СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Макал, жаңылтпаштар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

балабақша тәрбиешілеріне және мұғалімдерге дайын картотека

Просмотр содержимого документа
«Макал, жаңылтпаштар жинағы»

  1. Балаға байқап сөйлесең,
    Ақылыңа көнер,
    Байқамай шайқап сөйлесең,
    Көрсетер бір «өнер».

  2. Алдыңғы көш қайдан жүрсе,
    Соңғы көш сонан жүрер.

  3. Қарағайға қарап тал өсер,
    Құрбысына қарап бала өсер.

  4. Су ішкен құдығыңа түкірме!

  5. Балапан ұяда не көрсе,
    Ұшқанда соны алады.

  6. Сабыр түбі сары алтын.

  7. Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
    Сыны кетпейді.

  8. Бала тәрбиесі бесіктен.

  9. Жүзден - жүйрік,
    Мыңнан - тұлпар.

  10. Ананың ізін қыз басар,

Атаның ізін ұл басар.

  1. Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

  1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

  2. Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.

  3. Ел іші - алтын бесік.

  4. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл

  5. Отан оттан да ыстық,
    жалыны бар шоқтан да ыстық.

  6. Отан отбасынан басталады.

  7. Отан қадіріне жетпеген
    өз қадіріне жетпейді.

  8. Отан елдің анасы,
    Ел ердің анасы.

  9. Жауда қалған бұлбұлдан
    Отанға қайтқан ит артық.

  10. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
    Адал адам Отанын сүйеді.

  11. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

  12. Опасызда oтан жоқ.

  13. Отан — отбасынан басталады.

  14. Жат жердің қаршығасынан,

Өз еліңнің қарғасы артық.

  1. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

  2. Өз елінің иті де қадірлі.

  3. Ер — елінде, гүл — жерінде.

  4. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
    Туған елдің түтіні де тәтті екен.

  5. Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.

  6. Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.

  7. Атамекен — анаң екен,
    Қысылғаңда панаң екен.

  8. Акқу көлін аңсайды,
    Адам туған жерін аңсайды.

  9. Акқу көлін аңсайды,
    Адам туған жерін аңсайды.

  10. Отан – оттан да ыстық

  11. Кісі елінде сұлтан болғанша, 
    Өз еліңде ұлтан бол.

  12. Өз елім, өлең төсегім.

  13. Өз елінде көртышқан да батыр.

  14. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

  1. Оқымаған бір бала,

Оқыса екі бала.

  1. Ұстаздан шәкірт озар.

  2. Алтын алма, білім ал.

  3. Ғылым - теңіз, білім - қайық.

  4. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

  5. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі

  6. Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар.

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар.

  1. Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Ілім - жанып тұрған шырақ.

  1. Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

  2. Жердің сәні - егін,

Ердің сәні - білім.

  1. Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

  2. Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Ілім - бұлақ

Білім - шырақ.

  1. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

  1. Білімнің басы - бейнет, соңы - зейнет.

  2. Сыртқы жаудан ішкі жау жаман.

  3. Айрылыссаң - азарсың, қосылсаң - озарсың.

  4. Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды.



  1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, 
    Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

  2. Алты бақан, ала ауыз.

  3. Әрне көрсең тірлікте, сыйласқан жақсы бірлікте.

  4. Байлық, байлық емес, бірлік байлық.

  5. Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді.

  6. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.

  7. Бірлік бар жерде - тірлік бар.

  8. Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ.

  9. Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

  10. Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады.

  11. Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
    Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

  12. Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

  13. Ми ойлағанды тіл тындырады.

  14. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

  15. Ұстаны соққан пышағынан таниды.

  16. Ата өнері - балаға мұра.

  17. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

  18. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

  19. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

  20. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

  21. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

  22. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 

  23. Тіл ақылдың - өлшемі.

  24. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

  25. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

  26. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

  27. Жолдастының жолы кең.

  28. Ынтымақты үйдің бағы бар,

ынтымақ кетті, бақ кетті.

  1. Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің.

  2. Жолдасың жаман болса,

Алыс жүріп түн қатпа.

Қатының жаман болса,

Кісі алдында тіл қатпа.

  1.  Көргенді кісі

 Көргенін айтар,

 Көргенсіз кісі

Бергенін айтар.

  1. Жаман қорыққанын сыйлайды.

  2. Жолдасы көптің – олжасы көп.

  3. Жолдасты жол айырады.

  4. Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

  1. Әңгіме жол қысқартады.

  2. Дос жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

  3. Шошқаға ерген – балшыққа аунар.

  4. Жолдасын тастаған – жолда қалар.

  5. Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.

  6. Ағаш тамырымен, 
    Адам досымен мықты.

