СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Магнит өрісі» тарауын қайталау

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Магнит өрісі ұғымын және оны сипаттайтын шамаларды оларды өлшейтін құралдарды жұмыс принципін үйреніп практикалық жұмыстар мен есептерді шығаруда алған білімдерін күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
««Магнит өрісі» тарауын қайталау»

Адамның ең ұлы көркі - оның ақылы деп санаймын.

Мұхтар Әуезов

Пән: Физика

Мұғалім: Скляр А.П.

Күні: 26.04.2018

Сынып: 10 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Магнит өрісі» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Магнит өрісі ұғымын және оны сипаттайтын шамаларды оларды өлшейтін құралдарды жұмыс принципін үйреніп практикалық жұмыстар мен есептерді шығаруда алған білімдерін күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуға баулу, дәстүрлі емес әдістер арқылы талабын ұштап, алған білімдерін кеңейтіп, мамандық таңдауына көмектесу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету,

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: практикалық жұмыс

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, тест, есептер шығару.

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар,видео, сызбалар, копмас, презентация.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 1-2 мин

Оқушылармен сәлемдесу! Оқушылар осы уақытқа дейін «Магнит өрісі» тарауы бойынша көп нәрсені оқып үйрендік. Негізінен магнит өрісі және оның қасиеттері, магнит индукция векторының, магнит өрісі тарапынан әсер ететін Ампер, Лоренц күштерінің модулдері мен бағыттарын анықтау, заттың магниттік қасиеттері туралы ұғымдарды түсініп, біліп техникада, өмірде күнделікті қажеттілікке қолдана білуіміз қажет. Сол алған білімдеріміздің нәтижесін тексереміз. Сабаққа дайындап келген тапсырмаларды қалай орындау керек екенін түсіндіру.

(видео-магнит) 2 мин

Видео бойынша бірнеше сұрақ: 2-3 мин

Не байқадындар?

Магниттің қасиеттері қандай?

Магниттің неше полюсі бар?

  1. Негізгі бөлім

Тапсырмаларды орындау:



1 тапсырма – тест сұрақтарға жауап беру (3 мин)


1.Күш сызықтары тұйықталған өріс құйынды өріс деп аталады. Құйынды өріске қайсы өріс жатады?

А)гравитациялық өріс В)электр өрісі С)магнит өрісі

2.Магнит өрісін сан жағынан сипаттайтын шама:

А) магнит индукция векторы В)электр өрісі кернеулігі С) ток күші

3.Ферромагнетиктерге жататын заттар:

А)алюминий, темір В)темір, кобальт С)мыс, шыны.

4. Магнит индукциясының өлшем бірлігі?

A) В В) А С) Тл

5. Магниттік өтімділігі бойынша барлық заттарды негізгі қанша топқа бөлінеді

A) 2 В) 3 С) 4

6. Өрістің кез-келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін не?

A) магнит өрісі B) магнит өрісінің күш сызықтары C) магниттік индукция

  1. Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қолданылатын ереже?


A) Ом ережесі

B) Кулон ережесі

C) буранда, сол қол ережесі

  1. Магнит өрісі магнит индукция векторымен сипатталады


A) В=

B) Q=R

C) R=

  1. тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсiнiң тарапынан әсер етушi күш.

А) Лоренц

В) Ампер

С) Кулон

10. Магнит ағынының өлшем бірлігі:

А) Тл

В) А

С) Вб

2 тапсырма – Ойлан,тап! (2 мин)

Жетпейтін сөзді қою:

Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз,

Сабақ оқып теледидар көргеніміз.

«Ампер» болған ток күшінің өлшемі

Біз мықты, қуатты да күштіміз.


Ток бар жерде магнит өрісі туындайды.

Сан жағынан магнит өрісін сипаттайды.

«Тесла» болған өлшем бірлігі

Бұл шама «Магнит индукция векторы»


Өзгергенде жерді қоршаған магнит өрісі

Ағады ауада, жер қабығында - электр тогы

Индукцияның күш сызықтарының санын

Өлшейді «Вебермен» магнит ағыны.



3 тапсырма- Трамплиннен секіру (5 мин)














1-нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

С

А

В

С

В

В

С

А

В

В

4 тапсырма – Формулаларды қайталау (2 мин)

Ойлан, тап!

; ;

;

; *;











Ойлан, тап!

m= k*


;


; ;













5 тапсырма – есептерді шығару : (10-15 мин)

А деңгей:

1.Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы

0,2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап. (Жауабы: )

2.Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см2 . Магнит өрісінің индукциясын тап.

3.Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0,1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.





В деңгей:

1.Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.

2.Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А-ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған.Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см-ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.

3.Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.

С деңгей:

1.Зарядталған бөлшек 0,6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0,31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады.Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1,2*10-15 Дж-ге тең. Заряд шамасын анықта.

2.Индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.

3.Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0,5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.

  1. Сабақты қорыту. Оқушыларды бағалау.

  2. Рефлексия (Дартс)

  3. Үй тапсырмасын беру. Есептер шығару. Тақырып бойынша кроссворд құрастыру (10-15 сұрақ)