СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Эпилог

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары. 

Просмотр содержимого документа
«М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Эпилог»

СМЖ. 08.ӘН .03 4-қосымша

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

VII Бөлім. Ғасырлық туынды М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Эпилог (66 сабақ).

(сабақ тақырыбы) Пән атауы: Қазақ әдебиеті.

Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.

2024 жылғы « » ______04______

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ:

Сабақ түрі: практика

2. Оқыту мақсаты: Тарихи және көркемдік құндылығы, заманауилығы мен жаңашылдығына баға бере отырып әдеби эссе немесе әдеби сын жазу.

Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты), (құндылықтарды игерту).

Жалпы адамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік, отбасы тұтастығы, заман тыныштығы.

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру. Бағалау критерийлері:

1) Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды;

2) Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады. 1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар.

 3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.

СМЖ.08.ӘН.03

4-қосымшаның жалғасы https://www.youtube.com/watch?v=kwRigdqAKNM (10:27-12:07)

https://youtu.be/D9dl2KLNEog Абай. 1 желі (часть 1)

4. Сабақтың барысы

Сабақтың басы (35 мин)

Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Білу; Түсіну.

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады.

Қызығушылықты ояту «Көңілді доп» Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім оқушының қолына доп ұсынады. Допты бірінші алған оқушы «Қайтқанда», «Шытырманда», т.б. бөлімдері бойынша ең маңызды оқиғасын сипаттап айтады. Допты келесі оқушыға лақтырады. Осылайша әр оқушы бөлімнің маңызды оқиғаларын мазмұндап айтады. Сандар арқылы студенттер үш топқа бөлінеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Сабақтың ортасы: (40 мин) Қолдану; Талдау. Мағынаны тану кезеңі. 1-тапсырма.

https://www.youtube.com/watch?v=kwRigdqAKNM (10:27-12:07)

https://youtu.be/D9dl2KLNEog Абай. 1 желі (часть 1) (14.14 – 17.55), (24.24 – 25.20).

аралығын тыңдап, ұлттық құндылықты анықтау тапсырылады.

2-тапсырма. «Қайтқанда», «Шытырманда», «Өрде», «Биікте», «Тайғақта» т.б. бөлімдері.

Ұлттық құндылық

Дәлел

(шығармадан)




3-тапсырма. 2-топ Тараудағы басты оқиғалар мен оларға қатысты кейіпкерлерді жазыңыз.

Р/с

Тараудағы басты оқиғалар

Құндылықтар

1



2



3



4



5



6



Студенттер бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

«Құндылықтар себеті»

Топпен ақылдасып, себет ішіндегі құндылық туралы жазылған қағаздардың бірін таңдаңыздар.Тараудағы көрініс табуына талдау жасап, шығармадан 3 түрлі дәлел келтіріп, құндылық болып танылуы/танылмауына қатысты өзіндік тұжырым жасаңыздар. Қандай ғаламдық шығармаларда осы құндылық көрініс тапқан байланыстырып айтыңыз.













Дескриптор:

  1. «Көңілді доп» ойыны бойынша әр оқушы бөлімнің маңызды оқиғаларын мазмұндап айтады;

  2. Бейнебаянды тыңдап, ұлттық құндылықты анықтайды;

  3. Дәлел келтіреді;

  4. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды;

  5. Тараудағы басты оқиғалар мен оларға қатысты кейіпкерлерді жазады.

  6. «Құндылықтар себеті» кестесі бойынша ғаламдық шығармаларда осы құндылық көрініс тапқаны жөнінде байланыстырып айтады.

  7. Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

Бағалау Бағалау критерийлері арқылы оқушы жұмыстары бағаланады

Әр топтан бір спикер шығып, өз ойларын ортаға салады.

Студенттер айтылған пікірді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды

«Бағдаршам» әдісі

СМЖ.08.ӘН.03

4-қосымшаның жалғасы Жасыл түс – бәрі түсінікті

Сары түс – сұрағым бар

Қызыл түс – толық ашылмады, толықтыру керек.

Топтық жұмысты қорғау

Бағалау.

Кері байланыс:

  1. Бөлімді оқуда сіз Абайдың бойындағы қандай қасиетті байқадыңыз? Оған мысал келтіріңіз.

  2. Сіз Абайдың бойындағы қасиетті өз бойыңызда дамыту үшін не істеуіңіз керек деп ойлайсыз?

  3. Құнанбайдың бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?

  4. Қазақстанда 18-ғасырдағы тарихи қандай оқиғалар орын алды?

  5. Билікті асыра пайдаланудың қазіргі кезде кездесетін қандай түрлерін атар едіңіз?

Дескриптор:

Жауаптарын аргументтейді. Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген студенттерге «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады. Сабақтың соңы (10 мин)

Рефлексия «Шығу билеті» әдісі.

Мақсаты: Сабақ барысындағы жұмысын бағалау.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп жазыңыз.

  1. Бүгінгі сабақта маған не қызықты болды?

  2. Бүгінгі сабақта маған не қиын болды?

  3. Бүгінгі сабақта маған не оңай болды?

Үй тапсырмасы: (5 мин)

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы (жазба жұмысы).


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!