  7. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

  8. Қарға қарғаның көзін шұқымас.

  9. Жапалақ мақтанса,

Жардан қоян алдым дер.

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан алдым дер.

  1. Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей, боз болмас.

  1. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

  1. Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

  2. Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

  3. Қаршығалыға қоян кездеспейді,

Жарақтыға жау жолықпайды.

  1. Құс баласы қырымға қарайды.

  2. Қаршыға ілген қазға сын.

  3. Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

  4. Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

  5. Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

  6. Ит тамағы үшін жүгіреді.

Құс тамағы үшін ұшады.

  1. Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

  2. Ағайынға қарап мал өсер,
    Қарағайға қарап тал өсер.

  3. Балуанның жаманы,

Жығылған соң қалтырар,

Күзетшінің жаманы

Алдырған соң талтаяр.

  1. Құс жаманы саңғығыш,

Адам жаманы қаңғығыш.

  1. Жаманға ошақтың үш бұты,

Үш айлық жол.

  1. Шөлдің қамысы болмайды.



Жаманның намысы болмайды.

  1. Жапа шегіп, жай жату

Жасықтықтың белгісі,

Ерте жатып, кеш тұру

Пасықтықтың белгісі.

  1. Күтімі жаман ағаштың

Бітімі жаман.

  1. Жаман өзен өткел бермес,

Жаман кісі көпке ермес.

  1. Бейілі жаман кісіден көшеді,

Өз асын өзі жасырып ішеді.

  1. Үндемес ауызда пәле бар,

Екі ұртында шала бар.

  1. Тақыр жерге су төксең,

Жүруге тайғақ болар;

  1. Жаманға сырыңды айтсаң,

Тар жерде айғақ болар.

Атың жаман болса,

Қарың кетер.

Балаң жаман болса.

Арың кетер.

  1. Жаманның ойыны жаман

Шошқаның мойыны жаман.

  1. Қайта жауған қар жаман,

Қайта шапқан жау жаман.

  1. Жаманның аттан құлағаны да жаман. Ағайындық-туыстық

  2. Ырыс қашса да, туыс қашпайды.

  3. Асу-асу белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін,
    Ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін.

  4. Ағайын тату болса ат көп болар,
    Абысын тату болса ас көп болар.

  5. Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

  6. Ағаның үйі - ақ жайлау.

  7. Ағайын тату болса ат көп,
    Абысын тату болса ас көп.

  8. Ағайынның азары болса да, безері болмас.

  9. Ағайын өкпеге қиса да, өлімге қимайды.

  10. Ағайын - ағайынның айнасы.

  11. Ағайының барда дұшпаным жоқ деме,
    Абысының барда күндесім жоқ деме.

  12. Алыста жүрсе, кісінескен ағайын,
    Жақында жүрсе, тістескен ағайын.

  13. Ағайынның сырты бүтін, іші түтін.

  14. Көсеу ұзын болса, қол күймес,
    Ағайынның алғанын, жақыны білмес жат білер.

  15. Малыңның жоқтығын ағайының білдіреді,
    Қадіріңнің жоқтығын қатының білдіреді. Ұстаны соққан пышағынан танисың.

  16. Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады.

  17. Өнерлінің өзегі талмас.

  18. Өтпес пышақ қол кесер.

  19. Еңбек ептілікті сүйеді.

  20. Алтынды ала білген бөле де біледі.

  21. Болат біз қап түбінде қалмас.

  22. Қалауын тапса, қар жанар.

  23. Шебердің қолы көпке ортақ.

  24. Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.

  25. Өнерліге есік ашық.

  26. Киім пішсең кең піш,

Тарылтуың оңай.

Темір кессең қысқа кес,

Ұзартуың оңай.

  1. Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

  2. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

  3. Қазаншының өз еркі

Қайдан құлақ шығарса.

  1. Өле жегенше, бөле же.

  2. Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.

  1. Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

  2. Қайнаған қара суда қасиет бар.

  3. Шыбын да балға қонады.

  4. Есек мінген ат сұрамайды,

Балық жеген ет сұрамайды.

  1. Асы жоқ алтын аяқтың,

Алтынын ал да отқа жақ.

  1. Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.

  2. Қарны ашқан қазанға қарар.

  3. Дастарханда наны жоқтың,

Тамағының сәні жоқ.

  1. Тоқ адамды ұйқы басады,

Аш адамнан ұйқы қашады.

  1. Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.

  2. Аштың ақылы астан әрі аспайды.

  3. Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.

170. Сыйласқанның суын іш.

