СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мақала "Рухани жаңғыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

рухани жаңғыру аясында жазылған мақала 

Просмотр содержимого документа
«Мақала "Рухани жаңғыру"»

Рухани жаңғыру аясында.«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек.Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы,»- деп өз заманының заңғар ойлы данышпаны Әл – фараби тегін айтқан ба?! Осыған орай ,жан болып жаралған әр адам тал бесіктен бастап тәрбие берудің басты құралы –тілі арқылы: ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ең бастысы ар айнасы – адалдыққа тәрбиеленеді. Елі сүйген, елін сүйген ер мінез Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың сарабдал саясатымен кәзіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамып ,әлемдегі барынша дамыған елу елдің қатарынан ойып тұрып орын алып,таяу жылдарда озық отыз елдің қатарына қосылу үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие ,сапалы білім беру міндетін біздің Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбие мен білім берудің жанаша жетілдірілген тиімді шығармашылық әдіс – тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттарын қарастыруда.Мен тәрбиеші қызметкері ретінде тәрбие мен білім беру ісінде баланың психо – физиологиялық даму дәрежесіне ,білім деңгейіне қарай ұйымдастыру ,ой ,дене еңбегіне белсенділігін арттыру , шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, адамгершілік, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әр баланың жан – жақты жетілеуіне баса көңіл бөлемін. Егемен елімізде соңғы жылдары үлкенді –кішіні білім мекемелерінде үш тұғырлы тіл саясаты салтанат құрып;балабақшадан бастап мемлекеттік тіл – қазақ тілі ,ұлтаралық орыс тілі және халықаралық қатынас тілі –ағылшын тілдері бойынша ертеңгіліктер,сахналық қойылымдар мен көріністер,шағын концерттік бағдарламаларға жас тәрбиеленушілердің қызығушылықпен қатысқандарын қуанышпен құптаймын.Әр топтағы бүлдіршіндер күнделікті орыс тілі және ағылшын тілінен арнайы дәріс алумен қатар ,сурет салу, шебер қолдар, ән,,би т.б тәлімді үйірмелерге қатысуына өз үлесімді қосамын.Әлемде ,елімізде болып жатқан жағымды жаңалықтарға бей-жай қарамай,әріптестеріме ,ата – аналарға жақсы істердің жаршысы болуға жаным құштар.Ел ертеңін айқындайтын үш тұғырлы тіл саясатымен қоса қазіргі таңдағы латын әліпбиіне көшу туралы халық пікірімен санасып, Елбасымыздың кезең – кезеңмен көшу туралы жарығын ұстаз – тәрбиеші ретінде қуана қостап, қолдаймын. Өйткені қазақ халқы тәуелсіздігін алған күннен бастап латын әрпіне көшу мәселесі күн тәртібінен түскен емес.Қазақ тілінің латын әрпіне көшуі-еліміздің ең бірінші ,ұлттық құндылығын арттырып ,сана –сезім,ой – өрісіміздің жаңғыруына ықпалы тиеді деп ойламын.