СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

МАҚАЛА. Тақырыбы: "МДМ қолданылатын жаңашыл технологияның бірі -М. Монтессори технологиясы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

МАҚАЛА. Тақырыбы: "МДМ қолданылатын жаңашыл технологияның бірі -М.  Монтессори  технологиясы" 

Просмотр содержимого документа
«МАҚАЛА. Тақырыбы: "МДМ қолданылатын жаңашыл технологияның бірі -М. Монтессори технологиясы"»

М.Монтессори технологиясы мектеп жасына дейінгі мекемеде қолдану.



М.Монтессори педагогикасы негізінде ақыл-ойды дамыту – баланың жасына, тәжірибенің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүргізіледі, таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектепке дейінгі баланың ақыл-ой дамуын қамтамасыз етудің оның барлық кейінгі іс- әрекеті үшін зор маңызы бар.

Баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процесінде  тілді, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін меңгерді. Соның  нәтижесінде мектепке дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай, оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады.

Мектепке дейінгі баланың акыл-ойының  амуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру) процесінде жүзеге асырылады.

Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиелену ықпалымен жүргізіледі.

Қазіргі М.Монтессори педагогикасында ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау,  шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті кызмет әдістерін меңгеру деп есептейді.

М.Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және ол ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қайшы келмейді. Сонымен қатар, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» деп аталатын 5 білім беру салалары бойынша ортаны ұйымдастыру қарастырылған. Бұл білім беру салалары М.Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастыруымен үндес болып келеді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «кОММУНИКАЦИЯ» салаларымен тығыз байланысты.

М.Монтессори педагогикасының ерекшеліктері:

- Монтессори педагогикасында ерте жастан дамытудың маңыздылығы  ескерілген;

- М.Монтессоридің педагогикалық әдісін түсіну және қолдану ерекшелігі;

- М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидаларының сақталуы;

- М.Монтессори педагогикасындағы педагогтың ролі;

- М.Монтессори педагогикасында арнайы дамытушы аймақтарының құрылуы және дидактикалық материалдарды пайдалануы;

- М.Монтессори педагогикасының топта балаларға толық еркіндікті ұсынуы..

Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы
тәсілдемеге негізделген.Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамиды. Ең бастысы М.Монтессори педагогикасының ерекшелігі − бала өзінің қызығушылық саласын өзі таңдайды. Ата-аналар мен педагогтар бұл үрдісте қараушы рөлін ойнайды, сезгіш және ықыласты болады, олар жас зерттеушіні түсіну үшін лайықты шарттар жасау керек Мектепке дейінгі ұйымда баланың әртүрлі іс-әрекет салалары тек қана балаларда емес, олардың ата-аналар алдында үлкен танымалдығын білдіреді. Мектеп жасына дейінгі баланың еркін жұмыс жасауы санау, оқу, ойын әрекеттерінде көрініс табады.

Әрине, балабақшада балалар тек қана күнде жаңа материалмен таныса бермейді. Балалардың қатысуларымен өте қызықты мерекелер, ойын-сауық кештері ұйымдастырылады. Бірақ, еңбек пен балалардың ойын әрекеттерін ажырата алған жөн. Айтар болсақ, балабақшадағы тәрбиешілер өте тәжірибелі педагогтар, олар мектеп жасына дейінгі балаларды үнемі жаңа нәрселерге үйретеді, өздері әртүрлі мерекелерді ойлап табады, балалармен жұмысты қызықты формаларда жүргізеді.

М.Монтессори педагогикасында балалар өз ойын білдіру саласында барынша көп еркіндік алады, мектепке дайындық мерзімде жеңіл өтеді.
Ең бастысы, олар өздік түрде білім алады және олардың құмарлықтарын тоқтата алмайсың. Әрине, мұнда ең маңызды рөлді тәрбиешілер мен ата-аналар ойнайды, олар баланың ерекшілігін қабылдау үшін тілектестік атмосфера жасаулары қажет. Баланың ерекшілік қасиеттерін бастапқылыққа қойып нақты тұлғаны тәрбиелеуге болады

Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және тәрбиешінің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады.

М.Монтессори педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамытудың мақсаты − балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялдарын ұштау, тапқырлыққа жетелеу, қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде (көркем әдебиет, сауат ашу, сурет, қарапайым математика, музыка, дене шынықтыру және т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, «Жазда балабақша ауласында», «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер» және т.б. шығармашылық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі-түсті кәмпит, нан, тоқаш, құрт, ыдыс-аяқ, «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша − балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуді дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Кеңестік психология мен педагогика ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін тиімді шешу жолдарын бір жағынан, баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екіншіден, ағзаны жалпы қажытатын тыс міндеттер жүктеуді болдырмау үшін мектепке дейнгі шақтағы ақыл-ой дамуының мүмкіндіктері мен заңдылықтарын  зерттеумен  шұғылданады.

Монтессори әдісінің мәні − баланы өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамытуға бағытталған. Бұл педагогикалық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді. Тәрбие үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі – баланың рухани еркіндігіне құрметпен қарау. М.Монтессори үшін адамның рухани дамуы оның психикалық және физикалық дамуымен тығыз байланысты. Монтессори саналылық пен ойлаушылық қабілетінің дамуы үшін сезім мүшелері қабылдауының, қозғалыс дамуының маңыздылығын үнемі көрсетіп отырды.

Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл-ойының, сана-сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол.

Жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру − бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз

Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңды құбылыс

М.Монтессори технологиясы мектеп жасына дейінгі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді.

Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру – ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!