СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтіндер жинағы 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оку техникасын жаксартуға арналған мәтіндер жинағы

Просмотр содержимого документа
«Мәтіндер жинағы 4 сынып»

Бірлік


Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді.
- Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, - деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты.
- Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма?
- Жарайды, - деді Данияр қуанып.
Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап - күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.
- Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде - ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді.

  1. Даниярдың іс-әрекетінің реті

А) аулаға шықты, шанасын алды, қорапты бекітті, қар тазалады

В) шанашы алды, ұар тазалады, қорапты бекітті, аулаға шықты

С) аулаға шықты, қорапты бекітті, шанасын алды, қар тазалады

Д) аулаға шықты, қар тазалады, қорапты бекітті, шанасын алды

2.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал

А)

В)

С)

Д)

  1. Қар шығаруға бірінші болып көмекке келген досы

Нариман

Нариман мен Даниярға көмектесуге кімдер келді?

Берік пен Серік

  1. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал

«Байлық – байлық емес, бірлік – байлық»




1. Әңгіме не туралы айтылған?
2. Басты кейіпкер кім?
3.« Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Жалғыз болып істеген жұмыстан, көп болып жасаған жұмыстың айырмашылығы бар ма?

Керексіз сұлулық

(Аңыз әңгіме)

Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып,

өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады, сөйтіп денесінің

басқа мүшелеріне көз салады. Бұғыға аяқтары

келісімсіз, жіңішке әрі арық сияқты көрінеді.

Сөйтіп тұрғанында арыстан шыға келіп, бұғыны

қуа жөнеледі. Бұғыны арыстаннан жаңа ғана өзі

жақтырмай тұрған аяқтары ажыратып алады, со-

лар дың арқасында бұғы орманға арыстаннан бұрын

жетеді. Бірақ, орманда бұғының мүйізі әр бұтаққа бір

оратылып, кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан

оны ұстап алады. Сонда бұғы «Менің көркім – менің

сорым болды, онша жақтырмаған, әлсіз санаған аяғым

мені құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды

білмеген екенмін» депті.

1.Мәтіннің негізгі ойы

А) Мүйіздің қажеті жоқ

Б) Сыртқы сұлулық алдамшы

С) Аяқ мықты болу керек

Д) Ішкі сұлулық артық

2.Бұғының су ішкен жер

А)өзен

В)көл

С) бұлақ

Д) арық

3.Бұғыны арыстаннан құтқанрған мүшесі

А) аяғы

В) тұяғы

С) құйрығы

Д) мүйізі

4.Бұғының арыстанға ұсталып қалу себебі?

А)Мүйізі әр бұтаққа ілінді

В)Көркін дұрыс бағаламады

С) Аяқтары жіңішке әрә арық болды.

Д)Қашып кете алмады





"Хеймей аралы"

Жыл сайын қызыл сары тұмсығы бар қара ала құстар. Хеймей атты исланд аралына ұшып келеді. Олар тупиктер. Тупиктерді тағы «теңіз сайқымазақтары» деп те атайды. Толық денелер мен қысқа қанаттарының кесірінен бұл құстарға ұшумен қону өте қиын. Халла деген қыз Хеймей аралында өмір сүреді.Ол күнде биік жартастың үстінде тұрып, биылғы алғашқы тупикті көру үшін теңіз жаққа қарайды. Көп кішкентай олар бүкіл аспанда көрінеді. Олар қыстаудан теңізге оралады да, араладарға жұмырқа салып, балапандарын басып шығарады.

«Теңіз сайқымазақтары» жылдан жылға өз ұяларына қайтып ұшып келеді. Олардың жағаға шығатын жалғыз уақыты осы.

Жаз бойы балапан-тупиктер өз ұяларын тастап. Алғашқы ұшуларын орындайды. Құстардың жартысын ауылдағы шамдардың жарығы шатастырады. Құстар бұл жарықтарды, су бетіндегі ай сәулесі деп ойлайды. Сондықтан әрбір күні жүздеген тупиктер ауылға келіп қонады. Олар жер бетінен көтеріле алады.

Халла достарымен балапандарды құтқарудан жарысады. Қолдарына фонарик алып, олар ауылдың қараңғы жерлерін қарайды. Тапқан тупиктерді арқырын картон қорапқа отырғызып, үйлеріне алып келеді. Келесі күні күндіз олар жағаға барып, балапандарды суға жібереді.

1.Халла мен достарының әрекетінен байқалатын қасиет

А) қамқорлық

В) құрмет

С)кішіпейілділік

Д) адамгершілік

2.Мәтіннің жанырын анықта

А) мысал

В) аңыз

С) ертегі

Д) әңгіме






Мейірім

Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күнінде мектепке жайбырақат келе жатқам. Көшеден өте бергенде жылаған баланың дауысын естіп жалт қарадым. Құлағы салпиған қара күшік үш-төрт жасар қыз баланың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті қуып жібердім.

-Үйіңді тауып ааласың ба? Дедім.

Көз жасын өолының сыртымен сүрткілеп, күшік жаққа қарады. Қолынан жетектеп, өз нұсқаған жаққа алып келе жаттым. Ол үйінің жанына жақындаған сәтте қуанып кетті.

