі болса қазір қандай болар еді,кім болар еді ,қалай ойлайсыңдар?
-Сендер болашақта кім боласыңдар,еліңізге,Отаныңызға қандай қызмет етередіңіздер?
Оқушылардың ойы тыңдалады.
Отанына адал қызмет еткен, Отаны үшін, елі үшін өмірін қиған батырларымызды ешкім,ешқашан ұмытпайды.
Оның ісін ары қарай жалғастыру мына отырған сендерге жүктеледі.Ол-Отанды сүю, көркейту, қорғау.
М.Мәметова апамыз-мәңгілік есімізде қалады.
11.Үй тапсырмасы: Ережені кайталау. Мәншүк туралы шағын шығарма жазып келу.
12.Бағалау. Сабақта орындаған тапсырмаларға байланысты бағалау.
Бала Мәншүк
Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанова «Бала Мәншүк»
Сабақтың мақсаты: Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.
Міндеттері:
1. Өз пікіріңді қорғай біліп, ойынды ашық жеткізуге машықтану.
2. Тіл байлығымызды арттырып, шығармашылық жұмыстар жасауға талаптану.
3. Мәншүк апамыздай елімізді, жерімізді қорғай білуге үйрену, Отан алдындағы азаматтық пен адамгершілік парызымызды сезіну.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың технологиясы: сыни тұрғысынан ойлау мен жазу.
Әдіс – тәсілдері: ассоциация құру, топтық жұмыс, ББҮ кестесі, Жиксо№1,
Жиксо №2, INSERT «түртіп алу», 5 жолды өлең, Автор орындығы,
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәриям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбер.
Топқа бөлу (ай, күн, жұлдыз)
Бағалау парағын тарату ( топ басшылары басшылық жасайды).
І. Қызығушылықты ояту.
- Өткен сабақта қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
- Әлия Молдағұлова
- Әлия туралы білімімізді жинақтайық. Әлия қалай естеріңде қалды.
Ассоциация құру (ватман тарату)
(байсалды, қайратты, ақылды, өжет, қайсар, жауынгер, батыр, ержүрек, батыл)
I топ Әлияға мінездеме.
II топ Әлиянің ерлігі (жауапкершілігі, қайсарлығы)
III топ Әлия - Шығыс шынары. (Кенес Одағының батыры, қазақтың қаһарманы қызы,)
Әр топ тапсырмаларын қорғайды. Әр топтың пікірі құнды.
II. Мағынаны ажырату.
- Ә. Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? (Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров)
- Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?
(Мәншүк Мәметова)
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
1. ББҮ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?
Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке - жеке орындайды
«Білемін» бөлігін топтастырады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.
1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
- Мәншүк туралы не білгілерің келеді?
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек, батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры. Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.
Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па?
2. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 2 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.
Балалар, сендер білгім келеді бөлімін топтастырғанда тереңірек білгім келеді дедіңдер ғой, Қазір мен бейнефильм ұсынамын.
- Қандай сезімде отырсыңдар бейнефильнен кейін? (аянышты екен)
- Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды? (18 жаста)
- Қай жерде және қай жылы дүниеге келген екен?(
Бейнефильнен «білгім келеді» бөліміндегі сұрақтарына жауап ала алдыңдар ма?
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта «Бала Мәншүк» туралы М. Хакімжанованың естелік шығармасы бар.
- Естелік дегенді қалай ұғасыңдар?
- Мәриям Хакімжанова туралы не білеміз? (1 - 2 бала)
- М. Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобыланды ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны. «Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.
Енді, балалар, ЖИГСО №1 әдісін қолданамыз, мәтін бойынша жұмыс жасаймыз.
ЖИГСО №1 оқу, ЖИГСО №2 талдау.
Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір - біріне айтады.
Сөздік жұмыс. INSERT әдісі. Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп қойындар.
Дәптерлеріңе жазып алыңдар.«Түртіп алу» әдісі.
Дерлік – түгел, бәрі, айтарлық
Әсте қыңыр – басқаша, қызық, бір түрлі, өзгеше сөйлейді
Домбығып – ісіну, томпаю
ЖИГСО №2 Схема арқылы негізгі ойымызды анықтайық.
I топ – Тақырып. Негізгі ой. І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы» (жауапкершілігі, қайсарлығы, )
II топ – Рөлге бөлу.
III топ - Тақырып. Негізгі ой. ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»
Топта талдау.
«Ой ширату»
I топ –- Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсиянің қандай мінездері ұнады? Өздеріңе ше?
ІI топ – Әңгімедегі Мәнсиянің қандай қызықты жайы естеріңде қалды?
III топ – Сендердің ойларынша Мәнсия «Моншағым» деген атқа лайықты ма?
Топта талдау, сұрақтарға жауап беру.
ІІI. Ой – толғаныс.
Балалар, Мәншүк апаларын бәрлеріне ұнады ма?
Ендеше қалай ұнағанын көрейік.
Бес жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім? – Мәншүк
2. Етістік Не істеді? Қайтті? – атысты, шайқасты, ерлік көрсетті.
3. Сын есім. Қандай? – ержүрек, батыр, өжет.
4. Синоним. Мәншүк - Мәнсия
5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.
«Автор орындығына» келіңдер.
Қорытынды:
1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек, батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры. Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.
Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па?
1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.
2. Олар бір - бірімен кездеспеген.
3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген.
4. 19 жасында майданға аттанған.
5. Пулеметші болған.
Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Үйге тапсырма:
1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.
2. «Батырларға ризамын» эссе жазу.
3. Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтел жаттау.
Бағалау парағы (топ басшылары сөйлейді).
Шығу парағы (пікірлерін тыңдайық 1 - 2 оқушы). Мадақтау.
Тілек: «Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!» демекпін.

Бірінші болып, әскерлерді қарсы шабуылға бастап шықты, гитлершілер минометтерінен алапат атысты жіберді, жарылу толқынымен пулемет аударылып кетті… қазақтың ержүрек қызы өлімші болып жарақаттанды. Мәншүк Мәметова біраз көтерілгісі келді, бірақ қатты ауру басынан тиді. Көзінің көру қабілеті қайта оралды, Мәншүк оған өрмелеп баратын, айқайлап және оқ атуын тоқтапаған немістерді көріп қалды. Ол бар соңғы күшін жинады. Фашистерге қарсы өшпенділіктен оның жарақытының ауырғаны басылды. Гитлершілердің оған жақын келгенін күтіп жатқан, сосын ол пулеметті қолайлы позицияға суырып алып, отты жіберді. Жаулар кейін ығысты, ал Мәншүк оқ атуын тоқтатпай берді. Жауларға қарай атып, әскерлерімізге жолды тазартқан еді. Соңғы демі таусылғанша фашисттерді қиратып жатты. Жалғыз ғана қалып, 70-ке жуық қарсыласты жойып жіберіп, қаһарман ретінде қаза болды.
Ұрыстан кейін Невель қаласында жерленген. 1944 жылдың 1 наурызындағы КСРО Жоғарғы Президиум бұйрығымен Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.