СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Магниттің қасиетін зерттеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Магниттің қасиетін зерттеу;Магниттің қасиетін зерттеу;

Просмотр содержимого документа
«Магниттің қасиетін зерттеу»

Пән: жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тақырыбы: Магнит

1-критерий:

Осы сабақта қол жеткізілетен оқу мақсаттары:

1.5.6.1. Магниттілік қасиеттері бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2. Магниттің қасиетін зерттеу;

1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Тәжирибе жұмысы арқылы магниттің қасиеттерін зерттейді;

Көптеген оқушылар: Магниттік қасиеті бар денелерді ажырата алады;

Кейбір оқушылар: Магниттің өмірде пайдасы бар екенін айта алады.


2-3 критерий. Белсенді оқу-Саралау әдістері

  1. Бастапқы кезеңінде психологиялық ахуал тудыру мақсатында белсенді оқытудың нұстау беру әдісін қолдану арқылы «Атомдар мен молекулалар» тренингін өткіземін. Бұл кезең оқушыларды ынтымақтастық құндылығын игеруге бағытталған. Мұндағы саралау әдісі – Қарқын, яғни тапсырманы орындағанда оқушылар оны бір қарқынмен орындайды.

  2. ІІ-белсенді оқыту тәсілі ретінде – «Сұрақ қою және талқылау»-ды алдым, оны қолдану арқылы Ширату жаттығуы ретінде «Сиқырлы қолғап» ойыннын өткіземін. Оқушылар ұжыммен талқылау арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Ал сараптау әдісі – «дереккөздер». Дереккөздерді қолдана отырып магнитке жабысатын және жабыспайтын заттарды анықтайды.

  3. Келесі әдіс – «Түсіндіру және сипаттау». Бұл әдіс арқылы магниттің не екенідігі және оның шығу тарихы туралы ақпарат беріледі. Яғни мақсатқа сай магниттің өмірде пайдасы бар екендігін айта алады. Саралау әдісінің түрі – «Диалог» тәсілі, себебі оқушылар тапсырманы жұптасып жұмыс істей отырып магнитті түсіндіреді, оның қасиеттерін сипаттайды;

  4. «Магнит дегеніміз не?» және «Рудный қ. «Соколов-Сарыбай» бейнежазбаларын көрсету белсенді оқыту тәсілінің «Көрсету және модельдеу» әдісін қолданамын. Себебі көрсету тәсілі арқылы олар оқу мақсатындағы магниттік қасиеттері бар жекелеген денелерді біліп, ажырата алады. Саралау әдісінің түрі – «Электронды дереккөздер» тәсілі, себебі тәсілдің ауқымы талқылауға негіз болатын материал ретінде берілген.

  5. Топпен жасалатын зерттеу жұмысында белсенді оқытудың «Зерделеу және зерттеу» әдісін қолданамыз. Бұл кезеңде зерттеу жұмысы арқылы оқушылар магниттің қасиеттерін зерттеп, оны түсіндіре алады. Ал саралаудың – «Жіктеу» тәсілі қолданылады, себебі талаптары әртүрлі оқушылардың барлығын қамтып, «Магнит» тақырыбын толық түсінуін қамтамасыз ету.

  6. Қалыптастырушы бағалау. Бұл белсенді оқыту әдісінің «Бекіту» тәсіліне жатады. Себебі жаңадан меңгерілген «Магнит, оның қасиеттері» жайлы мағлұматтарды тəжірибеде қолданып, сол туралы түсінгендігін дәлелдеу мақсатында орындалады. Саралау әдісінің «Қорытынды» тәсіліне жатады. Өйткені тапсырманы орындағанда оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап беріп, қандай дәрежеде меңгергенін ұғынады.


4 критерий:

Критериалды бағалаудың түрі – «Қалыптастырушы бағалауды» әр тапсырманы орындағаннан кейін қолданып отырамын. Мысалы сабақтың барысында берілген әр тапсырманы орындап болғаннан кейін «Смайлик» тәсілі арқылы карточкадағы смайликтерге көңіл-күйлерін белгілейді.


5 критерий: Ықшам сабақ

Әріптестеріммен бірге өткізген ықшам сабақтардың маған берген пайдасы:

  • Тапсырмаларды түрлендіру;

  • Шығармашылық тұрғыда қарастыру;

  • Берілген тапсырмаларды талдай алу.