-Аға анау үй, көп рахмет!-деп томпаңдап жүгіре жөнелді..

Мектепке келсем сабақ ьасталып кетіпті. Есік қағып сыныпқы кірдім. Оөушылардың барлығы мұрындарынан шаншылып сабақ орындап отыр екен. Оспан ағайға кешіккен себебімді айттым. Ол кісі үндеген жоқ. Аяғын дыбыссыз басып қасыма келді. Мейірім жүзінен күлімсірей қарап, аялы алақанмен басымнан сипады да: «Орныңа отыра ғой! Тақтада берілген тапсырманы орында»-деді жұмсақ үнмен. Төбем көкке жеткендей болды.

1.Мәті мазмұнына сәйкес жоспар реті

А) мұғалімнің кешіріммен қарауы, мектепке барар жол, қызға көмек

В) мектепке барар жол, қызға көмек , мұғалімнің кешіріммен қарауы

С) қызға көмек , мектепке барар жол, мұғалімнің кешіріммен қарауы

Д) мектепке барар жол, мұғалімнің кешіріммен қарауы, қызға көмек

2. Кейіпкер бойындағы үлгі тұтуға тұрарлық қасиет

А аңғалдық В көпшілдік

3.Қыздың жолын бөгеді

АҚара көлік В Ақ күшік С Қара күшік



Аралар қалай бірікті

Ертеде бал аралары қазіргідей топ-тобымен тұрмайды екен.

Әрқайсысы жеке-жеке күн көріпті. Бал жинайын десе, балын кез-келген жеп кетіпті. Жалғыз ара жауына қарсы тұра алмағандықтан:

-Бұлай жеке дара жүргеніміз дұрыс емесекен, бірігіп ортақ жауымызға қарсы тұрып, қорғанайық,-дейді. Олар сөйтіп үлкен күшке айналады.

Бәрақ дұшпандары бұлардың шаршап, ұйықтап қалған кездерін аңдып, балын ұрлап, ұясын бұза береді.

Бұдан кейін аралар ақылдасып:

-Күн сайын күзетші қойып отырайық, басқамыз ұйықтағанда, күзетші ара ұйықтамасын. Дұшпанның келегенін сезсе, бірлесе шабуыл жасап, жаудың үрейіе ұшырайық,-деп келіседі. Бір ара күні-түні ұя басына күзетте тұрады. Оны күзетші ара деп атайды. Ол бір сыбыс сезсе –ақболды, барлық ара жиналып, дұшпанын сәйгел тигендей етеді. Осыдай былай бал арасын алып аю да талқандай аламайды. «Бірлікшіл болсаң, арадай бол» деген сөз осыдан қалған.

1.Аралардың бастапқыдағы шешімі

А)бірлесе щабуыл жасау

В)жаудың үрейі ұшыру

С) дұшпанның келгенін сезу

Д) бірігіп ортақ жауға қарсы тұру





Мұхиттар

Мұхиттар өте терең болады. Мұхиттардың мол суы ауа-райының қалыптасуына әсер етеді.Судың жылуына немесе сууына көп уақыт кетеді.

Сондықтан мұхиттар климатты жұмсартып, бізді жазда аптап ыстықтан , қыста аяздан қорғайды.

Мұхит ағасы –бұл температурасы басқа қалың судың арасымен ағып келе жатқан жылы су не сыуқ су теңіз суларының ағыстары. Мысалы: гольфстрим –бұл жылы ағыс. Ол Атлант мұхиты арқылы Еуропа қарай ағады. Мұхитттардың суы лықсулар мен қайтулар кезінде қозғалады.

Жер бетінде тқрт мұхит бар. Олар біздің планетамыздың үстінің 71%-ын жабады. Ең үлкені –Тынық мұхиты. Ал мұз жабылған Солтүстік Мұзды мұхит олардың ішінен кішісі және таязы.

Ең кіші және таяз мұхит

А Солтүстік Мұзды С Атлант

ВТынық Үнді

  1. Гольфстрим ағысының ықпалы

  1. Еуропа елдері жұмсақ климатқа ие

  2. Еуропа елдерінің климаты жайсыз

  3. Атлан мұхитының ағысы қатты

Азия елдерінің климаты қоңыржай

Әйнек адам

Бір адамның титімдей досы-Әйнек адам болыпты. Өзі мөп-мөлдір. Бір ғажабы; Әйнек адам досының не ойланғанын біліп қояды. Бала анасының тілін алмай, сыртқа ойнауға шыққалы жатса-Әйнек адам сіл-пәл күңгірт тартып:

-Олай етуге болмайды. Әуелі ісіңді тындыр. Сосын ойнауға шық,-дейді.

Бала қялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң ғана сыртқа щығады. Әйнек адам қайтадан мөп-мөлдір түске енеді.

Бірде баланың бірге ойнайтын досы ауырып қалады. Бір күн өтті, екі күн өтті. Бала досын есіне алмайды.Әйнек адамға қарасы, түнеріп кетіпті.

-Кімге жаманжық жасап қойдым?- деп сұрады бала.