171. Су жүрген жер береке, Ел жүрген жер мереке

172. Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу

173.Көптің қолы көкке жетеді

174. Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

175.Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

176. Адам бір-біріне қонақ













































  1. Ою ою ойым бар-ды,
    Ойналмастан ойын қалды.
    Орындалмай ойымдағы 
    Ойылмады ою-дағы.
    Орашолақ, олақпын ба,
    Оя алмадым оюларды?

  2. Асан бақша жақтан.

Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан.

Басқарақ асқабақ әкелді.

  1. Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

  1. доп теп
    дөптеп

  2. сұр інген сүрінген бе
    сүрінген сұр інген бе

  3. бұлаң бұлаң еткен бұл аң
    бұлаң десем екен қылаң

  4. Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көрікті кісі – зорықты,

Бөрікті кісі – қорықты.

  1. Тоқпақ жаттап,

Айтсақ жақсы-ақ.

Жатка тақпақ

Жатта тақ-тақ 

  1. Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!

  1. Кермеде тұр қырық

кір қыстырғыш,

Қырық кір қыстырғышқа

Қырық қыз келіп,

кір қыстырды.

  1. Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді,

Ауырға Арман бала да,

Арбамен тасып береді.

  1. Баланың жаман баға алмағаны,

Мұғалім ағаның жаман болмағаны.

  1. Қоғанбай қомағай ма?

Жоқ, ағай

Қоғанбай қомағай емес,

Зор ағай.

  1. Есім есі кетіп есінеп отыр екен.

Ол несіне.

Есі кетіп есінеп отыр екен.

  1. Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.

  1. Үйде неше шал отыр? 
    Көсе шал отыр. 
    Тақиясы шошайып 
    Шоқша сақалды шақша бас шал отыр. 

  2. Ізшілер іздесті, 
    Түз кезді, із кесті. 

  3. Ошақта от жоқ, 
    Шоқ тап, от жақ. 

  4. Даланы қар жабар, 
    Қарға балалар аққала қалар. 

  5. Дөң жатыр, 
    Дөнде тон-тоң көн, жатыр 

  6. Таяқ жон, 
    Жонсаң жөн жон. 

  7. Қанат қанағаттанарлық баға алды, 
    Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды. 

  8. Бірқатар қада қада, 
    Қадаларды қатар-қатар қада. 

  9. Екеуінін жасы шамалас, 
    Бірінің шашы - қарашаш, 
    Бірінің шашы - ақ шаш аралас. 

  10. Талғат балға тап, 
    Оншақты жаңғақ шақ, 
    Шақсаң, сақ шақ. 

  11. Түрің түрленіп, кідірмей оқы, 
    Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы. 

  12. Бұл, бұл - піл, 
    Бұл бір ірі піл. 

  13. Қыста құлағым үсіп кетті, 
    Үсіп, ісіп кетті. 

  14. Шешей отты көсеумен көседі 
    Көсеумен кесек-кесек тезек төседі. 

  15. Пышағы кесті, жайышты, 
    Шанышқысы шанышты. Доп теп, 
    Тек, 
    Дөптен кеп теп. 

  16. Киген тоны - 
    Онды тон, 
    Өнді тон. 

  17. Қызым жүзім же, 
    Жүзім үзіп же. 

  18. Тұз - мұздай, 
    Мұз - тұздай. 

  19. Бұл бір жылтыр шылбыр екен, 
    Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен. 

  20. Тері шалбар бар, 
    Тері шалбар киетін шалдар бар 

  21. Үйген жүгерілері, 
    Түгел ірі жүгері. 

  22. Тайғанақта қай тай тайды, 
    Тағалатпаған тай тайды. 

  23. Омартаға балалар барар, 
    Балаларды аралар талар. 

  24. Бар, май шайқа, 
    Байқа, жай шайқа. 

  25. Құрақ құрап көрпе көктеді, 
    Қырық құрақ көрпе көктеді. 

  26. Көктемде шөп өнер жер 
    Мал келер, мал ерер жер. 

  27. Шаншар шаршап жатыр, 
    Қайсар жайша жатыр. 

  28. Ерді ел елер, 
    Ер елге еркелер. 

  29. Шын еңбекшіл - өрмекші, 
    Өрмекші - шын өрнекші. Қанар қаптарды қаптап артар, 
    Шанақ арбаны аттар тартар. 

  30. Тары ақта, 
    Тары ақтап, 
    Қапқа қапта. 

  31. Көпке бекер өкпелеме, 
    Өкпе етпе, 
    Тектен - текке өкпелетпе. 

  32. Бір қыз кесте тікті, 
    Кестесін түсте тікті, 
    Кеште тікті. 

  33. Қайрат қайрақ қайрап отыр, 
    Дайрақпен балта қайрап отыр. 

  34. Қапыда ит қапты, 
    Қатты қапты, 
    Қапты қатты. 

