«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» ММ.
Тақырыбы:
«Махамбет – асқақ рухты ақын».
Қазақ тілі мен әдебиеті.
9-сынып.
Мұғалім: Мусина Г.А.
Түсінік хат.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қабілетті білім негізін қалыптастыру. Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті мемлекет дамуына жауапкершілік жүгінің салмағын сезінетін нарық жағдайында сынаққа төтеп беретін, коммуникативті, функционалды шәкірт дайындау. Қазіргі заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс.
Қазіргі педагогикалық технология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымда жақтарын таңдап алуды қажет етіп отыр, сондықтан үнемі жетілдіру, дамыту, толықтыру сабақ сапасын арттырады, оқушыны да, ұстазды да шығармашылыққа жетелейді.
Жеке тұлғаның танымдық қабілетін, танымдылық үдерістерді (есту, көру, жазу) дамытуға бағытталған, нақты жүйелілігі бар технология –
М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы». Бұл технология баланы өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қарайды, оқушы ғылыми көздерді, оқулықтарды пайдаланады,оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қаралып отырған мәселеге өзіндік көзқарасын, пікірін айтуға, оны дәлелдеуге ұмтылдырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.
Сабақта электронды оқулықты қолдануға Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы қолайлы. Сондай-ақ бұл технологияны әдебиет сабағында пайдалану өте тиімді. Себебі Модульдің кіріспе және қорытынды бөлімінде оқушылар әлектронды оқулықпен, яғни компьютермен жұмыс істейді. Атап айтқанда, бірінші сабақта оқушы берілген мәтінді оқып, бейнефильмді көрсе, соңғы қорытынды сабақтарда аяқтап жатқан модуль бойынша тапсырмалар мен тест жұмыстарын орындайдыжәне өз қателерін тексеріп, қорытынды шығара алады.
9-сыныпта берілге Махамбет Өтемісұлына арналған сабақты модуль түрінде құрдым және электронды оқулықты пайдаландым.
Модуль №1.
Махамбет – асқақ рухты ақын.
| Бөлімі. | Сабақ саны. | Сабақтың мазмұны. | Уақыт |
| Кіріспе. | 1-сабақ. | 1. Кіріспе. 2. ХІХ ғасырдың басындағы әдебиет, өкілдері. 3. Махамбеттің өмірі. 4. Шығармашылығы. 5. Дәптермен жұмыс. | 5-мин. 10-мин 10-мин 10-мин 10-мин |
| Сөйлеу | 2-сабақ. | «Өрмекші» оқыта үйрету ойыны. | 45-мин |
| 3-сабақ. | «Бетпе-бет» оқыта үйрету ойыны. | 45-мин |
| 4-сабақ | «ХХІ ғасыр Махамбеті» оқыта үйрету-зияткерлік ойыны. | 45-мин |
|
Қорыт. | 5-сабақ. | Тест. | 45-мин |
| 6-сабақ. | Сынақ | 45-мин |
Мақсаты:
Махамбеттің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдерінің тақырыптарын ашу, талдау, өлеңдерінің құрылысы мен тіліне көбірек тоқталу. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, жүйелі. әдибе сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Отанын, елін, халқын сүюге тәрбиелеу. Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту.
Модуль №1.
1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Бірінші жартысындағы әдебиет.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Б: Махамбеттің өмірі және шығармашылығымен
таныстыру. Өлеңдерінің тақырыптарын ашу,
талдау.
Д: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Т: Отанын, елін, халқын сүюге тәрбиелеу. Оқушылар
бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі: лекция.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сөздер, электронды оқулық, кітаптар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, жаңа сабаққа әзірлеймін.
2. Жаңа материалды меңгеруге дайындық кезеңі: Модуль сызбасын тақтаға іліп, сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырамын.
Сабақтың тақырыбы: «ХХ ғ. І ж. әдебиет. Махамбет Өтемісұлы». Сабақтың мақсаты: «Махамбеттің өмірі және шығармашылығымен танысу, Өлеңдерінің тақырыбы мен тілін талдау».