-Ешкімге жамандық жасаған жоқсың. Тек досыңды ұмытқаның болмаса.

Бала ұялып кетті. Дереу досының үйіне келді. Оған бір шоқ гүл алма ала барады. Сөйтіп Әйнек адам баланы жақсы болып өсуге үйретті.

2.Бала анасының тілін алмаған кездегі Әйнек адамды болатын өзгеріс

А) қуанып кетеді

В) бояуы өзгереді

С) күңгірт тартады

Д) мөлдір түске енеді

3.Әйнек адамның баланы баулитын қасиет

А) шыншылдыққа

В) даналыққа

С) адамгершілікке

Д) жомарттыққа

1.Әйнек адамның ғажап келбеті

А)не ойланғанын біледі

В)істі тындырады

С) баланы ұялтады

Д) жұмысқа кіріседі


1.Әйнек адамның ғажап келбеті

А)не ойланғанын біледі

В)істі тындырады

С) баланы ұялтады

Д) жұмысқа кіріседі

Мәтін мазмұнына сәйкес мақал

Әдепті бала –арлы бала.

Әйнек адамның ғажап қабілеті

Не ойлағанын біледі.



Абай мен Әбіш

Бірда Абай әңгіме үстінде.

-Қалқам, Әбіш осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма? Қара зат асыл ма?-деп сұрапты.

Ол іркілместен

-Ақ зат асыл ғой,-дейді.

-Неге қара зат асыл емес пе?

Әбіш күлімдеп:

-Қараны қалай асыл дейсіз?-дейді

Біріншіден адам баласы барлық дүниені жаратылысты көзбен көреді емес пе? Бірақ көздің ағы көмейді, ортасындағы қарашығы ғана көреді.

Екіншіден қағаз-ақ адан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиямен жазғаннан өнер білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал шашы қара болады. Осыған байланысты. Жас күнде адамға ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда адамның шашы-сақалы ағарады, ал адам ақыл қайрат, білім де азаяды. Сондықтан қараны асыл ма деп ойлап қалдым,-дейді. Әкесі,

-Оның бәрін қайдан білдіңіз?

-Ақылмен білдім ,-дейді әкесі.

Ұмытшақ

Екі кітап

Бірде жолға шыққан жолаушы екі кітап тауып алады.Бірінші кітаптың қалыңдығы екі қарыс. Екінші кітап сіріңкедей кішкене әрі жұқа. Ол кітаптарды алып, данышпан қарияға келеді. Қария екі кітапты таразыға салып, өлшейді. Жұқа кітаптың салмағы басым түседі. Қария басын шайқайды да:

-Сені жазған кім , үлкен кітап?-деп сұрайды.

-мені мылжыңбай деген біреу жазды. Отырады да, ойынан келгенін жаза береді,-деп қалың кітап жауап береді.

-Ал сен кім жазды, кішкене кітап?

-Мені ғұлама білгіржазды. Ол көп жыл еңбек етіп сөз асылын ғана хатқа түсіреді,-дейді.

-Міне енді ұқтың ба?-деді қария жолаушыға.

-Мына кітапта ақылдының сөзі ғана бар. Ал мына кітапта іші толы бос сөз. Сондықтан жеп-жеңіл. Мағынасыз сөзде не салмақ болсын.

2.Мәтіндегі қарияның бірінші әрекеті

А ойын тұжырымдайды В кітаптарды өлшейді

3 «Мылжыңбай» сөзінің мағынасы

А Көп жазады В Көп күледі С Көп ойнайды Д Көп сөйлейді


Сауысқанның ұясы

Ертеде аспандағы құстар құсқа тән өнердің қыр-сырын енді ғана меңгере бастаған шақта ала қанат Сауысқан өзңн аса білгір санапты. Бірақ оның білетіні тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз еді.

Көктем келіп, құстар ұя салу қамына кіріседі. Сауысқан да жұрттан қалмай іске кірісейін десе, құрылысты неден бастарын білмей дал болады. «Құс екендерің рас болса, ұя салуды маған үйретіңдер» деп қолқа салады. Құстардың бірі шқп-шалам әкеп, біреуі бұтақ тасып, сауысқанға ұя салуды үйрете бастайды.

Үлкен құстар қарға, құтан, өырғи бір-бір бұтақшадан алып келеді. Ал Сауысқан тұмсығын көтеріп, құйрығые қайқаңдатып,: «Осы ғана ма! Мұны мен сендерсіз-ақ білемін» деп әрі-бері секеңдеумен болады.

Көмекке Шымшық,Бозторғай, Қарлығаш сияқты кішкентай құстар келеді. Олардың кейбірі қабырғаны жүн-жұрқамен бекіте алса, кейбіреуі балшықпен сылақ сылауды жақсы білетін, енді біреуі еденге мамық төсеудің шебері еді. Бірақ мамық төсеушінің өнеріне кезек тимей қалды. Бір үлкен құс бұтақшаны тұмсығымен тістеп, ұшып келе жатса, сауысқан тағы баяғы әніне салады:-Осы ғана ма! Мұны мен сенсіз де білемін!

