СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мақала"Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сіздерге көмектеседі деп ойлаймын.

Просмотр содержимого документа
«Мақала"Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы"»

Мақала

Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы

Әрбір адамның атадан балаға қалған бір мұрасы болады.Оны ерте кезден бастап қазіргі кезге дейін аманат деп атайды.Сол аманат деп біз ұлттық құндылықтарды да айта аламыз.Ғасырдан ғасырға жеткізетін-ұлтымыз,дініміз,салт-дәстүріміз,әдебиетіміз,өнеріміз жінеде рухани байлығымыз.Біздің тәуелсіздігімізді айқындап тұратын бірден бір нышан деп санауға болады.Отанның сүю,өз еліне деген махаббаттық сезімі осының барлығы болашақ ұрпақтың бойында ар мен намыс сезімдерін оята бастайды.Біздің ата-бабаларымыздың бойында осы қасиеттердің болу арқасында ғана ұлы даланың өздеріне қаратқан адамдардың бірі еді.Қазіргі кезде де ұлттық құндылықтарды бірінші орынға қоятын жандар бар.Бірақ неліткен ондай адамдар азайып барады?

Баланың тәлім-тәрбиесіне қатты назарда ұстаған.Он төртте отау иесі деп айтады.Кішкентай кезінен бастап бала аттың құлағында ойнап,әкелерінің жанында серік болғаның аңғара аламыз.Ал қазір?Ия,әрине ондай балалар бар,бірақ өте сирек екенің аңғаруға болады.Қазіргі кезде материалды құндылықтар ұлттық құндылықтарға қарағанда көбірек бағаланалды.Барлығы бір-бірімен менде мынау,ал менде мынау деп сөзбен таластырып тұрады.Ал адамгершілдік,ұлтшылдық,қонақжайлылық,өз елі үшін жаның пида етуге дайын азаматтарымыз өте аз.Көбі жеңіл ақшанның артынана қуып әлеуметтік желілерге видеолар түсіруде.Олардың ішінде ұлыда,қызыда бар.Өте көптеген«гиф»-тарды ұйымдастырып,ар мен намысты ақшадан жоғары қоятын адамдарда жетерлік.Бұл мені шыныменде қатты қынжылтады.Әлеуметтік желіледі аша қалсақ жан түршігерлік жағдайға жетесін.Қызды қырық үйден тию керек деп бекер айтпаған.Ұлың-батырға ұқсатып,қызың-арымен,ақылдықпен тәрбиелеген.Осы себептен ұлдарымыз жау шапқанда қолдарына қаруды нық ұстап шыға алатын,ал қыздарымызды ары мен ұят қасиетерін бойларына сіңірген.Жақсы тәрбиенің арқасында өнегелі ұрпақ пен құндылықтар қалыптаса бастаған.Осыдан ұрпағымыз ұлтжанды,өз елінің қамын ойлайтын,қыздарымыз аққудай үзілген,сыпайыда сыйлы болған,ана тілі мен салт-дәстүрлерін берік ұстанып жүрген бірден бір халықтардың бірі еді.Осы себепті қазақ халқының қаны таза қанды адамдар деп айтып кеткен.Халық басына күн түскен уақытта,бір ауылда тек 40 шақты қыз қалыпты.Сол кезде жоңғарлар келіп сол қыздарды өздерімен алып кеткілері келіп,аулдың барлығын тас-талқанын шығарып,әжелерді өлтіріп кетеді екен.Сол кезде сол қырық қыздың ішінде бір қыз шығып біз сендер мен барамыз тек осы қыстақ пен қоштаспай тұрып өзең жағасында жүріп қайтқымыз келіп тұр деп айтады.Жоғарлар келісіп,қыздарды өзең жағасына жібереді.Ал қыздар болса,сол кезде бір-бірінің қолдарынан ұстап өзеңге батып кетеді екен.Осыдан олардың намыс пен арды бірінші орынға қоятының көреміз. Тіптен ашаршылық,басымызға қиын қыстау түскен уақыттар,ашаршылық кездеріндеде намыстарын бірінші орынға қойып,арын сатқанша өлімді артық көрген.Ал қазір болса осы құндылықтарды ұмытып барады.Мысалы:жезөкшелік.Олар намыс пен арларын аяққа таптап,ақша үшін бәріне дайын адамдар.Міне қазіргі және ата-бабамыздың кезіндегі құндылықтар осы.Бірақ бұл тек басы.Осы үшінде Қазақстан республикасының елбасысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өте көптеген жобаларды қолға алған болатын.Олардың бірі: Рухани жаңғыру.Осы жобаның пайдалары өте көп.Мысалы: Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа биім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек. Сырттан келетін, елді әлсірететін, ең соңында елді тәуелсіздіктен айыратын нәрселерге тарихтағы қазақ жастарының рухани деңгейімен қарсы тұруы, ауызбіршіліктің, білімі арқылы саясаты мен тәжірибесі күшті жаумен иығын теңестіре білуінде. Бұл жаста болса қазақтың ұл, қыздарының заманынан қалмай болашақты зерделеп, ұлттық мүдде деңгейінде ойланған деңдеңгейін көрсетеді-деп жазады Үмбетхан Қуандықұлы Сәрсембин.Мен бұл Үмбетхан ағамыздың ойымен келісемін.Бір сөздермен айтқанда біз қай ғасырда өмір сүрсекте,не істеп жатсақта ең алдымен ар мен намысты,ата-бабаларымызды,ұлтымызды ұмытпай санамызда болғаны дұрыс. Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті ұрпақ тәрбиеленуі еш күмән тудырмайды.Былай айтқанда бәрі сол тәрбиеге келіп тіреледі. М.Жұмабаев тәрбиенің мақсатын: «Тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол адамның, ұлттың, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі — әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі — әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару»-деп айтқан екен.Яғни ең алдымен адам ұлтты немесе халықты дұрыстап емес,адам ең алдымен өзін-өзі дұрыстап қолға алған жөн.Ең алдыме өзінді одан кейін сенқоршаған адамдарды өзгертсен ғана,басқа адамдарда сендерде тәлім-тәрбие алады деп айтқысы келген болатын.

Осындай ойларды қорытындылай келе,мынандай шешеімге келуге болады.Ең алдымен қажет бұл бізге тәрбие.Осы тәрбиенің арқасында ғана адам ұлтжанды,сыпайы да инабатты болады.Одан кейін ғана біз ұлт ,халық ретінде қалыптаса бастаймыз.Біз егер ұлт ретінде ғана қалыптасқанда ғана біздің өз салт-дәстүріміз,тіліміз бен дініміз,ұлтшылдығымызбен,ауызбіршілік қасиеттері пайда бола бастайды.Былай айтқанда өмірге адам туыы оңай,бірақұ адам болып қалыптасы қиын.Егер аталарымыздан қалған кітаптарымызды,тарихымызды өз игілімізге пайдаланған жөн деп санаймын.