Информатика
Сынып: 5 «Э»
Пән мұғалімі: Габитова Ж.Ш
Күні: 23.02.2016
Сынып | 5 «г», 5 «м» , 5 «э» |
Сабақтың тақырыбы | Мәтінді редакциялау және пішімдеу |
Жалпы мақсаттар | Ms Word редакторында мәтінді редакциялау және пішімдеу тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру.Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау;мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету. |
Оқыту нәтижелері | Мәтінді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды, суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, өлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді біледі. |
Сабақтың негізгі идеясы | Мәтінді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды, суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, өлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді үйрету. |
Сабақтың өту барысы | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушылардың іс- әрекеті |
Ұйымдастыру 2 мин | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық ахуал орнату, | Сабаққа қажетті құрал- жабдықтарын әзірлеу. |
Сабақтың мақсатымен танысу 2 мин | Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатын айқындау, оқушыларға таныстыру Өзін-өзі бағалау (Бас бармақ) таныстырады. Жұптастыру (фигуралар арқылы) | Сабақ мақсаты туралы пікірлерін айтады. Бағалаумен танысады. Жұптастыру |
Қызығушылықты ояту 10 минут | «Ғажайып қоржын» ойыны. Қоржын ішінде өтілген тақырыптар бойынша 9 сұрақ жасырылып таратылады. | Әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады. |
Мағынаны ажырату кезеңі 15 мин | Жаңа материал түсіндіріліп практикалық тапсырма беріледі. | Жаңа материалды дәптерлеріне жазып, түсініп, практикалық тапсырма орындайды. |
Негізгі идеяны ашу 10 мин | Ребус беріледі. | Ребусты шешеді. |
Қолдану | Кітаптағы деңгейлік тапсырмалар | Жеке компьютерде орындайды |
Қорытындылау 5 мин | «Тапқыр достар» ойыны, тақырып бойынша жұмбақ беріледі. | Мақал – мәтелді шешеді. |
Бағалау 2 мин | Оқушылардың бір – бірін «Бас бармақ» бағалауын ұсынады. | Өз сыныптастарын бірін «Бас бармақ» арқылы бағалайды. |
Үйге тапсырма 1 мин | §22. 170-172 бет оқу, түйін жаттау. | Оқушылар күнделіктеріне берілген тапсырманы жазып алады. |
«Ғажайып қоржын» ойыны.
Қоржын ішінде өтілген тақырыптар жазылған 9 сұрақ жасырылады. Қатысушылар әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.
1.Ақпарат дегеніміз не?
2.WordPad-ты қалай ашамыз?
3.F1-F12 қандай батырмалар?
4.Компьютерлердің түрлері?
5.Мәтіндік редактор дегеніміз не?
6.Мәтінді қандай бағдарламаларда жазамыз
7.Бас әріпті қалай енгіземіз?
8.Enter пернесін қай кезде басу керек?
9.Құжатты қалай сақтаймыз?
Мұғаліма түсіндірмесі
Мақсаты: Ms Word редакторында мәтінді редакциялау және пішімдеу тақырыбына түсінік беру және компьютерде жұмыс істеуді үйрету
Сонымен біз мәтінді тердік. Ал енді өз құжатымызды қалай әдеиі және тартымды етеміз. Оларды ретімен қарастырайық. Біріншіден , пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады: Коетекстік мәзір лентасын дағы бұйрықтар батырмаларын шерту . Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін орындалуы мұмкін.
Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады.

Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтугеде , кішірейтугеде болады. Ол үшін 
Батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:
- Әріптерді жуандату
- Әріптерді қисатады; ( мұндай әріп курсив деп аталады)
- Мәтіннің астын сызады

Жолақтағы пішідеу бұйрықтары.
Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді, Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім-оң жақ шет бойынша түзеледі.
Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:
Түзеу;
Жол аралық интервал;
Шегінулер.
Түзеу
Шегіністер


Сол сияқтың абзцтың бірінші жолында шегініс- «қызыл» (азат) жол болуы мүмкін. Шегіністерді Сызғыштағы жүргіштерді жылжытып та бекітуге болады. Мәтіннің фрагменті дәл көрсетілген жерге оналастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі-Табуляция. Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.
Мәтінді пішімдеу.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндау мәтінді өзгерту процесі пішімдеу деп аталады.
Тапсырма. Ребусты шешу

«Тапқыр достар» ойыны.
Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым!
( Shift + Alt )
Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Тақырыпты жаза алмай пернемен
Барлығы да кіші әріп қайтемін?
Көмек берші,енді нені басам мен?
(Caps Lock )
Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің?
(Пробел)
Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым,айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын?
(Shift + Т )
Жаңа жолға түсіп алып енді мен,
Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді
Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,
Көмек берші, әрі қарай не істеймін?
(Enter )
Бағалау