Сонда мақтаншақ сауысқаннан мезі болған құстар:

-Солай ма, Сауысқан мырза! Сен бізсіз-ақ бәрін біледі екенсің. Олай болса, мына құрылысты өзің жалғастыра ғой,-деп жөндеріне кетеді.

1.Сауысқанға керек не нәрсе

А) шөп-шалам

В) бұтақ

С) өнер

Д)ұя

2. Мәтіндегі негізгі кейіпкер

А) шымшық

В) сауысқан

С) құтан

Д)қарлығаш

2.Мәтіннің жанырын анықта

А) мысал

В) аңыз

С) ертегі

Д) әңгіме

3.Сауысқанның құстардан сұрағаны

А) Ұя сылап береді

В) Ұя мамық төсеуді

С) Ұя салып беруді

Д) шөп-шалам жасап беруді

4.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал

А) Көп-түкірсе көл

В) білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

С) мақтанып жүрмей, сақтаны жүр

Д) Өнер алды-қызыл тіл



5.Кішкентай құстардың қолынан келетіні

А)сылақ сылау, балшық тасу

В)қабырғаны бекіту, бүтақша тасу

С) сылақ сылау, мамық төсеу

Д) бұтақша тасу, мамық төсеу


Мәтіндегі негізгі кейіпкер

Сауысқан

Мәтіннің жанры

Ертегі.

Сауысқанға керек болған нәрсе

Ұя

Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал

Мақтанып жүрмей,сақтанып жүр

Көп түкірсе –көл.

Кішкентай құстардың қолынан келетіні

Қабырғаны бекіту, бұтақша тасу.

Сауысқанның құстардан сұрағаны

Ұя салып беруді





Байлық

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, шіркін-ай егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім» деп әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.

-Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, жылап отырған жігіттің қасына келеді.

-Сен нағыз бай адам емессің бе?-дейді.

-Мен баймын ба?

-Ол қандай байлық?

-Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің?- деп сұрайды қарт.

-Оның не?-деп шошып кетеді жігіт.

-Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?-жоқ ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын,- деді жігіт.

-Міне көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең байлығы, күш-қуаты мен денсаулығы,-дейді қарт. Оны ақшаға сатып ала алмайсың.

Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.

2.Қарттың «ақшаға сатып ала алмайсың»-деп меңзеген байлығы

А) баспана

В) аңыз

С) ертегі

Д) әңгіме


Бір кесе су

Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалды. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі шағымданып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір кесе суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды.

Дәмі қалай екен?-деп сұрайды қария

-Шәкірті:

-Ащы деп жауап береді терісіне симай.

-Ғұлама: Шәкіртті қолынан ұстап жақын жердегі бұлаққа алып барады.

Бір уыс тұзды суға қосып сол судан да ішіп көруін сұрайды.

Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан сұрайды.

-Дәмі қалай екен?

-Тәтті -дейді шәкірт

-Тұздың дәмін сездің бе?

-Жоооқ

Сонда қария шәкіртіне өмірлік сабақ беріп:

-Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес, үнемі бірдей мөлшерде. Байқағандай тұздың ненің ішінде тұрғандығы ғана маңызды. Сол сияқты өмірдегі ауыртапашылықтарды да ащы болып-болмауы тек сенің сезімдеріңе байланысты. «Кесе емес, бұлақ болуға тырыс»,- деген екен.

1.Кеседегі судың дәмі

А) ащы

В)

С)

Д)


2.Шәкіртіне екі түрлі су ішкізудегі ғұламаның мақсаты

А) тәтті су ішкізеді

В) ащы су ішкізеді

С) барлығын айтып береді

Д) Өмірлік сабақ береді

3.Ғұламаның өмірдегі қиындықтарды теңеген заты

А) кесе

В) су

С) тұз

Д) бұлақ

5.Қарамен жазылған сқз тіркесінің мағынасы

А) таңырқаыды

В) қуанады

С) ренжиді

Д)

6.Ғұламаның шәкіртіне түсіндіргісі келгені

А) мейірімді болу

В) жанашыр болу

С) көңілді болу

Д) төзімді болу




Ұмытшақ

Еңбек сабағынан мұғалім қағаздан үйшік жасап келуді тапсырған. Әлденеге тыпыршып, байыз таппай отырғанАқтай ғана. Кеше әкесінің көмегімен жасаған үйшігін әлгінде ғана, үзіліске шығар алдында парта үстіне қойып кеткен сияқты еді. Ұшты –күйлі жоғалған. Аң-таң «Мүмкін емес-деді ол. -Кім болса да біреу алған» Сол сәт парталас Дариғамен бірде ренжіп қалғаны есіне түсті. Иә, сол әдейі қастықпен жоғалтып жібермесіне кім кепіл. Сыныпқа апай кірді. Аралап көре бастады. Кезек Ақтайға келді.

-Сен ше?

-Әкеп едім... Жоғалтып алдым.

-Мүмкін ұмытып үйде қалдырған шығарсың?

-Жоқ, әкелдім. Қойдым мына жерге.

-Ендеше кім алды?

-Дариға...-деді Ақтай бірден. Оқушылардың назары енді Дариғаға ауды.