Ең алдымен модульді бастамас бұрын кіріспе ретінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жерінде болған тарихи әлеуметтік жағдайлар туралы айта кетемін.
3. Жаңа білімді меңгеру кезеңі:
Электронды оқулықты ашып, оқушылар мәтінмен танысады. Махамбеттің өмірі, оны қоршаған қоғам, шығармашылығы, шығармаларының тақырыптары, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі т.б. керекті мағлұмат алады. Өлеңдерінен берілген үзінділермен танысады.
4 Жаңа материалды ұғыну кезеңі:
Осы тақырыпқа арналған бейнефильмді қарап, өз ойларын білдіреді. Бір-бірімен пікір алысады.
5. Сабақты қорытындалау кезеңі:
Дәптермен жұмыс. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша қысқаша дәптерге конспекті жазу.
Уақыт қалса махамбет өлеңдерінің тілі мен құрылысына талдау жасау.
6. Үйге тапсырма:
Махамбеттің өмірі мен шығармашылығын оқу, Өлеңдерінен үзінді жаттау.
2-сабақ.
«Өрмекші» оқыта үйрету ойыны.
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Бірінші жартысындағы әдебиет.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Б. Модульде берілген Махамбет тақырыбын оқыту
ойыны арқылы өткізіп, оқушылардың білімдерін одан
әрі тереңдету.
Д: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Т: Бірінің жауабын екіншісі иемденбеуге, бір-бірінің
пікірін тыңдай білуге, шыншыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы. «Өрмекші» оқыта үйрету ойыны.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сөздер, үлестірмелі кеспелер, кітаптар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сабаққа әзірлеймін. Сыныптағы оқушыларды үш-үштен топтарға бөлемін.
2. Өткен материалды бекіту: Әр топтағы оқушы 1,2,3 деген белгілерді омырауларына тағады. Алдымен отырға столдан 3 деңгейдегі сұраққа дайындалып, үлгіргенінше жауап жазып қалдырады. 1-ші столдың тапсырмасын орындап болған соң, келесі столға барып, келесі сұрақтарға жоғарғыдай жазып қалдырады. Осылай сабақ барысында 4 үстелды айналып сұрақтарға жауап береді.
Әр столдағы тапсырманы орындауға 10 минут беріледі.
1-үстелдағы №1 оқушының деңгейлік тапсырмасы::
І деңгей:
1. Махамбет өмірініңі негізгі кезеңдерін айтып бер.
ІІ деңгей:
2 Жырларында Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінген?
ІІІ деңгей:
3. Күлтегін және Махамбет. (үндестіктерін дәлелдеу)
№2 оқушының деңгейлік тапсырмасы::
І деңгей:
1. Ақын жырындағы Исатай бейнесі..
ІІ деңгей:
2 Махамбет көтерілістің мақсатын қандай өлеңдерінде және қалай айтып берген?
ІІІ деңгей:
3. Махамбет жырлары және жастар тәрбиесі. (үндестіктерін дәлелдеу)
№3 оқушының деңгейлік тапсырмасы::
І деңгей:
1. Махамбеттің Исатай туралы өлеңдерінен көз алдыңа қандай адам елестейді?.
ІІ деңгей:
2 Махамбет толғауларындағы жыраулық үлгі.
ІІІ деңгей:
3. Махамбет және Қайрат Рысқұлбеков. (үндестіктерін дәлелдеу)
Т.с.с. тапсырмалар
3 Сабақты қорытындылау, бағалау:
Соңында жазылған парақшаларды жинап алып, мұғалім тексеріп бағалайды.Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған оқушыға ынталандыру сыйлығын тапсыруға болады.
4. Ү йге тапсырма:
Ақын шығармашылығы бойынша ой толғау жазу, келесі сабаққа осы тақырып байынша жақсы, өзекті тақырыптар дайындап әкелу.
3-сабақ.
«Бетпе-бет» оқыта үйрету ойыны.
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Бірінші жартысындағы әдебиет.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:Б: Модульде берілген Махамбет тақырыбын оқыту
ойыны арқылы өткізіп, оқушылардың білімдерін одан әрі
тереңдету.