  35. Тұрыс бұрышқа тұр, 
    Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр 

  36. Жапалақтап қаптап ақ қар жауды, 
    Алқапты аппақ ақ қар жапты. 

  37. Электр шамы жанады,

Этаждар жымың қағады.

Электр жарық бермесе,

Экран сөніп қалады.

  1. Алашаларды

Таба алса, алар.

Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

  1. Қапыда ит қапты,

Қатты қапты,

Қапты қатты.



  1. Пышағы кесті, жайышты,

Шанышқысы шанышты.

  1. Даланы қар жабар,

Қарға балалар аққала қалар.



  1. Хан баласы ханзада

Болды ғашық ханшаға.

Алып ханнан хабар,

Ханшайымды табар.



  1. Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.



  1. Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?



  1. Дөң жатыр,

Дөнде тон-тоң көн, жатыр



  1. Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.

Алты арқарда марқа арқар бар.



  1. Ескекті ескекші еседі,

Ескекші ескекті еседі.



  1. Әбдіреде әбігер әтеш отыр.

Әбігер әтеш отырған

Әбдірені әжем ашып жатыр.



  1. Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.



  1. Жаға жай,

Жағажайда – Қамажай.



  1. Инелік илеуде иленбейді.

Итбалық итмұрынды иіскемейді.



  1. Пай-пай-пай,

Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.



  1. Ащы жеген Тазша баланың аузы ашыды,

Тазша бала тұщы сумен -*аузын шайды.



  1. Съезд, разъезд, подъезд.

Подъезд, съезд, разъезд.

Жаттап ал тез.



  1. Ықылас пен Ыбырай

Ыдыстарын тасымай,

  1. Ырыскүлден үлгі алмай,

Ынтасыз жүр тілді алмай.



  1. Зура зурнада ойнайды,

Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,

Зара да, Зере де зурнада ойнайды.



  1. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?



  1. Іске тіл ілесе алады,

Тілге іс ілесе алмайды.



  1. Сұрап Мұрат

Коньки тап.

Байлап майлап,

Аттай шап.



  1. Ян-ян-ян

Жүгіріп жүр қоян.

Ян-ян-ян

Бұл қоян емес, шаян!



  1. Шын еңбекшіл - өрмекші,

Өрмекші - шын өрнекші.



  1. Класта ақ бор бар,

Көк бор бар,

Көп бор бар.



  1. Тақпақ жатта,

Жатқа жатта.



  1. Үйде неше шал отыр?

Көсе шал отыр.

Тақиясы шошайып

Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.



  1. Сатып алды чемпион чемодан.

Чемодан алған чемпион чек алған.



  1. Шынтемір

Шықпен шыланған шөпке

Шыңдалған шалғысын

шық еткізді.



  1. Ізшілер іздесті,

Түз кезді, із кесті.



  1. Ошақта от жоқ,

Шоқ тап, от жақ.



  1. Таяқ жон,

Жонсаң жөн жон.



  1. Қанат қанағаттанарлық баға алды,

Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды.



  1. Бірқатар қада қада,

Қадаларды қатар-қатар қада.



  1. Екеуінін жасы шамалас,

Бірінің шашы - қарашаш,

Бірінің шашы - ақ шаш аралас.



  1. Талғат балға тап,

Оншақты жаңғақ шақ,

Шақсаң, сақ шақ.



  1. Циркте ойнар аюды

Циркаш десем, күлесің.

"Ц” әрпінен басталған

Цемент сөзін білесің.



  1. Түрің түрленіп, кідірмей оқы,

Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.



  1. Бұл, бұл - піл,

Бұл бір ірі піл.



  1. Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.



  1. Шешей отты көсеумен көседі

Көсеумен кесек-кесек тезек төседі.



  1. Доп теп,

Тек,

Дөптен кеп теп.



  1. Киген тоны -

Онды тон,

Өнді тон.



  1. Қызым жүзім же,

Жүзім үзіп же.



  1. Тұз - мұздай,

Мұз - тұздай.



  1. Бұл бір жылтыр шылбыр екен,

Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.



  1. Тері шалбар бар,

Тері шалбар киетін шалдар бар



  1. Үйген жүгерілері,

Түгел ірі жүгері.



  1. Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.



  1. Бар, май шайқа,

Байқа, жай шайқа.



  1. Құрақ құрап көрпе көктеді,

Қырық құрақ көрпе көктеді.



  1. Көктемде шөп өнер жер

Мал келер, мал ерер жер.



  1. Шаншар шаршап жатыр,

Қайсар жайша жатыр.



  1. Ерді ел елер,

Ер елге еркелер.



  1. Тайғанақта қай тай тайды,

Тағалатпаған тай тайды.






Скачать

© 2017, 1314 1

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!