-Мен алғам жоқ,деді ол жыламсырап.

Осы... басқа ешкім емес, -деп нығыздады Ақтай. Дариға жылап жіберді.

-Жарайды деді мұғалім. – Кейін анықтала жатар.

Дариға мектептен қайтқан соң да, жол бойы жылаумен болды. Оны ешкім де жұбатпады. «Жыла,-деді Ақтай іштей,- біреудің затын ұрлаған қалай болады екен?»

Үйге келді де, бірден өз бөлмесіне енді. Сөмкесін қоя бергенде, терезе алдындағы өзінің кешегі жасаған үйшігі көзіне түсті. Сеньбей, ұстап та көрді. Дәл өзі. Ұялғаннан бетінен оты шықты. Дариғаға жөнсіз жала жауып қатты ренжіткеніне өкінді.

1.Мәтіндегі кейіпкердің соңғы әрекеті

А) мысал

В) аңыз

С) ертегі

Д) әңгіме

1.Мәтіндегі негізгі ой

А) досқа көмектесу

В) достықты бағалау

С) үлкенді тыңдау

Д) кінәсін түсіну

3.Ақтайдың ойланбай жасаған әрекеті

А) өзгелерді ренжітті

В) құрбысын кінәлады

С) ренжіткеніне өкінді

Д) затын ұмытты

4.Ақтайдың кемшілігі

А) Ұмытшақтық

В) аңқаулық

С) сабырсыздық

Д) мейрімсіздік


5. Мәтіндегі басты кейіпкерді атаңыз

Ақтай

6. Еңбек сабағынан қандай үй тапсырмасы берілгенін анықтаңыз.

Қағаздан үйшік жасап әкелу

7.Сабақтың басында Ақтайдың тыпыршып,байыз таппай отыруының себебін анықтаңыз.

Себебі жасаған үйшігі ұшты-күйлі жоғалып кетті

8.Ақтайдың неліктен Дариғаны кінәлі санағанын анықтаңыз

Бірде Дариғамен ренжісіп қалғаны есіне түскендіктен

9.Ақтайдың бойындағы жағымсыз мінез-құлықты атаңыз

Ұмытшақтық

10. Ақтайдың ұмытшақтығының салдарын анықтаңыз

Дариғаға жала жабылып,оқушылар одан күдіктенді

Тағылым

Атасы мен Бекболат көрші өзбек еліне сапарға бармақшы болады. Мақсат –сол елдегі тарихи жерлерді аралап, сонда жатқан бабалар рухына тағзым жасау.

-Менің өмірімнің көбі кеңестік дәуірде өтті. Ол кезе 15 республиканың арасында шекара болмаушы еді. Енді Қазақстан да, Өзбекстан да-өз алдына тәуелсіз мемлекет. Шекара бар, кеден бар,-деп атасы екеуінің құжаттарын жөнге келтірді.

Көп уақыт өтпей екеуі жолға шықты. Лезде шекараға келіп жетті.

Қазақстан шекаралары құжаттарын қарап шықты.

-Сапарларың оғ болсын!-деді кеденші жігіт.

Атасы мен немересі Өзбекстан жағындағы кеден бекетіне жақындады.

-Ата, немереңіз екеуіңіз қайда жол тарттыңыздар?-деп сұрады сол елдің шекарашы жігіті.

-Балам, Өзбекстан жерінде қазақтың екі бірдей атақты биі жатыр. Бірі Ташкенттегі Төле би, екіншісі –Нұрата топырағындағы Әйтеке би. Солардың басына барып, тағзым етіп қайтсақ па деп едік.

-Жақсы екен ата! Ниетттеріңіз қабыл болсын. Екі биді біздің ел де жақсы біледі, құрметтейді,-дедішекарашы жігіт.

Атасы мен немересі алдымен Төле би кеңесіне, етеңіне Самарқан бағытындағы Нұрата жерінде жатқан Әйтеке би басына келді. Атасы құран оқыды.

Үйлеріне жеткенше екеуі көрген- білгендерін айтумен болды.

Бекболат атасымен бірге көрші елге сапар шеккеніне дән риза болды. Ел бастысы- ел мен жер көрді.бабалар рухына тағзым етті. Көп нәрсені таныды.Тағылым алды.

1.Екеуінің Өзбекстанға бару себебі

А) Сол елде туыстарының болуы

В)

С)

Д)


Бозторғайдың ерлігі

Бозторғай балапандарына ертелі-кеш жем тасумен жүргенде жүрегі бір қатерді сезгендей ұясына алып ұшты. Ұзындығы сал құлаш шұбар жылан тілін сумаңдатып ұясына жақындап қалыпты. Балапандар аузын ашып, шыр-шыр етеді.

-Мынау қайтеді!Жан керек болса, былай тұр жолымнан,-деді басын көтеріп.

Сен менің балапандарымды жемексің, қалайша мен саған жол бермекпін? Жоқ, ол болмас!

-Онда өзіңді жеймін.

-Жей алмайсың!

-не дейсің? Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген?!

-Мен балапандарымды тастап кете алмаймын. Одан да мені же.