Д: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Т: Бір-бірін сыйлауға, қисынды сұрақтар қоя білуге,
үлкендердің ақылымен санаса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы. «Бетпе-бет» оқыта үйрету ойыны.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сөздер, кітаптар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сабаққа әзірлеймін. Сыныптағы оқушыларды үш топтарға бөлеміз.
2. Өткен материалды бекіту:
1 оқушыны жүргізуші етіп сайлап, 3 оқушыны 3топтан «Бетпе-бет» студиясына қонаққа шақырамыз. 3 топтың оқушыларына өзге топтан келген алма кезек сұрақтар қояды. Ал жауаптарын жүргізуші бағалап отырады. Сұрақты оқушылар осы модульда өткен материал бойынша үйден дайындап келеді.
3 Сабақты қорытындылау, бағалау:
Ойын соңында жинаған ұпайы бойынша ойын жеңімпазы және ең жақсы сұрақ қойған оқушылар анықталып бағаланады.
4. Ү йге тапсырма:
Махамбет жырлары Егеменді елімнің болашағында. (жоба, болжам жасау, оны қорғау. (жазбаша түрде))
4-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр Махамбеті.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың біртуар ұлы Махамбет бабамыз туралы мол мағлұматпен таныстыру. Махамбет ерлігімен жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және оқушыларды білімділікке, жылдамдыққа баулу.
Сабақтың барысы: Арғымақ аттың баласы
Аз оттар да, көп жусар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да, көп жусар- деп ерлік пен елдікті, қайсарлық пен батырлықты жырлап өткен батыр атындағы танымдық ойынымызды бастаймыз.
Ойынға қатысуға 4 оқушы шақырылады, 3 қазылар алқасы тағайындалады.
Махамбет 1836-1837жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшысы, ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, қылыш сермеген батыр, дауылпаз ақын.
Сонымен, сайыстың 1-кезеңі – «Бәйге».
Барлығы 15 сұрақ, дұрыс жауапқа 10 ұпай, кім бірінші қол көтерсе сол жауап береді.
«Бәйге»
Махамбеттің Исатайға арнаған мінездемелі өлеңі (Тарланым)
Махамбеттің әкесі (Өтеміс!
Махамбеттің басты арман-мұраты (теңдік, тәуелсіздік алу)
Махамбет неше ағайынды? (10)
Махамбеттің ұраны (Ағатай-Беріш)
Махамбет бойындағы саятшылық қасиет (мергендік)
Н.Әбуталиевтің Махамбет өмірінен жазған кітабы (Өттің дүние)
«Исатай- Махамбет» дастанының авторы (Ы.Шөреков)
Махамбеттің мүсінін жасаған антрополог ғалым (Н.Шаяхметов)
Махамбетке жау хан (Жәңгір)
«Әй, Махамбет, жолдасым» өлеңінің авторы (Махамбет)
«Шашақты найза, шалқар күй» жинағын құрастырушы (Қаршыға Ахмедияров)
Алаша руының қарт батыры, Махамбеттің досы (Сатыбалды)
Махамбеттің бес қарудың біріне арнаған күйі (Жұмыр қылыш)
Махамбет мүрдесін ұайта жерлеу қашан болды? (1983 15-мамыр)
2-кезең: «Тіл өнері»
Әр аудармаға 10 ұпай.
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза ... алмай (қол, рука, hand)
Білтеліге ... салмай,
Қорамсаққа қол салмай. (доп, мяч,ball)
Шабушы еді безектеп,
Жақсыменен ... болсаң. (дос, друг,friend)
Қоғалы көлдер, қом ...
Кімдерге қоныс болмаған. (су , вода,water)
3-кезең: «Жеті жұмбақ»
| 20 | 20 | 20 | | 30 | 30 | 30 | | 40 | 40 | 40 | Арнайы сұрақ | Әдебиет | География |
| Биология | Тарих | Әдебиет |
| әдебиет | математика | әдебиет |
1. (20) арнайы сұрақ:
«Исатай- Махамбет» дастанын жазған ақын (Ы.Шөреков)
2. (20) әдебиет
Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде,
Ағатай-Беріш ұраным» - қай өлеңнен үзінді? (Соғыс)
3. (20) география
Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі Қазақстанның қай аймағында болды? (батыс)
1.(30) биология.
