СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до 07.06.2025
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Сабақтың мақсаты:Макарон өнімнің түрлері және тарихы
Хайруллина Рима Бериковна
Макарон өнiмдерiнiң тағамдық құндылығы жоғары. Олардың құрамына белоктар (9 – 11,8%), көмiрсулар (70 – 75%), майлар (0,9 – 2,7), клетчатка, миниралды заттар кiредi.100 г. өнiмнiң энергетикалық құндылығы 330 – 340 ккал тең.
Макарон өнiмдерi жоғары құндылығымен, жақсы сiңiмдiлiгiмен, одан тағамдарды тез және жеңiл дайындаумен сипатталады. Макарон өнiмiнiң құрамына (% есебiмен): сiңiмдi көмiрсулар – 70 - 79%, белоктар 9 - 13%, майлар 1,0%, миниралды заттар 0,5 – 0,9%, клетчатка 0,1 – 0,6%, ылғал 13% дейiн бар.
Макарон өнімдерінің ассортименті 130 астам аттан тұрады. Ұн сапасы мен сортына байланысты А, Б, В топтарына және 1, 2, класска бөлінеді.
А -қатты бидайдан, Б - шынылы жұмсақ бидайдан, В - наубайханалық бидай ұнынан,
1 класс - жоғары сорт, 2 класс -1 сорт дегенді білдіреді.
Макарон өнімдерін олардың пішіндеріне байланысты 4 типке бөледі:
түтікше, жіп тәрізді, таспа тәрізді және әр түрлі пішінді.
Сонымен бірге әрбір типтегі бұйымдарды ұзындығы , ені немесе диаметрі және басқа көрсеткіштері бойынша көптеген түрлерге жіктейді
Макарон - қабырғасы қалыңдығы 1,5 мм аспайтын тура кесілген түтікшелер. ¥зындығы бойынша олар қысқа (15-20 см) және ұзын (20 см жоғары) болады. Сыртқы диаметрі бойынша: соломка (4 мм аспайды), ерекше (4,1-ден 5,5 мм дейін) дейін және кәдімгі (5,6-дан 7 дейін ) және әуесқойлық (7 мм жоғары) түрлеріне бөлінеді.
Қысқа-түтікшелер сыртқы пішіні 1,5 - тен 4 см дейін ұзындықтағы қисық немесе тура түтікшелер. Олардың келесідей түрлері бар: түтікше, ерекше, жиырылған ерекше, көп қырлы жай және т.б.
Қанатшалар - көлденең қималы түтікшелер, олардың ұзындығы 3-тен 10 см дейін.
Жіп тәрізді бұйымдарға вермишель жатады. Олар қысқа (ұзындығы 1,5 см аспайды) және ұзын (20 см-ден аз) болады. Диаметрі бойынша вермишельдің келесі түрлері болады: Өрмекші (0,8 мм), жіңішке (1,2 мм) , кәдімгі (1,5 мм) және әуесқойлық (3 мм аспайды)
Таспа тәрізді бұйымдарға кеспелер жатады . Өлшемі мен пішініне байланысты олар әр түрлі болады: тегіс немесе бұдырлы , шеті тегіс, иірілген, ара тәрізді. Ұзындығы бойынша кеспе ұзын (20см ден кем емес) , қысқа (2см ден кем емес). Кеспенің ені 3 мм аз болмайды, қалыңдығы 2 мм аспайды.
Түтікше - макаронды, вермишельді және кеспелі оралған түрде және орамаланған түрінде шығарады. Олардың массасы мен өлшемі шектелмейді.
Сақтау жолдары:
Макарон өнімдерін картон қораптарға, целлофан және полиэтилен қапшықтарға массасы 250-ден 1000 г-ға дейін өлшеп, қаптайды. Бұл процесс автоматты немесе жартылай автоматты жабдықтардың көмегімен орындалады. Осы буып-түйілген дайын өнімдер сақтау қоймасына жөнелтіледі.
Макарон бұйымдарын құрғақ , таза бөлмелерде 180С аспайтын температурада (температура ауытқуы болмауы керек), 60-70% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау ұзақтығы: қоспасыз макарон бұйымдары 1 жылға дейін; томат қосылған макарон бұйымдары 3 ай; сүт өнімдері және жұмыртка косылған макарон бұйымдары 5 ай.
Сапасына қойылатын талаптар:
Макарон бұйымдарынын түсі біртекті ұн сортына сәйкес ашық қоңыр, немесе сарғыш реңді немесе қосылған қоспаға байланысты басқа ренді болу керек.
Беті тегіс болу керек, сәл бұдырлық рұқсат етіледі. Бұйымдар сынуында шынылы болу керек. Бұйым пішіні дұрыс, әрбір түріне сәйкес болу керек.
Дәмі мен иісі макарон бұйымдарына тән болу керек. Көгерген иіс және бөтен иістер мен дәм болмау керек. Дайын болғанша пісірген кезде формасын жоғалтпау керек , жабысып, түйіршіктеніп қалмау керек.
Макарон өнімдерін пісіру жолдары.
Әр түрлі тағамдарға бірге қосып пісіру.
Назарларыңызға рахмет!
© 2018, Хайруллина Рима Бериковна 5465 39