СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мағынасы ұмыт болған сөздер

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мағынасы ұмытылған сөздер - это слова которые уже потеряли смысл. Которые больше не используются....

Просмотр содержимого документа
«Мағынасы ұмыт болған сөздер»


СӨЗТАНЫМ


Мағынасы ұмытылып бара жатқан сөздер

Наурыз – парсы тілінен ауысқан «Жаңа күн» деген сөз. (Негізінде парсылар жылды 12 айға, оны үш айдан көктем, жаз, күз, қыс деп бөлуді көшпенділерден алған).

Хакім - данышпан (Хакім Абай) қазақ тіліне әкім, кәкім болып кірген.

Бүлдірге - қамшының білекке ілетін бауы. (мұны «бүлдіргі» деп те айтады. «Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі», «Бүлінген елден бүлдірге алма»дейді

Аманат - өсиет, тапсырыс деген мағынада. (аманатқа қылма қиянат).

Безгелдек - дуадақтар тобына жататын құс. (Мәссаған, безгелдек! - таңдануды білдіретін одағай сөз).

Шырға тарту - бүркітті аңға түсуге үйреткенде аңның тұлыбын (шырға) тартады.

Толағай - тақыр жер («Тау толағай көрінер тасы кетер», «Қу толағай бастанбай» (Махамбет).

Кеусен - егін орағы аяқталған соң астық тазалаушыларға, дәметушілерге берілетін үлес. (Мал сойғанда «қолкесер» берген сияқты).

Көбеген - жас бала, балдырған. («Ерте туған көбеген» деп малдың төлін де айтады).

Шабыра - ешкі терісінен иленген былғары (шабыра шалбар кигені).

Шікірә - жас баланың кекілін үкілеген, қызыл-жасыл суыртпақ жіп таққан, еркелеткен лағы («бұл кімнің шікірәсі?»).

Сақпан - тас атуға арналған құрал («Сақпанның тасындай сарт етті»).

Сірге жияр - күзгі қой қырқу, астық жинау сияқты жұмыстар аяқталған соң ауыл-аймақ үшін жасалатын шағын той.

Аймауыт - батырларға арналып тігілген киім (кейде сауыт депте айтады).

Дүңгіршек - малдың ұлтабарын кептіріп жасаған ыдыс. Ішінде ештеңе болмаса дүңгірлеп тұрады. Қазір «киоскіні» дүңгіршек деп жүр.

Алқынды - сабынның жуыла - жуыла жұқарған (таусылған) қалдығы.

Сой - тұқым, тек, нәсіл («Мен ақ сұңқар құстың сойымын» (Махамбет) текті ерлердің тұқымы деген мағынада айтылады).

Кірпіш - лай, батпақты пісіру, яғни лайды күйдіруден шыққан. (бұған дейін орыстар пеш, кірпіш дегенді білмеген).

Әулет - бір атанның баласы үрім - бұтақ.

Шірік - сарбаз, жауынгер. («Ағайының көп болса - ұлы шерік қолмен тең» (Ақтамберді жырау).

Аяқшы - тойда табақ тартушылар.

Үпті - дүние, мүлікті, жасаулы деген мағына береді. («Бәленбайдың үйі үпті»).

Жаба - қыран құсты ұстайтын ер үстіне орнатылған жаппа, үйшік .

Бағар - мал («Бағар көбейсін -мал көбейсін» деген мағынада)

Тепкішек - 5-6 жаста баланы ашамай ерге мінгізеді. Онда қоржын қалта болады, соны тепкішек дейді.

Соқыр тиын – тиынның бетіндегі бедер, таңба, жазу көп қолданғанда көмескіленіп, кейде жойылып кетеді. Сондай тиынды «соқыр тиын» дейді.

Деңбет - күмістелген затты айтады. (Мәселен, деңбеттелген күміс белдік).

Қылаң - жылқы малының жалпылама айтылатын түсі (ақ боз, құла, т.б).

Баран - бұл да сондай. («алдыңғы ат қылаң болмай, баран болды» (Ақан сері. Құлагер - қылаң).

Сауға - араша тілеу. (Батырдан - сауға (олжаға үлес), аңшыдан - сыралғы).

Тазы - аңшының иті, ауған тілінде таза, алғыр, жүйрік деген мағына береді. Фердоуси «Шахнамада» патша иттерін «Саги-Тази» деп атаған.

Теософия - діни философия (Медреседе Абай мантықты да, теософияны да оқыған).

Құрқұлақ - тістің еті қанайтын ауру (парадонтоз).

Биязы шекпен - түйе жүнінен жіңішке етіп иірілген жіптен тоқылған шекпен.


Ереуіл - ұзақ жортуға шыдамды, мықты, берік ат. («Ереуіл атқа ер салмай»).

Кермағыз - кербез, маңғаз деген мағынада. (Абай өлеңінде бар сөз).

Ақылақ - ыстық ірімшікке шекер (қант) қосып жасалған тағам. (үлкен кісілерге, балаларға беріледі).

Ұмайана - аңыз бойынша ести жоқ ескі заманда көк түріктер жат-жұрттықтардың қырғынына ұшырағанда бір жалғыз мүгедек ер баланы Ұмай ана асырап жеткізеді. Түрік ұрық шәрпі (тұқымы) сол бала мен Ұмай анадан тараған делінеді аңызда.


Баян Сәруарқызы

Қалалық тілдерді оқыту

орталығының директоры