-Онда кел бері, түс аузыма.

-Аш аузыңды.

Жылан аузыңды ашып, көзін жұмды. Бозторғайға керегі де осы еді, жыланды шап беріп,екі аяғымен басынан мықтап бүріп, жерден іліп әкетті. Жылан торғайды орап алмақ болып жиырылып әрекеттеніп көріп еді ештеңе шықпады. Бозторғай шырқай көтеріліп, ту биіктен жыланды жалпақ тастың үстіне тастап жіберді. Содан соң жер бауырлай ұшып, оның парша-паршасы шыққанын көрді де, жөніне кетті.

Бозторғай бұл ерлікке балапандары үшін барған еді.



Құстар қысқа қалай даярланады?


Күннің суық боларын елден бұрын құстар сезеді. Күз болысымен олар тізбектеліп жылы жаққа қарай қайтады. Тырналардың қоштасқан кісілерше ауылды айнала ұшып, қиқулап кетіп бара жатқанын талай тамашалаған боларсың. Ең алдында жолды көп көрген кәрі құстар жүреді. Құстар ------------------- сындырған шыбықтай, алды бұрыш, арты талтақ болып ұшады.

Құстардың бәрі бірдей жылы жаққа кете бермейді. Біздің жақта қыстап қалатын құстар да баршылық. Қыстап қалатын құстардың жылы мамық жүні, жылы қанаттары күздігүні өсіп жетіледі. Суық ------------------- жылы ұя істеп алады. Көгершіндер шатырдың төбесіне, қораның қалтарысына ----------------. Құстар қыстыгүні не болса, соны қорек қылады.

Қыста адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Жемшашарлар әзірлеп, ішіне ----------------------------- басқа да жемдерді шашып қояды. Құстардың пайдасы көп. Олар зиянды жәндіктерді жейді. Құстар біздің досымыз.

1-тапсырма:Қандай құстар адамдар сияқты қоштасқандай болады?

Ж:Тырналар








Түлкі тасбақа және кене

Ертеде түлкі, тасбақа және кене дос болыпты. Бір күні олар жерден бір уыс тары тауып алыпты. Үшеуі ақылдаса келе тарыны жерге егіп, өнімді үшке бөлеміз деп шешеді. Түлкі бір жарды көріп:

-Мен жарды сүйеп тұрайын, құлап кетер,-деп жарды саялап жатып қалады. Тасбақа жерді тырналап тары егеді. Ал кене піскен егінді жинап алады да түлкіні шақырады. Түлкі егінді көріп:

-Тарыны үшеуміз бөліссек қаншадан келеді.? Аз мөлшерде шығатын шығар. Одан да үшеуміз жарысып, кім озса, егін соған бұйырсын,-деді. Мақұл деп үшеуі қатарласып, бір жерге келеді. «1,2,3» деп түлкі жүгіре бергенде кене түлкінің аяғына жабысып алады. Түлкі барынша жүгіріп, мәреге бірінші болып жетеді. Сонда кене:

-Әй басып өлтіресің бе?,-деді.

Түлкі:

Сен қашан жетіп алғансың?-деп сұрайды.

Кене:

Сен «1,2,3» дегенде-ақ мен келіп қалғанмын,-деп жауап береді.Екеуі дауласып жатқанда , ентігіп тасбақа келеді.

Тасбақа:

-Әй түлкі, қазір ғана тазы мен бүркіті бар аңшыны көрдім. «Түлкі жолдасыңды тауып бер»деп қорқытты. Көрмедім дедім. Олар маған сенбей осында келе жатыр,-дейді.

Түлкі: «Мені айта көрмеңдер»,-деп жалынады.

-Мына тарыны екеуің бөліп алыңдар. Мен сендерге ризамын. Аңшылар мені сұраса, білмеймін деңдер,-деп қашып кетеді.

2.Жалқау түлкінің айласы

А) жарды сүйеу

В) аңшыдан қашу

С) тары егу

Д) өнімді жинау


Қасиетті адыраспан

Адыраспан жаз айларында, далалы жерлерде өсетін өсімдік. Бұл өсімдіктің қасиеттілігі сондай, адамды тіл-көзден сақтап, үйді зиянды қуаттан арылтады. Сондықтан да адыраспанды атам қазақ киелі санап, үйдің кіре берісіне іліп қояды. Адыраспанды тек жұма күндері ғана жұлады. Жұлар алдында «Қасиетті адыраспан, сізді бізге берді Әзірет Оспан» деп айту керек. Себебі, Мұхаммед пайғамбардың төрт сенімді серіктерінің бірі Оспанды бір қатерден алып қалған екен. Оспан жолдастарымен бір жиында отырғанда, жаулары байлаулы тұрған аттарын босатып жіберген, сонда олардың жан-жаққа бытырап, жоғалып кетпеуіне осы адыраспан себеп болыпты. Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалыпты. Басқа аттар сол араға келіп, жиналып тұрған. Сонда Мұхаммед пайғамбар Оспанға : «Сенің құрметің үшін осы шөпке киелі қасиет дарыды», - деген екен. Содан бері адыраспан өсімдігі киелі саналады.