Махамбеттің жалғыздығына куә болған құс. (Қызғыш)
2.(30) тарих.
Махамбет –Исатай бастаған көтерілістің сипаты (шаруалар көтерілісі)
3. (30) әдебиет.
Махамбет өмірінің негізгі кезеңдері (тууы, ордада болуы, оқуға кету, түрмеге отыру, көтеріліс)
(40) әдебиет
Махамбет жырларындағы Исатай бейнесі (Тарланым)
(40) математика
Махамбет қай жылы, неше жасында қайтыс болды? (1946ж, 43 жас)
(40)
Махамбеттің көтеріліс жасаған жері мен жылы (1836-38, Бөкей ордасы)
4-кезең: «Егер де мен Махамбет болсам...»
Әр оқушы өз қиялдары мен армандарынан жазады.
Қазылар алқасы 50 ұпайға дейінбағаланады.
5-кезең: «Жорға».
1-ойыншы:
Махамбет қай жылы дүниеге келді? (1803)
Махамбет қай жерде дүниеге келді? (Бекетай құмы)
Ақтабан кімнің тұлпары? (Исатай)
Махамбет жауласқан хан (Жәңгір)
Махамбеттің ұраны (Ағатай-Беріш)
Хан жасағымен Исатай сарбаздары соғысқан жер (Қиялы мола)
Көтеріліс қанша айға созылды? (18)
Махамбеттің соңғы әйелі (Әуес)
Т.Әлімқұловтың Махамбет турасында жазған әңгімесі (Қараой)
Нұрғисаның Махамбетке арнаған туындысы (Махамбет поэмасы)
2-ойыншы:
Махамбет дүниеден өткен жыл (1803ж)
Махамбет дүниеден өткен жер (Қараой)
Истайдың тұлпары (Ақтабан)
Жәңгірдің әкесі (Бөкей хан)
«Ағатай-Беріш» кімнің ұраны (Махамбет)
Исатайдың әкесі (Тайман)
Өтемістің неше баласы болған (10)
Махамбеттің Алаша руынан алған әйелі (Типан)
Махамбеттің руы (Құлмәлі Беріш)
Ә.Әлімжановтың Махамбет туралы жазған шығармасы. (Махамбеттің жебесі)
Қорыту: Әділқазылар алқасы ұпай сандарын санап, жеңімпазды анықтайды. Ол «ХХІ ғасыр Махамбеті» деген мақтау қағазымен марапатталады.
5-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Бірінші жартысындағы әдебиет.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Б: Модульде берілген Махамбет тақырыбын талдау,
алған білімдерін тексеру, қосымша мәліметтермен
толықтыру.
Д: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, алған
теориялық білімдерін тексеру.
Т: Оқушыларды ұлтдандылыққа, елжандылыққа
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тест.
Сабақтың әдісі:Өздік жұмыс..
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сөздер, кітаптар, үлестірмелі кеспелер
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сабаққа әзірлеймін.
2. Оқушыларды нәтижелі өздік жұмысына дайындық кезеңі:
Оқушылар кітап, дәптер т.б. артық заттарын салып, өздік жұмысына әзірленеді.
3. Білімді жан-жақты тексеру кезені:
Тест сұрақтарының үлгісі.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша тест сауалдары.
Махамбет ақынның әкесінің аты.
А) Зұлқарнайын.
Ә) Жәңгір
Б) Өтеміс.
В) Исатай.
Г) Бекмағамбет.
2. Махамбет өліміне себепші болған опасыз жан.
А) Ықылас
Ә) Жәңгір хан
Б) Баймағанбет.
В) Қарауылқожа.
Г) Арыстан Жанторин.
3. Жаманды байқап қарасаң,
Күндердің күні болғанда
Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз.
А) Жақсыдан шарапат.
Ә) Адамгершілік.
Б) Батырға тән мінез.
В) Жастарға өнеге іс.
