СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мақала : Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды!

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақала: Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды! Ақжайық журналына берілді.

Просмотр содержимого документа
«Мақала : Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды!»



Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!



«Жұқпалы аурулар» пәні оқытушысы:

Бисариева Макпал Саматовна.

7 мамыр Отан қорғаушылар күні. Бұл үлкен мереке. Отан қорғаушылар күні Отан үшін отқа да, суға да түскен ер азаматтарға арналған. Осы мерекеге орай жыл сайын еліміздің түкпір – түкпірінде түрлі іс –шаралар мен шерулер ұйымдастырылады.

Ата – бабамыздың бар асыл қазына мен байлығымызды, яғни тілімізді қастерлеп, жерімізді қорғап Отанды сүю арқылы келер ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Келешегінен мол үміт күттірер жас буынның ең бірінші міндеті өз Отанын сүю және өз ана тілін ардақтау тиіс болуы тиіс.

Сондықтан бұл күн – қайсар мінезді ата – бабамыздың жауынгершілік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.

Ер – елінің қорғаны демекші, ерлеріміз әрқашан аттың жалында, түйенің қылында жүріп, бізге бейбіт өмір арнатып берген. Елді қорғаған аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы атамыз « Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады». Отаншыл болу – бір біріңе бауырмал болу. Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін дейді дана халқымыз. .

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай.

Ынтымағы жарасқан, қайсар ұлдары бойға қайсарлық пен қайраттылықты дарытқан еліміздің болашағы жарқын болады деп сенеміз!

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымызды, бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған халқымызға қорған болған, Отан қорғаушыларымыздың айбыны арта берсін! Мереке құтты болсын, Отан қорғаушылар!

Отанымыз тыныш болғай! Еліміз аман, халқымыз бейбіт өмір сүргей! Ешқашан соғыс болмасын! Ұлы Отан соғысының тигізген зардабы қаншама! Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімдіктілерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн – Ұлы жеңіс күні.

Атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай , жауды қайсарлықпен жеңіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен халқы үшін үлкен қуаныш болған күн!

Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық! Оны Кеңес Одағының батыры атағын алған бес жүз қазақтың өшпес ерлігінен көруге болады.

« Ер есімі – ел есінде» демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізде нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігінің дәлел екені сөзсіз. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді.

Өскелең ұрпақтың бойында қайсарлық, Отанға деген сүйіспеншілік, елді, жерді қастерлеу қасиеттері қалыптасуы тиіс!

Келешек еліміздің дархан даласы кең аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

Бүгінде біздің міндетіміз болашағы жарқын ұрпақты елінің патриоттары болуға, Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

9 - мамыр Ұлы жеңіс күні үшін осы батырларымызға құрметпен бас иеміз!

03.05.2019 күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде Фармация – 11 тобы және топ кураторы М.С.Бисариеваның ұйымдастыруымен 9 – мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне орай «Ұлы жеңіс – жасасын!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына колледж бөлім меңгерушісі Г.А.Алибаева және оқытушылар қатысты. Тәрбие сағатында Ұлы отан соғысының басталуы, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерліктері, мәңгі тарихта қалған мәліметтер көрсетілді. Топ студенттері өлең шумақтарын айтып, жеңіс туралы ән шырқады. 1941 жылы 22- маусым күні әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыс қасіреті мәңгі тарихта қалды. Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды! Ұлы жеңіс – жасасын!





Қолданылған әдебиеттер: Мұқан Иманжанов «Солдат сыры», Ә. Нұршайықов «Әскери күнделік», Нағи Ілиясов «Жауынгер жолы».






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!