1.Адыраспанды жұлуға болатын аптаның күні

А бейсенбі В Тек жұма күні жұлады С сейсенбі Д сенбі

2.Адырыспанды жұлар алдында айтылытын сөз кімге қатысты?

А Оспанға В Мұхаммед пайғамбарға

3.Киелі өсімдіктің пайдасы

А тіл-көзден сақтауы В

4.Адыраспан өсімдігінің киелі аталу себебі

А Жұма күні жұлынатындықтан В

Тапсырма:Адыраспанды жұлуға болатын аптаның күні

Ж:Тек жұма күні жұлады.

Адыраспан өсімдігінің киелі аталу себебі

Жұма күні жұлынатындықтан

Адыраспанды жұлар алдында айтылатын сөз кімге қатысты

Оспанға

Киелі өімдіктің пайдасы

Тіл –көзден сақтауы

Адыраспанды жұлуға болатын аптаның күні

Жұма

Дегелектің сыйы

Баяғыда бір қария келе жатып, аяғы сынып, жүре алмай жатқан дегелекті көріпті. Оны үйіне алып келіп, сынған жерін тағып, асырапты. Әбден жазылфып, ұшуға жараған соң бостандыққа жіберіпті.

Арада бірнеше күн өткенде әлгі дегелек қарияның шағырағына келіп қонады. Бір ғажабы, ол төбеден ат басындай алтын тастайды да, ұшыпкетеді.

Дегелектің қарияға жасаған сыйы туралы сөз ел ішіне тарайды. Оған көршілерінің бәрі таң қалып, ауыздарының суы құриды. Бір қомағай қарт балаларына «Біз де бір дегелектің аяғын сындырып, бағайық» деген ақыл айтып, арам ойға да барады.

Бірде ол отынға барса, ұясының үстінде отырған дегелекті көреді. Таспен ұрып аяғын сындырып, оны үйіне алып келеді. Байғұс құс бірнеше күн азап шегеді. Олар оның сынған жерін таңып, асырайды. Бір күні дегелектің аяғы тәуір бола бастағанын көрген көрші қарт оны ұшырып жібереді. Осыдан соң күнде шаңыраққа қарап, дегелекті күтіп отыратын болады.

Арада бірнеше күн өткеннен соң, дегелек оның шаңырағына қонып, төбеден бірнеше сарыбас жылан тастайды. Алтын күтіп отырған кісінің шаңырағынан соншама жылан түсті деген не сұмдық?! Көрші қарт алтын тұрмақ, басын қалай аман сақтаймын деп өз үйінен өзі безе қашыпты. Көрсеқызарлығы мен арамдығының кесірінен өз жазасын осылайша тартыпты.

Тапсырма:Қария туралы ел ішінде тараған сөз?

Ж:Дегелектің берген сыйы

1.Дегелектің көрші қартқа берген жазасы.

А)аяғын сындыруы

В)Даспен ұруы

С) алтын беруі

Д) жылан тастағаны







Мәтін «Патша .Су патшалығы»

Ерте заманда су тапшылығы бар сахарада ерл-зайыптылар өмір сүріпті. Елдеріндегі бейбітшілік өмір мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, бақытты, рақат өмірлері үшін мемлекет патшасына алғыс ретінде сыйлық беруді ойлайды. Екеуі ақылдаса келе бір ортақ шешімге келіпті. Сонымен олар жаңбыр жауған кезде суды әртүрлі ыдыстарға құйып, құмырамен билеушілеріне апарып бермекші болады. Қыш құмыраға құйылған суды әйелі киізге орап бергеннен кейін күйеуі жолға шығады. Аптап ыстыққа қарамастан патшаның қамалына келеді. Қорған күзетшілері мемлекет басшысына келген шаруаның сыйлығына қарап езу тартып, кіруге рұқсат береді. Патшаның көркемдігі мен әділдігі, қарапайымдылығы, жақсылығы да қоластындығылырға дарыған екен. Шаруа патшаға:

  • Уа, жоғары мәртебелі әміршім, сәзге әкелген сыйлығымды қабыл алыңыз,-дейді.

Патша сыйлықты ала отырып, нөкерлеріне:

  • Құмырасын толтырыпқазынадан алтын беріңдер,- дейді

Патшаны өз сыйлығын ерекше ілтипатпен қабылдап, құрмет көрсеткеніне тәнті болған шаруаны әміршінің көмекшісікемеге дейін шығарып салады. Патша сарайы маңынан ағып жатқан дарияны көргенде шаруа қатты таңданып, үнсіз тұрып қалады.

Бір құмыра суына ілтипат көрсеткен патшаның кішіпейілділігін, жомарттығын, даналығын, парасаттылығын осы дария паш етіп жатқандай еді.

Тапсырма: Патшаның бойынан көрінген қасиеттер

Ж:Кішіпейілділік, жомарттық,даналық, парасаттылық.

1.Патшаның бойынан көрінген қасиеттер

Ж:Кішіпейілділік, жомарттық, даналық, парасаттылық

2.Шаруаның әміршіге әкелгені

А су В Сыйлық С құмыра Д алтын







Боранды түнде

Оқиғаны баяндап тұрған жігіт кім?