Г) Жаманнан кесапат.
4. Махамбет поэзиясын «Ереуіл толғаулары» деп бағалаған зерттеушіні табыңыз.
А) Б. Майлин.
Ә) Ә. Марғұлан.
Б) І. Жансүгіров.
В) С, Мұқанов.
Г) М. Әуезов.
5. Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Үзінді Махамбеттең қай өлеңінен алынған?
А)Мінкен ер
Ә)Бағаналы терек
Б)Ұлы арман
В)Жалғыздық
Г)Нарын
6.Махамбет ақынның 200жылдық мерейтойы қай жылы өтті?
А)2000
Ә)2002
Б)2003
В)2001
Г)2004
7.Мына өлеңдерінің қайсысы философиялық лирикага жатады?
А) Ереуіл атқа ер салмай,
Ә) Арғымақтың баласы.
Б) Қызғыш құс.
В) Арыстан одан кім өткен?!
Г) Мұңайма.
4 Сабақты қорытындылау, бағалау:
5. Ү йге тапсырма:
Осы модуль бойынша қорытынды сынаққа дайындалып келу
6-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Бірінші жартысындағы әдебиет.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:Б: Модульде берілген Махамбет тақырыбын талдау,
алған білімдерін тексеру, қосымша мәліметтермен
толықтыру.
Д: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, алған
теориялық білімдерін тексеру.
Т: Оқушыларды ұлтдандылыққа, елжандылыққа
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сынақ.
Сабақтың әдісі:Өздік жұмыс..
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сөздер, кітаптар, үлестірмелі кеспелер
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сабаққа әзірлеймін.
2. Оқушыларды нәтижелі өздік жұмысына дайындық кезеңі:
Оқушылар кітап, дәптер т.б. артық заттарын салып, өздік жұмысына әзірленеді.
Білімді жан-жақты тексеру кезені:
Оқушылардан сынақ алу баллдық жүйемен жүргізіледі, Әр оқушыға күрделілігі әр деңгейдегі 3 тапсырмадан беріледі.
І деңгей – күрделі, яғни «5» деген бағаға, ІІ деңгей – орташа күрделі «4» деген бағаға, ІІІ деңгей – оңайлатылғані «3» деген бағаға. Әр оқушы өз мүмкіндігінше өзіне деңгейлік тапсырма таңдап алады.
Егер орташа күрделі деңгейдегі тапсырмаға өте жақсы жауап берсе де, бәрібір «4» деген баға қойылады.
І деңгей:
1.Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі мен жанры.
2. Ақынның өз бейнесін жасаудағы шеберлігін көрсет.
3. Махамбет туралы айтқан ғалымдардың пікірі.
ІІ деңгей:
1. Махамбет жырларындағы гуманизм, адамгершілік жырлары.
2 Тарихи Исатай мен ақын жырлаған Исатайдағы үндестік.
3. Махамбеттің ханмен араз болудағы себеп.
ІІІ деңгей:
1. Махамбет өміріндегі елеулі оқиғалар.
2. Көтеріліс қай жылы болды, және оның шығу себебі?
3. Махамбет қандай әулеттен шықты, отбасы туралы әңгімелеп бер.
4 Сабақты қорытындылау, бағалау:
5. Ү йге тапсырма:
Осы модуль бойынша реферат, ғылыми сипаттағы шағын мақала жазу, ақын бейнесінің моделін жасау.
Модуль №1
9-сынып. Әдебиет.
Бағалау парағы.
| № |
Баға. Оқушылар- дың аты-жөні |
2-сабақ |
3-сабақ |
4-сабақ |
5-сабақ |
6-сабақ |
Қорытын-ды баға. |
| Тест | Сынақ |
| 1. | | | | | | | |
| 2. | | | | | | | |
| 3. | | | | | | | |
| 4. | | | | | | | |
| 5. | | | | | | | |
| 6. | | | | | | | |
| 7. | | | | | | | |
| 8 | | | | | | | |
| 9 | | | | | | | |
| 10 | | | | | | | |
| 11 | | | | | | | |
| 12 | | | | | | | |
| 13 | | | | | | | |