Есейген жігіт

Ауа райының өзгеруі қай бөлікте баяндалған?

1,5

Әңгімеге сәйкес келетін мақал-мәтел

Боранды күні ит пен бала құтырар

Оқиғада суреттелген ауыл көрінісін жазушы қай бөлікте көрсетеді?

3

Шығармада табиғат құбылыстарын жанды етіп суреттеген тұстары қайсы?

Жел де анда-санда ішін тартып қояды.

Табиғат құбылысы кейіпкердің көңіліне қалай әсер етіп тұр?

Қорқып





Көмек

  1. Көрші қарлығаштың дыбыс беріп,айналасындағыларға не айтқанын анықтаңыз.

Ақтамақтың ауырып қалғанын айту

2. Ақтамақтың мойны салбырап,жүні үрпиіп,құнысып отыру себебін анықтаңыз.

Суық тиіп,бойы дел-сал болып,сүйегі сырқырағандықтан.

3.Теңеу сөз қолданылған сөйлемді анықтаңыз

Ақтамақ жатқан үйдің құмдағына біреуі жүн жұрқа,бірі саз балшық, біреулері жіптіктей жіңішке шөпшек әкелді.

4. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

Тату болып,өзара көмек беру керек



Мұраттың бастауы

Ойын алаңының арғы жағында кішкене жартастың түбінде бір топ құрақ өсіп тұрған. Бірде соның жанына барып, демалып отырдық.

  • Бұрын осы жерде бастау болған дейді атам. Әне жер дымданып жатыр. Қазып көрсек қайтеді? Мүмкін су шығар, – деді Мұрат. Оның сөзін әркім өзінше күлкіге айналдырып жіберді.

  • Мейлі, күле беріңдер, – деп, Мұрат өкпелеп кетіп қалды. Біз қайтадан ойынға кіріскенбіз.

  • Мұрат келе жатыр, – деп, бір бала дауыстап жіберді.

Жалт қарасақ, Мұрат келе жатыр екен. Қолында күрегі бар. Ол әлгі ойпаң жерді қазуға кірісті. Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады.

Бізде үн жоқ. Мұрат бізге күле қарап:

– Бастаудың мөлдір суын ішіңдер, – деді.

Біз бастау суын қос уыстай іліп алып, ішіп жатырмыз. Салқын су қандай тамаша десеңші!


Мәтін бойынша сұрақтар

1.Мұраттың сөзін балалар қалай қабылдады?

А) айтқанына сенбеді

В) Күлкіге айналдырды

С) Айтқанына сенді

Д) Әзіл деп қабылдады

2. Мәтін мазмұнына сай мақал

А) саяз су сарқырап ағады

В) ақпаса су бұзылады

С) бұлақ көрсең,көзін аш

Д )ағын су арнасын табады

3.Мұраттың әңгімесіне арқау болған не?

А)Бастау в) көл с) өзен д) теңіз

4. Мұраттың бойындағы жақсы қасиет



5.Балалардың демалып отырған жері

Жартастың түбіндегі құрақ



Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, арамен, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден-гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып:

- Досым, маған көмектесіп жіберші, -деп өтініпті.

- Көрмей тұрсың ба - , мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп кқнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сқрапты:

- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті.. Олар мүның түрін көріп:

- Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады.

«Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.

  1. Мәтіндегі мақалдың мағынасына сай келетін мақал

  1. Күлме досқа, келер басқа

  2. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын

  3. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады

  4. Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын



Неліктен бұғы мүйіз тастайды?


Бұғы – көру қабілеті жоғары, есту және сезу функциялары қатерлі қауіпті жылдам сезетін жануар. Ол мүк, суда өсетін өсімдіктер, ағаштың жапырағы және бүрлерімен қоректенеді. Бұғының ең негізгі ерекшелігі – мүйізі, оның іші бос емес, қыс сайын бұғылар мүйіздерін тастап отырады.

Өмірінің алғашқы жылы бұғының маңдайында кішігірім ғана екі томпақ мүйіздің «бастамасы» пайда болады. Көктемде олардан мүйіз шығып, жыл бойы өседі. Мүйіз өскен сайын сезімтал «бархат» деп аталатын терімен қапталады, оның үстңнен мүйізді қоректендіретін және сүйегін қатайтатын қан тамырлары өтеді. Мүйіз толығымен өскенде қан айналымы тоқталып, оның бастамасында сақиналар пайда болады. Содан кейін бұғының мүйізіқұрғай бастайды да, соңында түсіп қалады. Көбінесе бұғы мүйізімен ағашқа сүйкеледі, бұл, әрине оның тез түсіп қалуына әкеледі.

  1. Бұғы мүйізін тастайтын мезгіл

  1. Қыс

  2. Жаз

  3. Көктем

  4. күз

  1. Сезімтал «бархат» терінің атқаратын қызметі

  1. Мүйізді қоректендіреді

  2. Қан айналымын тоқтатады

  3. Сүйегін қорғайды

  4. Мүйізді түсіреді



Әке мен бала


Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:


—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.


Бала әкесіне:


— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.


Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.


Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:


— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.














Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!